Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
10 сынып, геометрия, ЖМБ
|
Күні:
|
8.10.21.
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тетраэдр, параллелепипед
|
Оқу мақсаты:
|
10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың
элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
|
Бағалау критериі:
|
-тетраэдр мен параллелепипедтің анықтамасын тұжырымдай алады;
- тетраэдр мен параллелпипедті кескіндей алады және сызбасы бойынша элементтерін атайды;
- тетраэдр мен параллелепипедке қарапайым есептер шығара алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
|
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйым
дастыру
|
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Тетраэдр, параллелепипед тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
- тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
Ұйымдастыру кезеңі.
Білімді өзектеу (ауызша)
|
Амандасады.
Үй жұмысын айтады.
Сұрақтарға жауап береді
|
|
Оқулық
|
15 мин
|
Сабақ тың ортасы
Негізгі бөлім
Тақырып
ты ашу
|
Параллелепипед – жақтарының әрқайсысы параллелограмм болатын алтыжақ.
Бір-біріне қарама-қарсы жақтары өзара тең параллелограмдар.
Бір-біріне қарама-қарсы қырлары өзара параллель әрі тең.
Қабырғалары қиылысатын нүктелер параллелепипедтің төбелері деп аталады.
Параллелепипедтің бір жақта жатпайтын екі төбесі қарама-қарсы төбелері деп аталады.
Параллелепипедтің 12 қабырғасы, 8 төбесі және 6 жағы бар.
Қарама-қарсы екі төбесін қосатын кесінді көпжақтың диагоналі деп аталады.
Параллелепипедтің кейбір түрлері
Тікбұрышты параллелепипед – барлық жағы тіктөртбұрыш болатын параллелепипед.
Тік параллелепипед – бүйір жақтары табанына перпендикуляр болатын параллелепипед.
Көлбеу параллелепипед – бүйір жақтары табанына перпендикуляр болмайтын параллелепипед.
Барлық жағы шаршы болатын тікбұрышты параллелепипед куб деп аталады.
Ромбоэдр – барлық жағы ромб болатын параллелепипед.
|
Қажетті анықтамаларды жазып, сызбаларды сызады.
|
«Екі жұлдыз бір ұсыныс»
|
Тақырып бойыншы ресурстарды қарап, танысады
|
20
минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
ТАПСЫРМА №1 Параллелепипед төбелерінің санын тап.
ТАПСЫРМА №2 Тек 4 жағы тіктөртбұрыш болатын параллелепипед түрін анықта.
ТАПСЫРМА №3 Куб қырының ұзындығы 5. Кубтың барлық қырының ұзындығының қосындысын тап.
ТАПСЫРМА №4 Тікбұрышты параллелепипед өлшемдері 2, 3 және 5. Параллелепипедтің барлық қырының ұзындығының қосындысын тап.
Өз бетімен жұмыс.
Оқулықтан тест жұмысы. 40 бет №1-№10.
|
Жеке жұмыс.
ТАПСЫРМА №5 Параллелепипед табанының бұрыштарының бірі 37°. Параллелепипед табанының барлық бұрышының градустық шамаларын анықта.
ТАПСЫРМА №6 Тікбұрышты параллелепипед өлшемдерінің қатынасы 2 : 3 : 4. Параллелепипедтіңең ұзын қыры 12 екендігі белгілі болса, оның барлық қырының ұзындығының қосындысын тап.
Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын орындайды.
|
Дескриптор:
-Тікбұрышты параллеле пипедтің жазбасын және формуласын біледі;
-Кубтың жазбасын және барлық формуласын біледі
|
Интернет ресурстары
|
5 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |