ІІ. Оқылым тапсырмалары
1-тапсырма
Мәтінді оқып шығады.
«Екі шындық, бір жалған» әдісімен оқушылардың мәтінді меңгергендігі тексеріледі.
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын меңгереді;
-дұрыс ақпарат пен жалған ақпаратты ажыратады.
2-тапсырма
Үш топ үш түрлі әдіспен мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды, нақтылау сұрақтарын құрастырады.
«Төле би» тобы: «Пирамидалық талқылау» әдісі
«Қазыбек би» тобы: «Жылқы сұлбасы» әдісі
«Әйтеке би» тобы: «Фиш-боун» әдісі
Дескриптор:
Бағалау түрі: «Бағдаршам» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.
Әдеби теориялық норма: Көнерген сөздердің ережесін мәтінде кездесетін сөздердің көмегімен оқушылардың өздері шығарады.
Көнерген сөздер деп қолданыстан шығып қалған, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді айтамыз. Олар екі топқа бөлінеді:
архаизмдер;
тарихи сөздер (историзмдер)
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын, ескіріп, пайдаланудан мүлде шығып қалған сөздер архаизмдер деп аталады.
Кейбір сөздер өздері атайтын заттар мен құбылыстардың ескіріп жоғалуымен байланысты сирек қолданылатын немесе қолданудан мүлдем шығып қалатын сөздерді тарихи сөздер дейміз.
3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Экранда көрсетілген суреттер атауын тауып «Т» кестесі арқылы көнерген сөздердің түріне бөліп жазады.
|