Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №272 Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1,6см, в=4,5см. Үшбұрыштың ауданын табу керек. ШЕШУІ: А Бер: ∆ АВС, АС=в=4,5см ВС=а=1,6 см Т/к: S -? Itieі^ S=1|2 а*в S=1|2*1,6*4,5=36cм² в
С а В
ІІІ. «Сый табақ» Балалар уйге қонақ келсе уй иесі қандай әрекеттер жасайды? А) Төрге шығарамыз Ә)Дастарханға шақырамыз Б) Ет асып , табақ тартамыз Қазір біз мына келген қонақтарға «табақ тарату» рәсімін жасайық. Әр топқа табақ таратамын, ортасында «Үшбұрыш» сөзін жазамыз. Ал шетіне осы үшбұрыш туралы не білеміз, анықтамасын, қасиеттерін, үшбұрыш туралы теореманы да жазуға болады. 5 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.