Сабақтың тақырыбы: "Шаңғы дайындығы"



Дата04.05.2017
өлшемі19,1 Kb.
#15508
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • "Шаңғы дайындығы"
  • 6-сынып
  • Мақсаты:
  • Оқушыларға шаңғы құралдарымен, шығу тарихымен, жүріс түрлерімен таныстыру.
  • Шаңғы спортына деген қызығушылықтарын ояту.
  • Күтілетін нәтиже:
  • А/ Шаңғы дайындыығы туралы толық мағлұмат ала алады.
  • Б/ Шаңғы дайындығын түсіне отырып, ойларын ортаға сала алады.
  • В/ Топта жұмыс жасай отырып, бір – бірінің пікірін тыңдай алады.
  • Көрнекілігі: Шаңғы, шаңғы таяғы, шаңғы аяқ киімі, дидактикалық ойын,
  • интерактивті тақта.
  • Қызығушылықты ояту.
  • Топқа бөлу: 1 – топ: “Қырандар” 2 – топ: “Жүйріктер”
  • Гимнастикалық дене жаттығуларын орындау.
  • Сөзжұмбақ шешу.
  • Гимнастикалық дене жаттығулары.
  • 1. Б.Қ – АИК: Екі қолымыз кеудеден жоғары
  • 1 - Тіке тұрыста 1 – 2
  • 2 – Оңға 3 – 4
  • 3 – Тіке тұрыста 1 – 2
  • 4 – Солға 3 – 4
  • 2. Б.Қ – НТ Қолымыз жанымызда
  • 1 – Оң қолымыз жоғарға, сол қолымыз төмен артқа қарай 1 – 2
  • 2 – Сол қолымыз жоғарыға, оң қолымыз төмен артқа қарай 3 – 4
  • 3.Б.Қ – АИК қолымыз желкеде
  • 1 – Оңға қарай кеудені бұрамыз 1 – 2
  • 2 – Солға қарай 3 – 4
  • 4.Б.Қ – АИКА қолымыз белімізде
  • Екі қолды қосып алға қарай еңкейе, тізені бүкпей
  • 1 – оң аяққа, 2 – екі аяқ ортасына, 3 – сол аяққа, 4 – БҚ
  • 5.БҚ – НТ қолымыз жанымызда
  • 1 – қолды жоғары көтереміз
  • 2 – еңкейе тізені бүкпей аяқ ұшына тигіземіз
  • 3 – қолды алға соза тіземізді бүгіп отырамыз
  • 4 – БҚ келеміз
  • Жүректен-жүрекке
  • Тілек айту
  • Сөзжұмбақ
  • Сөзжұмбақ
  • 1. Жеңіл атлетиканың бір түрі ?
  • 2. VIII ғасырға дейін көне грек мәдениеті қалай аталған ?
  • 3. Шахмат термині ?
  • 4. Өрмелеу құралы ?
  • 5. Қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады ?
  • 6. Көне гректер дене шынықтыру жаттығуларын қандай
  • атпен арнаулы мектептерде өткізді ?
  • 7. Гимнастиканың неше түрі бар ?
  • 8. Гимнастика түрінің бірі
  • 9. Ырғақты гимнастика не арқылы өтіледі?
  • 10. Жылдамдық деңгейін дамытатын ойын ?
  • Білемін
  • Білгім келеді
    • Үйрендім
  • Тілек айту
  • Шаңғыны және шаңғы таяғын
  • таңдау әдістері
  • Тілек айту
  • Шаңғыны жалпы қыс мезгілінде пайдаланамыз. Ол бәрімізге мәлім, ал шаңғы туралы білетініміз аз. Олай болса, сіздерге қысқаша шаңғының шығу тарихы туралы және шаңғы адам баласына не үшін қажет екендігін түсіндіріп өтейін.
  • Шаңғы дегеніміз ертеден келе жатқан қардың үстінде қолданылатын құрал. Шаңғы б.з.д III ғасырда пайда болған. Көптеген археологиялық қазбалар Сібірде, Оралда, Ресейдің солтүстік европалық бөлігінде, Скандинавияда мекендеген халықтар заман – заманнан шаңғымен жүргенін көрсетіп берді. Шаңғыларды едәуір жіңішке және ұзын болған. Ертедегі суретшілер шаңғышыларды жартасқа найзаға ұқсайтын бір ғана таяқ аң аулау құралы, әрі жүрісті жеңілдетуге пайдаланған деп дәлелдеген. Ертеде шаңғыны кавказ кіші Азияны мекендеген халықтар да пайдаланған. Ертедегі грек тарихшылары Ксенафонт пен Страбон (б.з.д IV ғасырда) армияндар тау ішінде қалың қардың үстімен жүру үшін табандарына жұмыр ағаш байлап алғанын атап көрсетеді.
  • Шаңғы дайындығы.
  • Сібірдің торфты батпақтарына жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде біздің эрамыздың VII – VIII ғасырларына жататын құрлыс бітімі өзгеше шаңғылар табылды. Сол заманда аңшылар екі шаңғымен жүргенін; біреуі жұмыр, ұзын, ал екіншісі ұзын әрі жіңішке болып, сырғанауға арналғанын тарихшылар растап айтқан.
  • Қазіргі кезде шаңғы спортының отаны Норвегия деп есептеледі. Норвегияда 1733 жылы алғаш рет әскерлер шаңғы тебе білсін деген жарлық шығыпты. 1767 жылы Торма деген жерде шаңғы спортынан тұңғыш рет жарыс өткізілген. 1924 жылы шаңғы спорты бойынша халықаралық ұйым құрылған және қазіргі таңда осы ұйымда 50 – ден астам мемлекет мүше болып отыр.
  • Шаңғы спортының қазіргі таңда мынадай түрлері бар:
  • шаңғымен сырғанау;
  • трамплиннен секіру;
  • шаңғы қос сайысы ( 15 км қашықтықта сырғанау мен трамплиннен секіру) ;
  • биатлон ( 15 км қашықтықта сырғанау мен мылтық атуды кезектестіріп орындау) ;
  • тау шаңғысы.
  • Шаңғымен сырғанау спортында ерлер, әйелдер бөлек жарысады.
  • Ерлер үшін шаңғымен сырғанау жарыу қашықтықтары мынадай 15 км; 30 км; 50 км. Ал эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х10 км
  • әйелдер үшін шаңғымен сырғанау жарысу қашықтықтары 3 км – ден басталады. Ал олимпиадалық ойындардағы қашықтықтар: 5 км; 10 км; 20 км. Эстафеталық шаңғымен жүгіру қашықтығы – 4х5 км.
  • Трамплиннің биіктіктері мынадай:
  • 20м – лік трамплин ( жаттығуға арналған трамплин) ;
  • 20 – 50 м – лік трамплин ( аласа трамплин ) ;
  • 50 – 70 м – лік трамплин ( орташа трамплин ) ;
  • 70 – 90 м – лік трамплин ( биік трамплин ) .
  • Биіктігі 120 м – ден асатын трамплиндерді шаңғымен ұшатын трамплиндер деп атайды.
  • Трамплиннен секіруге арналған шаңғының өлшемдері мынадай:
  • ұзындығы – 2,20 – 2,50 м;
  • бас жағының ені – 9 – 10 см;
  • ортасының ені – 7 – 8,5 см;
  • артының ені – 8 – 9 см;
  • салмағы – 5 – 8 кг;
  • табанында 3 – 5 қатар өзегі болады.
  • Шаңғышылар трамплиннен секіруге көбінесе ағаш, темір және эластиктен жасалған шаңғыларды пайдаланады. Шаңғымен секіруге арнаулы бәтеңке келеді.
  • Шаңғы дайындығы мектеп оқушыларының денесін шынықтыруда қазір де маңызын жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда шаңғы спорттық ойындардың қатарында.
  • Шаңғы жүрістері
  • Бір жүрістен екінші жүріске өту;
  • Тура және төменге түсу;
  • Биікке көтерілу;
  • Бір орында тұрып және қозғалыс үстінде бұрылу;
  • Тоқтау.
  • Шаңғы дайындығы сабақтарындағы тәртіп ережелері.
  • Шаңғымен сырғанауға шыққан кезде киім жылы әрі жеңіл болу керек.
  • Серуен жасап келе жатқан кезде асфальт немесе қара жер, тас кездескен жағдайда шаңғыны шешіп қолға ұстап өткен жөн.
  • Шаңғыны таңдаған кезде қолды жоғары көтеріп, бірдей қылып алу керек.
  • Шаңғы таяғын ұстаған кезде, таяқтың қолға киетін бауын білек арқылы екі саусақтың ортасына қысасың.
  • Шаңғыны теуіп келгеннен кейін оны сүртіп ортасына төрт бұрышты кішкене ағашты салып бас жағы мен аяқ жағынан қысып байлап қоямыз.
  • Жүрістің түрлері.
  • Бір мезгілде бір адымды жүріс.
  • Бір мезгілде екі адымды жүріс.
  • Алма - кезек жүріс.
  • Бір мезгілде төрт адымды жүріс.
  • Конькише жүріс.
  • Тілек айту
  • Тілек айту
  • Тілек айту
  • Биікке көтерілудің түрлері.
  • Сатылап көтерілу.
  • Шырша жасау арқылы көтерілу.
  • Жартылай шырша жасау арқылы көтерілу.
  • Қиғаш (жанама) көтерілу.
  • Осы жүрістерді оқушыларға түсіндіре отырып, биіктен түсу әдісін түсіндіре көрсету.
  • Толықтырып түсіндіріп өту.
  • Шаңғы, шаңғы таяғын және шаңғы аяқ киімін оқушыларға көрсетіп таныстыру, кию әдісін түсіндіріп көрсету.
  • Венн диаграммасы
  • Шаңғы
  • Ортақ
  • Коньки
  • «Кім шапшаң?» дидактикалық ойыны.
  • 1.Шаңғымен биікке шығудың неш түрі бар ?
  • 2.Ертеде шаңғыны не үшін пайдаланған ?
  • 3.Шаңғыны таңдау тәсілін түсіндір ?
  • 4.Шаңғының жүру түрлерін ата ?
  • 5.Биіктен сырғанап түсу әдісін түсіндір ?
  • 6.Шаңғы б.з.д нешінші ғасырда пайда болған ?
  • 7.Б.з.д IV ғасырда зерттеген грек тарихшылары кімдер ?
  • 8.Шаңғымен сырғанағанда қалай кіну керек ?
  • 9.Қандай күндері шаңғымен сырғанауға болмайды ?
  • 10.Шаңғыны жинау тәсілін түсіндір және көрсет ?
  • 11.Жан-жақты дамыту жаттығуларын дене шынықтыру сабғында қай уақытта өткізеді ?
  • Тест.
  • 1.Қысқы спорттық ойындарға қандай спорт түрлері жатады?
  • а/ футбол, волейбол, басктбол, қол добы
  • б/ шаңғы, коньки, хоккей, шорттрек
  • в/ шахат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі
  • 2.Шаңғымен төмпеге шығудың неше түрі бар?
  • а/ 2 б/ 3 в/ 4
  • 3.Гимнастиканыңнеше түрі бар?
  • а/ 2 б/ 3 в/ 4
  • 4.Ертеде шаңғыны не үшін пайдаланған?
  • а/ аң аулау үшін
  • б/ спорттық сайысқа қолдану үшін
  • в/ ойлау қабілетін дамыту үшін
  • 5.Өрмелеу құралы?
  • а/ қос шығыршық б/ брусья в/ арқан
  • 6.Көне гректер дене шынықтыру жаттығуларын қандай атпен арнаулы мектептерде
  • өткізді?
  • а/ гимнасия б/ гимнастия в/ гимнастика
  • 7.Ырғақты гимнастика сабағы не арқылы өтеді?
  • а/ музыка б/ лента в/ қос шығыршық
  • 8.Шаңғымен сырғанау кезінде қалай киінген жөн?
  • а/ қалың б/ жеңіл в/ жеңіл, әрі жылы
  • 9.Б.з.д IV ғасырда зеріттеген грек тарихшылары кімдер?
  • а/ М.Горкий , П.Кубертен б/ Ксенафонт , Страбон
  • в/ Арестотель , Гете
  • 10.Шаңғы ең алғаш біздің заманымызға дейін нешінші ғасырда пайда болды? а/ б.з.д II ғасырда б/ б.з.д III ғасырда в/ б.з.д IV ғасырда
  • Кілті.
  • 1 – б 6 – а
  • 2 – в 7 – а
  • 3 – в 8 – в
  • 4 – а 9 – б
  • 5 – в 10 – б
  • Бағалау.
  • Үйге тапсырма: «Шаңғы спорты» тақырыбына эссе жазу.
  • Сабақ аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет