Сабақтың тақырыбы: Шамдалдардың жіктелуі, шамдалдардың түр жиынының жалпы сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі61,58 Kb.
#84380
түріСабақ
Байланысты:
e3aefee5-6290-46d4-9642-b2eca1f87627
e3aefee5-6290-46d4-9642-b2eca1f87627, 1529388604, Программа ТВ ЭКЗ 2021 каз, Программа ТВ ЭКЗ 2021 каз, Қазақстан тарихы-3

Пәні: «Электр тораптар мен жарықтандыру»

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Тобы:

ЭМО-18













Күні:

14.10.2020ж













Сабақтың тақырыбы: Шамдалдардың жіктелуі, шамдалдардың түр жиынының
жалпы сипаттамасы.
Сабақтың көрнекі құралдары: Суреттер,сұлбалар бейнероликтер
Пән аралық байланыс: Физика, Электроматериаловедение,Электрлік машина және трансформатор,Электротехника электроника негідері.
Әдебиеттер тізімі: Негізгі: Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов, Б.Тобжанова. Элетромонтер.
Г.М. Кногринг. Жарықтандыру қондырғылары
Қосымша:М.М. Епанешков. Электрлік жарықтандыру
Сабақтың барысы мен мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі.(сәлемдесу,студенттердің зейінін сабаққа аудару)
2. Сабақтың мақсатын хабарлауЛюминесценттік шамдардың құрылғысы, қолданатын материалдар, жұмысының физикалық мәні, люминесценттік шамдардың типтері, люминесценттік шамдарды тұтандырудың сұлбалары
3. Сабақтың жүргізу барысы:
Үй тапсырма сұрактары:
1.ДРЛ шамдарының негізгі бөлшектерін атаңыз.2.Түтіктің ішіне қандай газ ңоспалары енгізіледі?3.Доғалық ксенон шамдарының негізгі кемшіліктерін атаңыз.4. Иод циклді шамдардың колбаларын қалай дайындайды? 5. Шамның ішіндегі регенерациялық йодтық цикл қалай жүреді?6. Галоген шамының негізгі ерекшелігі неде? 7. Инфрақызыл сәуле шығару көздері қай жерлерде қолданылады? 8.Люминесценттік шамдардың жетістіктері 9.Люминесценттік шамдардың артықшылықтары 10.Люминесценттік шамдарға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
Жаңа тақырып:
Электрондық Шам – электрондар ағыны арнаулы электрондармен (тормен) басқарылатын электр вакуумдық прибор. Ол ішінде жоғары вакуум (10–6 – 10–7 мм сынҺбағ.) жасалған, электродтары (қыздырылмалы катод, анод және торлар) бар шыны не металл баллон түрінде болады.
Электрондық Шамның қарапайым түрі – 2 электродты шам (диод). Мұндай шам айнымалы тоқты тұрақты токқа түрлендіру (кенотрон) және түзету (детектор) мақсатында пайдаланылады. 3 электродты Электрондық Шамның (триод) аноды мен катодының аралығында басқарушы электрод – тор орналасады. Тор потенциалының аз ғана өзгерісі анод тогының шамасын едәуір шамада өзгерте алады. 3 электродты және электродтарының саны бұдан да көп Электрондық Шамдардың (тетрод, пентод, октод, гексод, гептод) осы ерекшелігін ғылым мен техниканың әр түрлі саласында электрлік тербелістерді тудыру (алу), күшейту және түрлендіру мақсаттары үшін кеңінен пайдаланады. Аса жоғары жиілікті сигналды күшейту және түрлендіру үшін арнаулы Электрондық Шамдар немесе басқа принципке негізделіп жасалған приборлар қолданылады.
Электроникада электронды лампы деп электрондардың төмен қысымдағы ортадағы қозғалысын басқару арқылы электр сигналын жасап шығаруға, күшейтуге,ажыратуға немесе басқалай өзгертуге арналған құрылғыны атайды.
Электронды лампылардың көбінің іші төмен қысымды газбен толтырылған. Ауа барынша аластатылған лампылар да болады. Лампылардың барлығының дерлік жұмыс принципі термоэлектронды эмиссия құбылысына негізделген.

Электронды лампы

Электронды диод лампысының құрылымы

Электронды триод лампысының құрылымы
Лампылар электронды техниканың дамуын мүмкін еткен өте маңызды аспаптар болып табылады. Соның арқасында радиохабарларын тарату, радар, жоғары сапалы дыбыс ойнату, үлкен телефон желілері, сандық компьютерлердің заманауи түрлері (механикалық компьютерлерден басқа) және өндірістік бақылау жүйелері. Осы технологиялардың бірқатары электроника пайда болғаннан бұрын бар болатын. Бірақ электроника пайда болғаннан кейін ғана олар кең тарап, іске асырыла бастады. Электрониканың арқасында логарифмдік сызғыш секілді механикалық компьютерлер түгелдей дерлік қолданыстан шығып қалды.
Қазіргі таңда мақсаттардың басым көпшілігі үшін электронды лампыларды транзистор және диод секілді қатты денелі жартылай өткізгіш аспаптар ығыстырып шығарды. Себебі олар (жеке жартылай өткізгіш аспаптар болсын, интегралды схемалар болсын) лампыларға қарағанда шағынырақ, тиімдірек, сенімдірек әрі арзанырақ. Алайда тіпті қазірге дейін тек электронды лампылар ғана қолданылатын салалар бар, мысалы жоғары қуатты радиотаратқыш станцияларда және дыбыс күшейткіш аппаратураларда.Телевизорларда, компьютер мониторларында және осциллографтарда қолданылатын кинескоптар да электронды лампылардың бір түріне жатады. Электронды лампының тағы бір ерекше түрі -- магнетрон микротолқынды пештерде және кейбір радаржүйелерінде микротолқынды энергия түзу үшін қолданылады


Үйге тапсырма:
1.Люминесценттік шам дегеніміз не? 2.Люминесценттік шамның құрылысы?
3.Люминесценттік шамның жұмыс принціпі? 4. Иод циклді шамдардың колбаларын қалай дайындайды? 5. Шамның ішіндегі регенерациялық йодтық цикл қалай жүреді?
6. Галоген шамының негізгі ерекшелігі неде? 7. Инфрақызыл сәуле шығару көздері қай жерлерде қолданылады? 8.Люминесценттік шамдардың жетістіктері 9.Люминесценттік шамдардың артықшылықтары 10.Люминесценттік шамдарға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері Люминесценттік шамның жалғану сұлбасын салыныз.
Берілген дәрісті оқып, түсінік беру
Сабақтың аяқталуын хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет