Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек
Дата 08.07.2017 өлшемі 9,12 Kb. #20739 түрі Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек Математика пәні мұғалімі: Рахиева С.Т. Сабақтың тақырыбы: Шеңбер . Дөңгелек Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шеңбер , дөңгелек , диаметр , радиус , доға туралы түсініктерін қалыптастыру, шеңбердің радиусын , диаметрін белгілеулермен жаза білуге дағдыландыру .Дөңгелекті тұтас дене ретінде «1 бүтін» деп қабылдауды дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту. Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап. Сабақтың көрнекілігі: слайд,интерактивті тақта құралдары Сабақтың өту жоспары: 1 .Ұйымдастыру бөлімі. 2.Сабақтың барысымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын сұрау 4. Жаңа сабақ түсіндіру. 5. Практикалық жұмыс 6. Сабақты бекіту 7.Үйге тапсырма. 8.Бағалау. 2 санының бөлінгіштік белгісі? Натурал санның бөлгіштері? Натурал санның еселіктері? 5 санының бөлінгіштік белгісі? 10 санының бөлінгіштік белгісі? Жай және құрама сандар қандай сандар? Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу? Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не? 64санын жай көбейткіштерге? Шеңбер Шеңбер –барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын фигура. Дөңгелек Дөңгелек – шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі. Радиус Радиус - шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Бір шеңбердің барлық радиустары тең. Диаметр, доға. Шеңбердің центрі арқылы өтіп , оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді диаметр деп аталады. Диаметр шеңбер радиусынан екі есе ұзын. Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады. r – радиус d – диаметр d=2r Нені есте сақтадық? Айтыңдар: Центр Радиус Диаметр Доға Нүктелерді атаңдар: Шеңберге тиісті Шеңбер ішіндегі Шеңберге тиісті емес Шеңбердің сыртындағы Басы: Шеңбер - өзара қиылыспайтын … тұйықталған сызық. Радиус - …қосатын кесінді. Хорда – …қосатын кесінді Диаметр –бұл …қосатын кесінді Дөңгелек – …жазықтық бөлігі Диаметр – бұл…, хорда соңы: …центрден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелерден тұратын …шеңбермен шектелген. …шеңбердің екі нүктесін …шеңбер центрі арқылы өтетін. … шеңбердің екі нүктесін … центр арқылы өтетін және шеңбердің екі нүктесін Шеңбердің центрін, радиусын, диаметрін, хордасын атаңдар. 1. Қандай геометриалық фигуралармен таныстық? 1. Қандай геометриалық фигуралармен таныстық? 2. Шеңбер салу үшін, нені білуіміз керек? 3. Қандай құралдың көмегімен шеңбер салуға болады? § 3.1 Шеңбер және дөңгелек Достарыңызбен бөлісу: