Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық»



Дата15.09.2017
өлшемі46,17 Kb.
#33068
түріСабақ
Шеберлік шексіз байлық (сайыс сабақ)

6 - сыныптың ұлдарының арасында


Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.

Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтанышын сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Өз елін, халқын отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оюлар, карточкалар, сағат, дайын қиылған қаңылтыр материалы.

Сабақтың әдісі: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын тілі, сызу.

Сабақтың өтілу барысы:
Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті.
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер, оқушылар «Шеберлік шексіз байлық» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 6 сыныптардан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Өнер» және «Шебер»тобы

Сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.


Сайыс шарттары 6 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру»
(әр топтың басшысы өз тобымен таныстырады ) (4 минут)
2. «Сұрақ - жауап»
(сандықтан алынған сұрақтарға жауап беру) (7 минут)
3. «Ойлан тап»
(суретке мақал - мәтел құрап айту) (6 минут)

4. «Жұмбақтар шешу».

Жауабын құрал - саймандарды көрсету арқылы табу.
5. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» (қаңылтыр материалына ою - өрнек салу) (5 минут)
6. «Тапқыр достар» Анаграмма (әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешуі керек) (5 минут)
I. Шарт: «Таныстыру»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек салыпты.
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - деп келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруға берейік.
Әр топтың топ басшысы өздерінің тобымен таныстырады.

II. Шарт: «Сұрақ - жауап»
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысы.
Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 4 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 20 ұпай беріледі. Сандықтан әр топтың топ басшысы сұрақты алады. Жауап беруге 4 минут уақыт беріледі. Жауабын ортаға әр топтан бір адам ортаға шығып жауап береді.
«Өнер» тобына сұрақ
1) Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз?
- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз;
- Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата - бабадан қалған жұртты бұзбау;
2) Қазақша ай аттарын ата?
- Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан;
3) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?
- Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой - Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі баба;
4) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
- Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы т. б.

«Шебер» тобына сұрақ
1) Жеті атаны атап беріңіз?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене;
2) Жеті қазынаны атап беріңіз?
- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы;
3) Үш жүзді және үш көзді атаңыз?
- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз;
- Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ;
4) Бес қару деген не?
- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;

III. Шарт: «Ойлан тап»
Бұл сайыста интерактивті тақтадағы суретке байланысты мақал - мәтелдер айту.
«Өнер» тобына сұрақ

1) ою - өрнек


2) домбыра,
3) кітап, ,
«Шебер» тобына мақал-мәтел

1) ағаш,тал

2) балық

3) шаңырақ


ІV. «Жұмбақтар шешу».

«Өнер» тобына

1.Азулы хайуан – темір ер,


Әндетіп сүйек кемірер. (Ағаш кескіш ара)
2. Бір қыры - балта,
Бір қыры - балға.
Ағаштан шапқан,
Шегені қаққан. (шаппа шот)
3. Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ)

«Шебер» тобына
1. Кедір - бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
2. Болат түкті
Көсеу мықты
Тозаңдатып темірді үкті.(егеу)
3. Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (балға)


V. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен»
Бұл сайыста дайын ағашқа шекімелеп ою - өрнек салады.

VІ. сөзжұмбақ шешеді.
«Тапқыр болсаң тауып көр» Анаграмма

«Балға»

  1. Қазақша жыл атауы? / Барыс/

  2. Ерлердің ұлттық қыс аяқ қиімі? /байпақ/

  3. Ағашпен жұмыс істегенде шабуға қолданатын құрал? /балта/

  4. Киіз үй бөліктері? /босаға/

  5. Қазақтың ұлттық сүт тағамдары? /айран/

«Балта»

  1. Соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы? /балға/

  2. Киіз үй бөліктері? /бақан/

  3. Қазақша жыл атауы? /жылқы/

  4. Ерлердің ұлттық киімі? /тымақ/

  5. Қазақтың ұлттық сүт тағамы? /қаймақ/

Қорытынды:


Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.
Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.
Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін.
Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 12f4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f4 -> Сабақ (химия + Бейнелеу өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"
12f4 -> 10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»
12f4 -> Технологиялық карта Білім беру сапасы: Қатынас
12f4 -> Сабақтыңтақырыбы : Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Мақсаты : Оқушылардыңбілімінарттыраотырып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет