СІ. Қандай жазықтықты алсақ та сол жазықтықта жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де табылады.
СІІ. Бір түзуде жатпайтын кез келген үш нүкте арқылы бір ғана жазықтық жүргізуге болады.
СІІІ. Егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса,онда түзу тұтасымен осы жазықтықта жатады.
CIV.Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда жазықтықтар осы нүкте арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады.
Слайд
20
минут
Бекіту тапсырмасы
Практикалық жұмыс №1 Мына жағдайлардың әрқайсысын суретте бейнелеп көрсетіңіздер:
а және b түзулері α жазықтығында жатқан А нүктесі арқылы өтеді.
а түзуі α жазықтығында жатады, ал b түзуі α жазықтығында жатпайды.