Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Ақыл, дене, қарым-қатынас, мінезді дамыту. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқушылар үй тапсырмасы ретінде берілген тіл құдіреті туралы қанатты сөздер айтады.
Топтарға бөлу.
Қағаз қиындылары бойынша топқа бөліну.
Қағаз қиындыларында Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге қатысты сөздер берілген, сол сөздер бойынша сынып 3 топқа бөлінеді.
1-топ: Ұлы жүз, Қарлығаш би, Шу өңірі, Сабалақ, Әлібекұлы, шешен
2-топ: Орта жүз, шешен, Қаз дауысты, Келдібекұлы, арғын, елші
3-топ: Байбекұлы, кіші жүз, әлім, би-шешен, Ашу деген ағын су...
Топ ішінен оқушылардың белсенділігіне баға беріп отыратын топ басшысын –«биді» сайлап алады.
Оқылым алды тапсырмасы «Топтастыру» әдісімен қағаз қиындыларындағы сөздерді билер суреттеріне топтастырады, сол туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.