Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау



Дата27.12.2016
өлшемі214,55 Kb.
#5434
түріСабақ
Еңбекке баулу 1сынып

51-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау

Сабақтың мақсаты: түсті қағаздан ұлттық бас киім – сәукеленің үлгісін қиып алуды үйрету және оның үкісін,маңдайшасын қиып,желімдеу әдісін меңгерту.

Сабақтың жабдықтары: түрлі түсті қағаз.қайшы,желім,үлгілер.
Сабақтың барысы :

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бас киімдер ұлттық киімдердің ерекше бір бөлігі болып саналады.Әйелдерге арналған бас киім үлгілері өте көп.Олар-сәукеле,касаба,тақия, бөрік кимешек.Қазақ халқы бас киімдері де әсемдеуге ерекшекөңіл бөлген.Олар бас киімді қасиетті деп санаған.Бас киімді айырбастамаған және аяқтарын тибізбеген.Сәукелені ұзатылатын қыздар киген.Сәукеле конус тәрізді пішінде болып келді.Сәукеле төбесі,тәж,құлақбау сияқты бөліктерден тұрады.

Ол өте ерекше сәнмен жасалған.Қыздардың бас киімнің төбесіне үкі қадалады.Сәукеле-көркем кестеленіп,асыл тастармен,құндыз,камшат терілерімен көмкеріліп,ұзату тойға арналып тігілген бас киім .Сәукеленің биіктігі 50-70 см-ге дейін болады.Ертеде бағасы 100 жылқы тұратын сәукелелер де болған.Сәукелені жас келін мереке,жиындарда бір жылға дейін кие алған.

Бүгінгі сабақта сәукеленің қарапайым түрән жасаймыз.

Практикалық жұмыс.

Жұмыс кезеңін анықтау. Сәукелені жасаудың техналогиялақ картасын тақтаға ілп, жұмыс әрекетін түсіндіру.Бұйымды өз бетімен сәндеу жөнінде шығармашылық тапсырма беру.Сәукелені жасау реті:



  1. Сәукеленің негізгі бөлігі үшін қызыл түсті қағазды таңдап ал.

  2. Осы қағазға сәукеленің үлгісін сыз және қи.

  3. Ақ түстің қағаздан жиеігн қиып ал.

  4. Оған желім жағып,сәукеленің төмен жағына жапсыр.

  5. Сәукеленің негізгі бөлігінің екі шетін біріктіріп желімде.

  6. Ақ түсті қағаздан үкіге лайықтап, қағаз қиып ал. Оны жіңішке тіліктерге бөл.

  7. Дайындаған үкіңді сәукеленің төбесіне қада.

Оқушылардың орындаған сәукелелерін тексеріп, оларға кемшіліктерін дұрыстауға жеке көмек беріледі.

Жаңа сабақты қорыту.



  1. Сәукеленің биіктігі қандай болған?

  2. Сәукелені кімдер киеді?

  3. Сәукеледен басқа қандай ұлттық бас киімдерді білісіңдер?

  4. Қазақ халқы бас киімдерді қалай әшекелеген?

  5. Қыздарға арналған бас киімдер қалай аталады?

52-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ер баланың тақиясын жасау.

Сабақтың мақсаты: түсті қағаздан ерлердің ұлттық бас киімінің үлгісін қиюды үйрету және оған ою-өрнек қиып, желімдеуді меңгерту.

Сабақтың жабдықтары: түрлі түсті қағаз, қайшы,желім, үлгілері.
Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабаққа дайындық жұмысы сұрақ арқылы басталады.

1. Қандай ұлттық бас киәмдерді білесің?

2. Әйел адамдар киетін тақиядан ер адамдар тақиянығ қандай айырмашылығы бар?

Ерлерге арналған бас киім үлгілері де көп. Тақия –ерлер бас киімі. Жақсы кісілердің бас киімі атадан балаға мұра есебінде қалады.

Тақия биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болып бөлінеді. Тақия төбесінен және маңдайшадан тұрады. Төбесіне және маңдайшасына өрнек салынады.

Практикалық жұмыс.

Сендер биік төбелі тақия жасайсыңдар. Ол үшін сендерге жасыл және сары түсті қағаз, қайшы, желім қажет.



  1. Тақияның төбесін жасау үшін жасыл түсті қағаздан дөңгелек қиып ал.

  2. Дөңгелектің дәл ортасын белгіле. Ортасын шеңбердің сыртқы сызығымен қосып, үшбұрыш сыз. Үшбұрышты қиып ал.

  3. Тақияның маңдайшасы үшін жолақ қиып ал.

  4. Сары түсті қағаздан үлгі бойынша ою қиып ал. Тақияның маңдайшасына және төбесіне қарындашпен сызық арқылы оюдың орнын белгіле.

  5. Оюды белгіленген сызықтарға желімде.

  6. Тақияның төбесінің және маңдайшасының шеттерін желімдеп біріктір.

  7. Тақияның төбесінің шетін төмен қайырып, оған маңдайшасын желімде.

Жаңа сабақты қорыту.



  1. Тақияның қандай түрлерін білесің?

  2. Тақия қандай бөлшектерден тұрады?

53- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Үкілі тақия.

Сабақтың мақсаты: түсті қағаздан ерлердің ұлттық бас киімінің үлгісін қиюды үйрету және оған ою-өрнек қиып, желімдеуді меңгерту.

Сабақтың жабдықтары: түрлі түсті қағаз, қайшы,желім, үлгілері.
Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабаққа дайындық жұмысы сұрақ арқылы басталады.

1. Қандай ұлттық бас киәмдерді білесің?

2. Әйел адамдар киетін тақиядан ер адамдар тақиянығ қандай айырмашылығы бар?

Ерлерге арналған бас киім үлгілері де көп. Тақия –ерлер бас киімі. Жақсы кісілердің бас киімі атадан балаға мұра есебінде қалады.

Тақия биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болып бөлінеді. Тақия төбесінен және маңдайшадан тұрады. Төбесіне және маңдайшасына өрнек салынады.

Практикалық жұмыс.

Сендер биік төбелі тақия жасайсыңдар. Ол үшін сендерге жасыл және сары түсті қағаз, қайшы, желім қажет.



  1. Тақияның төбесін жасау үшін жасыл түсті қағаздан дөңгелек қиып ал.

  2. Дөңгелектің дәл ортасын белгіле. Ортасын шеңбердің сыртқы сызығымен қосып, үшбұрыш сыз. Үшбұрышты қиып ал.

  3. Тақияның маңдайшасы үшін жолақ қиып ал.

  4. Сары түсті қағаздан үлгі бойынша ою қиып ал. Тақияның маңдайшасына және төбесіне қарындашпен сызық арқылы оюдың орнын белгіле.

  5. Оюды белгіленген сызықтарға желімде.

  6. Тақияның төбесінің және маңдайшасының шеттерін желімдеп біріктір.

  7. Тақияның төбесінің шетін төмен қайырып, оған маңдайшасын желімде.

Жаңа сабақты қорыту.



  1. Тақияның қандай түрлерін білесің?

  2. Тақия қандай бөлшектерден тұрады?


54 -сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қамзол жасау.

Сабақтың мақсаты: Түсті қағаздан камзолдың үлгісін қиып алуды үйрену;

эстетикалық талғамдарын арттыру,



Сабақ жабдықтары: түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, үлгілер.

Сабақтың барысы:Жана сабақты түсіндіру.

Қазақтың ұлттық иықты киімдеріне камзол,көйлек,бешпет,шапан

жатады.

Қазақтың ұлттық киімдерінің бірі-камзол.Камзолды әйелдер кәйлектің сыртынан жылулық жіне сәндік үшін киеді. Оның жеңі жоқ,көкірегі ойықболады.Камзолдың өңірінде ,етегінде кестелі немесе бастырмалы ою-өрнектері болады және қаусырыны қапсырмамен бекітіледі.Сонымен қатар камзол киілу мақсатына ,жас ерекшелігіне қарай бөлінеді.Мысалы:атр қойылымдарында ,сахна әншілері және діни ,ұлттық мерекелерде ,күнделікті тұрмыста киілетін;ал жас ерекшеліктері қарай :мектеп жасындағы қыздар,бойжеткендер,орта жастағылар және қариялар киетін камзолдар болып бөлінеді.



Практикалық жұмыс.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.Жұмыс кезеңін анықтау.

1. Қамзолдың негізгі бөлігі үшін қызыл түсті қағазды таңдап ал.Ол қағазды тең екіге бүкте.

2. Оның үстіне дайын үлгіні бастырып,шетіне қамзолды қиып ал.

3. Сары түсті қағазды бүктеп,шетіне оюдың және капсырманың үлгісін бастырып қиып ал.

4. Қызыл түсті қағаздан қиылған қамзолды оюы мен қапсырмасы орналасатын орынды белгіле.

5. Ою мен қапсырманың шеттеріне желім жағып, белгіленген орынға желімде.

Сергіту жаттығуын жасау:

Орынмыздан тұрайық,

Қолды қолға соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.



Жаңа сабақты қорыту.

1. Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

2. Қамзолдың басқа ұлттық киімдерден айырмашылығы неде?

3. Қамзолға қандай ою салады және қандай жіптен?

4. Қамзолды кімдер киеді?

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін дұрыстауға жеке көмек береді, бағалайды


55-56 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қыздар киімі

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мата және жіптер түрлерімен және олармен жұмыс істеуге қажетті құралдармен таныстыру.

Сабақ жабдықтары: түсті суреттер, фотосуреттер, мақта, зығырдан алынған маталар жиынтығы, жіптер, қажетті құралдар (қайшы, ине, оймақ, түйреуіш).

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тоқыма фабрикалары әртүрлі тоқыма заттарын шығарады: жіптер, тоқыма жіптер, маталар, таспалар, баулар, тоқыма баулар, т.б. Табиғи талшықтарды алуға қажетті шикізаттармен (мақта, зығыр, т.б.) таныстыру.

Мақта –қауашағының тұқымын түк басқан талшықты масса.

Мақта талшықтары – жіңішке (адам шашынан алты –сегіз есе жіңішке), мықты, иілгіш, түрлі түстерге жақсы боялады.

Мақтаны алтынға теңеп, «ақ алтын» деп атайды.

Зығыр талшықтарын зығыр өсімдігінен алады. Зығыр талшықтарынан әдемі және сапалы маталар тоқиды.

Жануарлар өнімдерінен алынатын талшықтар –жүн және жібек маталар.

Жүн –сүтқоректі жануарлардың түкті қабаты, бағалы, тоқыма талшық. Қой, ешкі, түйе, үй қояндары және ірі қара малдар, жылқы жүндері мата, жіп, тоқыма юұйымдар шығаруда пайдаланылады. Әсіресе, бағалы, ұзын, сапалы, жұмсақ жүн маталарын биязы жүнді қойлар береді.

Табиғи таза жібек – тоқыма талшық, жібек құрттары өнімдері.

Жұмыс барысында мұғалім балалары өндірісте матаның қалай шығарылатындығымен таныстырады.

Иіру – тоқыма фабрикаларында талшықтары ширату, орау арқылы алынатын өнім.

Тоқымашылық – тоқыма станоктарында жіптерден мата тоқитін өндіріс процесі.

Бақылау және тәжірибелер өткізу: түрлі маталарамен танысу (сыртқы түрі, жұқалығы, қалындығы, тегістігі, бояуның қанықтығы, әсемділігі, санитарлық ө гигиеналық қасиеті және т.б)

Матаның оң-терісін ажырату. Әр түрлі маталарды тоқудағы жіптердің өткізілу түрлері мен танысу (лупа арқылы, жарыққа қарау арқылы, дәкені үлгіге алуға болады).

Матаның қолдануы.

Мата – киім, іш киім, бас киім, төсек орын, асхана жабдықтарын тігетін негізгі материал. Маталар көбінесе аяқ киім тігетін өндірісте, жұмсақ жиһаз, есік, терезе жапқыштарын, орамалдар, жапқштар, қолшатырлар, сөмкелер және басқа үй жабдықтарын тігіге пайдаланылады. Түрлі маталардың ауқымды бөліктері өндірістерде, техникада қолданылады: парашюттар, палаткалар, театр шымылдықтары, түрлі қаптар, кітап мұқабалары.

Жіп – екі, үш, төрт, бес, алты, тоғыз немесе он екі иіріліп ширатылған жіптер қатары. Қолдануынабайланысты жіптер тігін, кесте тігетін, киім тоқитын және жамайтын болып бөлінеді.

Тігін жіптер – маталарды олардың бөліктерін және тоқыма маталарды жалғайтын негізгі материал. Оларды мақтадан, табиғи жібектен, капрон, лавсаннан өндіреді.

Мақта жіптері түстеріне қарай ерекшеленеді (кендір, қара және ақ түсті) және сәнәне қарай (жабынқы, жылтыр).

Кесте жіптері мақта жіптерден жасалынады. Кесте жіптеріне түрлі түсті мулине жіптер жатады, оларды жуған және қайнатқан кезде түсі өңін бермейді. Түрлі өрнектер кестелеуде қолданылады.

Инені қолдану әдістері. Инемен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:


  • инені кез келген жерге тастама, жұмыстың басында және аяғында инелердің санын тексер, ине жоғалса, міндетті түрде тапе;

  • инені аузына салма, киіміне түйреме, инені инеқапта сақта;

  • Жолдасына инені тұқыл жағымен ұсын;

  • Инеге жіпті өте ұзын сабақтама.

Практикалық жұмыс.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Жіптермен танысу.Әртүрлі жіптерді жуандығына,беріктігіне қарай салыстыру..Маталардың қиығын жинау.Оқушылар олардан маталар жинақтамасын дайындайды.Жіптің ұзындығын өлше,инеге жіпті сабақта,ұшын түй.

Жаңа сабақты қорыту.

Жұмбақтар шешу.

Жортқан сайын жүйрігім

Жеп келеді құйрығын.

Тауысқанда құйрығын,

Бүтінделер бір киім.

(ине-жіп)

Жүріп кетсе жүйрік бір

Лып-лып етіп ойнаған.

Кереметі:

Құйрық бір

Құтаймай –ақ қойды оған.

(ине)


  1. Матаны неден жасайды?

  2. Матадан не жасауға болады?

  3. Күнделікті өмірде матаны не үшін пайдаланады?


57-58 - сабақ

Күні:28.04.2016

Сабақтың тақырыбы: Әжелер киімі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды тігін құрал-жабдықтармен, ине түрлерімен және олардың құрылысымен таныстыру.



Сабақ жабдықтары: жіп, қайшы, ине, оймақ, түйреуіш.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Инелер қол ине және тігін машинасының инелері деп, екіге бөлінеді. Тігін машинасының инелері жуандығына қарай нөмірленеді, олар 90-нан 150-ші нөмірге дейін болады. Қол инелерінің жуаң, жіңішке түрлері болады. Қол инелері 1-ден 12-ші нөмірге дейін, саны ұлғайған сайын жуан, ұзын, көзі кең болады. Ол инелерді матаның жұқалығы мен қалыңдығына байланысты қолданылады. Қайшылар да үлкен және кіші болып бөлінеді. Олар да 1-12-ші нөмірге дейін болады. Олардың нөмірінің саны өскен сайын ұзын, жуан, қалың болады. Оқушылар ұшы доғал қайшыны пайдаланады. Оймақты ортаңғы саусаққа инеден қорғану үшін киеді, олар 1-ден 5-ші нөмірге дейін болады. Жіптер мақта және жібек болып бөлінеді. Мақта жіптер жұп сандармен, ал жібек тақ сандармен белгіленеді. Түйреуіш иненің басы бекітілген, ұшы үшкір, өткір болады. Оны матаны уақытша түйреу үшін қолданылады.



Практикалық жұмыс.

Ине мен түйреуіш инелер - өте қауіпті құралдар. Сондықтан олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек.



  1. Инелер мен түйреуіш инелерді арнайы ине салғыштарда сақта. Жұмысты бастар алдында және жұмыс соңында инелерді сана.

  2. Инені аузыңа салма? Оны киіміңе шаншып қойма!

  3. Тігу кезінде түзу отыр. Тігіп отырған жұмысыңды көзіңі жақындатпа.

  4. Инені тұқыл жағымен бер.

  5. Инеге жіпті өте ұзын сабақтама.

  6. Тігу кезінде оймақты қолдан.

Жаңа сабақты қорыту.

  • Тігу үшін қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

  • Ине не үшін керек, қандай нөмірлі болады?

  • Оймақ не үшін қолданылады, қандай нөмірлері болады?

  • Қалың матаны тігу үшін қандай ине қолданылады?


59-60 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ерлер киімі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды тігіс түрлерімен таныстыру; матаны белгілеу, жіпті өлшеу, инені сабақтау, ұшын түю тәсілдерін үйрету.

Сабақ жабдықтары: жіп, қайшы, ине, оймақ, түйреуіш.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мата бөліктерін біріктіру, шетін бекіту үшін тігістер қолданылады. Тігістер әртүрлі болады. Олар қол және машина тігістері болып, екіге бөлінеді. Қол тігісінің негізгі бес түрі бар. Олар; түзу, қиғаш, ілмекті, айқас және қадау болып бөлінеді. Қол тігістері уақытша тігіс деп аталады. Тігу барысында бірдей арақашықтықты сақтау керек, матаға түскен жіптің ізі шаншым деп, аталады. Мысалы, 1 см-де 2-3 тігіс тізбегі болуы керек.



Практикалық жұмыс.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, құрал-жабдықтарын арнайы қорапта сақтап, орынды қолданулары керек екені айтылады. Оқушылар инені сабақтап жаттығады.



  1. Жіпті қажетті ұзындықта өлше.

  2. Жіптің ұшын инемен тарқат.

  3. Жіптің ұшындағы ұлпасын азайтып ал.

  4. Жіптің ұлпасын саусақтың ұшымен шираиып сүйірле.

  5. Жіпті иненің көзіне өткізіп, сабақта.

  6. Жіптің ұшын түй. Ол үшін жіпті саусаққа айналдырып екі рет ора да, ұшына түйін жасаү

Жаңа сабақты қорыту.

  • Инені қалай сабақтайды?

  • Тігістер не үшін қолданылады?

  • Қандай тішіс түрлерін білесің?

  • Қол тігістерінің қандай түрін білесің?

Мұғалім әртүрлі кестеленіп тігілген бұйымдардың суретін көрсетеді. Суреттерді қарай отырып, оқушылар қандай заттардың кестеленетімен танысады. Шеберлер кестені көбінесе мақта және зығыр маталарға тігеді. Тігу үшін оқушылар жіп сабақтайтын құлағы үлкендеу, орташа көлемдегі инені таңдайды.Кесте тігу үщін қолданылаиын жіппен (мулине) таныстырады. Көктеу тігісінің қолданылуымен таныстырады. Шаншым тігіс сөздерімен таныстыру. Шаншым - бұл жіптің матада қалдыратын ізі, ал тігіс – бұл бірырғақпен бірінің артынан бір орындалып отыратын бірдей бірнеше шаншым.

Көктеу тігісі мата бөліктерін біріктіру үшін қолданылады.Сол сияқты бұл тігіспен қол орамалға салынған суретті тігуге болады.Матаға тігу ушін көбінесе кесте жібі қолданылады.Кесте жібі жұмсақ және матаның бетіне жақсы түседі.Ол түрлі түсті болады.Тігу үшін матадан тез өтетін өте жуан емес ине таңдап ал.Ақ немесе бір түсті матаны таңдаған дұрыс.Одан тігіс жақсы көрініп тұрады.Көктеу тігісінің орындалуына назар аудар.

Шаншымдардың арақашықтығы бірдей болу керек.

Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін оқушылардың естеріне түсіру.Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып,құрал-жабдықтарын арнайы қорапта сақтау туралы айтылады.

Көктеу тігісінің орындалуы сурет арқылы және матаға тігіп көрсету арқылы таныстырылады.Алдымен көктеу тігісін қағазға орындап,жаттығады. Қарындашпен ине өтетін орын белгіленеді. Тігіс әдемі түсу үшін шаншымдардың арақашықтары бірдей болу керек. Содан соң тігісті матаның шетінен 2-3см орын қалдырып,матаға орындап,үйренеді. Жіптің түйілген ұшы матаның теріс бетінде қалады. Көктеу тігісін орындап жаттыққаннан кейін,оқушылар қолорамалды көктеу тігісімен кестелейді.


  1. Шаршы пішінді матаны қиып аламыз. Матаның өлшемін 12-15 см көлемінде алса да жеткілікті. Матаның шетінен жіпті суыру арқылы шашақтап аламыз.

  2. Көбеліктің немесе өзіңе ұнаған суретті мөлдір қағаздың бетіне көшіріп ал. Үлгі қалыпты пайдаланауға да болады.

  3. Матаның бетіне көшірме қағазды қоямыз. Оның үстіне сурет салынған мөлдір қағазды түйіреуішпен қадап шық.

  4. Салынған суреттің бетінен қаламмен қайта бастырып жүргізіп шық.

  5. Түйреуіштерді алып, салынған сурет бойымен көктеу тігісін түсіреміз.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

  • Көктеу тігісі қалай орындалады?

  • Жіпті инеге қалай сабақтадың?

Еңбекке баулу

61-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Конструктормен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға конструктор жиынтығының көмегімен бұйымдарды құрастыруға; техгикалық бөлшектердің аттарын білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:


  • Лего құрастыру жолдарымен таныстыру

  • Еңбекке баулу сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесін қалыптастыру

  • Табиғатты аялауға, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу


Көрнекті құралдар: суреттер. конструктор, т.б.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



II. Өткен сабақты пысықтау

Сабақтағы техника қауіпсіздігі




III. Жаңа сабақ


Кіріспе әңгіме

Құрастырма бөлшектер арқылы балалар не жасайды?

Оны құрастыру үшін не қажет?

Құрастыру кезінде не дамиды?


Жаңа тақырып

Лего құрастру бөлшектері. Оның бала миының дамуына, қолдарының даму жолдарын дамытуға көп септігін тигізеді.


Практикалық жұмыс:

Жұмысты бастар алдында конструктор бөлшектерімен таныстырып, оларды біріктіру, қосу жолдарын көрсетіп, бұрандалы қосылыстар жнінде мәліметтер

Оқулықтағы нұсқаулықты пайдаланып, фигуралардан жануарларды құрастырады
IV. Сабақты қорытындылау


  1. Конструктордың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Конструктор дегеніміз не?

3. Конструктордан қандай заттар құрастыруға болады?

4. Суреттегі конструкторлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?


V. Оқушылардың еңбегін бағалау

Оқушылапдың жасаған фигураларын жинап, зообағы көрмесін ұйымдастыру, бағалау.


VI. Үйге тапсырма

Бұйым жасау

Конструктордан түрлі жануарлар құрастыру

Еңбекке баулу

62-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Темір конструктордан машина құрастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға технологиялық мәліметтер беру, техникалық бөлшектерді игеру, ептілігі мен дағдысын қалып тастыру, техникалық шығармашылық жұмыстарға баулу.

Сабақтың міндеті:


  • Конструктормен жұмыс жасауға жағдй жасау

  • Еңбекке баулу сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесін қалыптастыру

  • Табиғаттағы аялауға, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу


Көрнекті құралдар: металл конструктор жиынтығы,суреттер
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



II. Өткен сабақты пысықтау

Тікұшақ туралы не білдік?


Сергіту сәті

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Конструктор деген не?

Одан не құрастыруға болады?

Транспорт түрлерін ата

Оларды не үшін қолданамыз?

Машина қандай түрге бөлінеді?


Жаңа тақырып:

Темір конструктор өте қызық ойын. Конструктордың құрамына түрлі бөлшектер, білікшелер, бұрыштар, тақталар, қапсырмалар, айналу бөлшектері, бекіткіш бөлшектер кіреді.


Практикалық жұмыс

Сабақа даярлықтарын тексеру.

Жұмыс орнын дайындау.

Бұрағышты оң қолыңа ұста.

Бұрағыштың ұшы бұрандаға сәйкес келуі керек.

Сомын мен кілттің қуысының өлшемі бірдей болу керек


IV. Сабақты қорытындылау

Машинаны құрастыру үшін қандай бөлшектер керек?

Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

Бөлшектерді бір біріне қалай бекітеді?

Темір конструктор бөлшектерінің ерекшелігі неде?
V. Оқушылардың еңбегін бағалау

Оқушылапдың жасаған фигураларын жинап, өздеріне бағалату.


VI. Үйге тапсырма Машина құрастыру Конструктордан түрлі заттар жасап үйрену

Еңбекке баулу

63-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ас үйге қажетті үстел мен орындық құрастыру

Сабақтың мақсаты: конструктор бөлшектерін орынды құрастыру және оған қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануды үйрету.

Сабақтың міндеті:


  • Конструктормен жұмыс жасауға жағдай жасау

  • Еңбекке баулу сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесін қалыптастыру

  • Табиғаттағы аялауға, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу


Көрнекті құралдар: суреттер, конструктор бөлшектерінің жинақтары

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



II. Өткен сабақты пысықтау

Темір конструктор бөлшектерінің ерекшелігі неде?



Сергіту сәті

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Төрт сирақ,

Бір жауырын,

Жауырында аулым

(Үстел мен орындық)

Олар қай бөлмеге керек жиһаздар?



Жаңа тақырып

Орындықты құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдап ал

Орындықтың аяғы мен арқалығын жина

Орындықтың арқалығы мен аяқтарын бекіт

Үстелді құрастыруға қажетті бөлшектерді таңда

Үстелдің аяқтарын бетімен біріктір


Практикалық жұмыс

Құрастырылатын үлгінің суретімен таныстыру.

Үлгіні жинау.

Конструкторларын алып, өз беттерімен ас үй жиһазын жинату.


IV. Сабақты қорытындылау

Сендер үй жиһазаның қандай түрлерін білесіңдер?

Бізге үстел, орындық не үшін қажет?

Асүйге үстел мен орындықтар құрастыру үшін қандай бөлшектер қажет?

Оларды бекіту үшін қандай құралдар керек?
V. Оқушылардың еңбегін бағалау

Оқушылапдың жасаған фигураларын жинап, өздеріне бағалату.


VI. Үйге тапсырма

Үстел құрастыру

Конструктордан түрлі заттар жасап үйрену
Еңбекке баулу

64-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Пластмасса конструктордан көліктер құрастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға технологиялық мәліметтер беру, техникалық бөлшектерді игеру, ептілігі мен дағдысын қалып тастыру, техникалық шығармашылық жұмыстарға баулу.

Сабақтың міндеті:


  • Конструктормен жұмыс жасауға жағдай жасау

  • Еңбекке баулу сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесін қалыптастыру

  • Табиғаттағы аялауға, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу


Көрнекті құралдар: пластмасса конструктор жиынтығы,суреттер
Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



II. Өткен сабақты пысықтау

Сендер үй жиһазаның қандай түрлерін білесіңдер?

Бізге үстел, орындық не үшін қажет?

Оларды бекіту үшін қандай құралдар керек?



Сергіту сәті

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

Транспорт түрлерін ата

Оларды не үшін қолданамыз?

Машина қандай түрге бөлінеді?

Бұл көліктер қандай жұмыстар атқарады.

Олар суда, әуеде, жерде қалай қозғалады?

Пластмасса бөлшектердің темір бөлшектерден қандай айырмашылығы бар?
Жаңа тақырып:

Конструктор өте қызық ойын. Конструктордың құрамына түрлі бөлшектер, білікшелер, бұрыштар, тақталар, қапсырмалар, айналу бөлшектері, бекіткіш бөлшектер кіреді.

Машина құрастыруды үйрету

Керекті бөлшектерді таңдауды үйрету


Практикалық жұмыс

Сабаққа даярлықтарын тексеру.

Жұмыс орнын дайындау.

Бұрағышты оң қолыңа ұста.

Бұрағыштың ұшы бұрандаға сәйкес келуі керек.

Сомын мен кілттің қуысының өлшемі бірдей болу керек



IV. Сабақты қорытындылау

Машинаны құрастыру үшін қандай бөлшектер керек?

Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

Бөлшектерді бір біріне қалай бекітеді?


V. Оқушылардың еңбегін бағалау

Оқушылардың жасаған көліктерін жинап, өздеріне бағалату.



VI. Үйге тапсырма Көлік құрастыру

Еңбекке баулу

65-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Пазлдан тікұшақ құрастыру

Сабақтың мақсаты: Пазлдан бөлшектерін құрастыру және ажыратуға байланысты оқушылардың білімдерін, біліктерін кеңейту.

Сабақтың мақсаты: Тікұшақты құрастыру жолымен таныстыру
Сабақтың міндеті:


  • Мозаика құрастырғанда логикасын дамыту жаттығуларына мән беру

  • Еңбекке баулу сабағында сақталатын қауіпсіздік ережесін қалыптастыру

  • Табиғаттағы аялауға, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу


Көрнекті құралдар: конструктор бөлшектерінің жиынтығы, суреттер
Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



II. Өткен сабақты пысықтау

Конструктор туралы не білеміз?


Сергіту сәті

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме

- Тікұшақ қандай транспорт түріне жатады?

- Оның басқа транспорттардан айырмашылығы неде?

- Тікұшақ қонатын жер қалай айтылады?


Жаңа тақырып

Тікұшақ пен ұшақ туралы ертегі айтып беру.

Бір жолы тікұшақ ұақпен бірге сапарға шығыпты. Содан титімдей тікұшақ жол бойы қанатты серігінен көз алмай: «Сенікіндей сұлу қанат менде неге жоқ?»- деп қыңқылдай береді екен.

Тікұшақтың ұшақтан артықшылықтары туралы әңгімелеу.

Содан былай бірде-бір тікұшақ ұшаққа қызықпайты болыпты.
Практикалық жұмыс

Тікұшақтың конструкциялық мозайкасын құрастыру.

Тікұшақты құраст ыруға берілген суреттерді қарастыру,

Тікұшақты мозаика бөлшектерінен құрастыр.

Мозаиканың құру ережесін сақтау жолдарын түсіндіру

Оқулықтағы нұсқаулықты пайдаланып, пазл көмегімен суреттер құрастырады?


IV. Сабақты қорытындылау

- Тікұшақ конструктордың қандай түрінен жасалды?

- Мозайка конструктордан тікұшақ қандай әдіспен орындалды?

- Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы неде?



V. Оқушылардың еңбегін бағалау

Оқушылапдың жасаған фигураларын жинап, өздеріне бағалату.


VI. Үйге тапсырма

Конструктордан тікұшақ құрастыру


Еңбекке баулу

66- сабақ

Сабақтың тақырыбы:Геометриялық фигуралардан автомобиль құрастыру.

Сабақтың мақсаты : оқушыларға технологиялық мәліметтер беру, техникалық бөлшектерді игеру, ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, техникалық шығармашылық жұмыстпрға баулу. Сабақтың жабдығы: металл конструктор жиынтығы

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың басында оқушылар конструктордың бөлшектерін қарастырады. Олардың көлемдерінің, пішіндерінің әртүрлі екеніне назарларын аударады. Мұғалім алдымен жазық бөлшектердің атауымен ( тақталар мен жолақтар) таныстырады және оқушылар өздерінің жинақтарынан осы бөлшектерді көрсетеді. Осындай тәсілмен балалар бұрыштық бөлшектермен ( бұрыш, бастырма) , айналу бөлшектерімен (ось, дөңгелек, ролик, диск), бекіту бөлшектері ( сомын,бұранда, бұрамасұқпа. Шайба) таныстырады. Бөлшекткрдің кертіктері бірдей өлшемде болады. Сомынды, бұрандаларды бұрау сағат тілінің бағытымен орындалады. Үлгіні жинау жұмысы бұраыштың көмегімен орындалады, оны әрқашан оң қолға ұстау керек. Практикалық жұмыс барысында балалар бекіту бөлшектерінің көмегімен қозғалатын әртүрлі нұсқаларды жинаудың тәсілдерімен танысады. Конструктор жиынтығынан машина құрастыруды қарастырайық. Ол үшін конструктор жиынтығымен танысайық. Машинаны құрастыру үшін біз бұрандалы тәсілін қолданамыз. Ол үшін бөлшектерді сомые(гайка) және бұранда арқылы біріктіреміз. Оны бұрауға сомын кілті және бұрауышты (отверканы) пайдаланамыз.

Құрастыру барысында балаларға басшылық жасап, бағыт беру. Ойын іс-әрекетімен ұштастыру. Алғашқыда балаларға өздеріне таныс бұйымдарды жасау ұсынылады. Машина жасау үшін машинаға қажетті бөлшектерді таңдап алады. Жұмысты екі-үш оқушы бірігіп орындағандары дұрыс болады. Себебі, бір – бірінің жұмыс барысындағы қателерін көріп , түзетіп отырады.



Практикалық жұмыс. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Жұмыс орнын дайындау. Темір конструкторларға арнайы құрал – саймандарды қолдана отырып , машинаны құрастыру. Жұмыс соңында бөлшектерді шашып , қайтадан қорабына реттеп жинауға дағдыландыру керек. Бұл сабақта оқушылар конструктормен және оның бөлшектерімен, оны біріктіру тәсілдерімен танысады. Бөлшектердің атауларын есіне сақтау біртіндеп келесі сабақтарда да жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет