Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»



Дата04.07.2018
өлшемі17,04 Kb.
#46355
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» (“Қызыл жебе” романынан үзінді) Тұрар бейнесі

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Жас Тұрардың тауқыметке толы тағдыр белестерін тереңірек меңгерту, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, заман шындығының көріністерін талдау.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Қоғам қайраткері Тұрардың қызық та, қиын өмірінің кей тұстарынан деректер беру.

Тәрбиелік: Шығарма арқылы оқушыларды ата - анасын қадірлеуге, елін - жерін сүюге, намысшылдыққа, төзімділікке, қайсарлыққа сондай - ақ, білімнің шыңының зор екендігін түсінуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО элементтері, топпен жұмыс, «Екі жақты жазба күнделігі»

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекілігі: слайд, бейнекөрініс, плакат, маркер, стикер, жіп , смайлик

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту 1.Шаттық шеңберінде- «Өрмекші торы» (бір-біріне тілек айту) Стикерлерді алу арқылы екі топқа бөлінеді.

І топ Зерек Тұрар

ІІ топ Намысшыл Тұрар

2.Сабақтың мақсатымен таныстырып кету

Мұғалімнің алғы сөзі: Балалар, алдыңғы сабақта біз Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романының «Тұтқын бала» деп аталатын үзіндісін өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты кейіпкер Тұрардың өзіне тән тұлғасы мен көркемдік ерекшелігін талдаймыз.

Үйге қандай тапсырма берілді?


II Үй тапсырмасын сұрау.

Әңгімені толық аяқтап келген болсаңдар талдау сендерге қиындық туғыза қоймас деп ойлаймын.

Эльвира Ш.Мұртаза туралы слайд жасап келемін деген сонымен таныстырып өтсін.

Енді балалар, сендердің мәтінді қаншалықты меңгергендеріңді, мәтінді оқу барысында қандай ой түйгендеріңді байқау үшін «Кім жылдам» бағытында Атаулы сұрақтарға жауап берулерің сұралады. Тақырыпқа орай, толық жауап берейік.

I Бағыт «Кім жылдам»

«Зерек Тұрар» тобына

1.« Оян, Тұрар!»- деп Тұрарды камерада оятқан кім?

2. Приходько мырзаның ұлының аты кім?

3. Аркаша сабақты қалай оқыды?

4. Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім?

5. Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?

6. Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім?

7. Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?

8. Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?

9. Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?

10. Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?

«Намысшыл Тұрар » тобына

11. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?

12. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?

13.«Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты?

14. Сұлу мұртты, бойы тіп - тік, әскери кісі кім?

15. Семашко мырза оқушы - шәкірттерді қалай таңдады?

16. Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады?

17. Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?

18. Директор сол кезде не істеді?

19.«Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды». Кімнің сөзі?

20.«Сен жаралы арыстанның баласысың, бауырым, Қызыл Жебе!»деген сөзді кім айтты?

Екі топ бір-бірін толықтыруға болады. (Смайлик арқылы бағалап өту)



ІІ.Мағынаны ажырату

1. «Ойлы болсаң , озып көр»

І топ «Зерек Тұрар» Әңгіменің композициялық құрлысына талдау, Тұрарға мінездеме.

1. Әңгіменің басталуы

2. Әңгіменің дамуы

3.Әңгіменің байланысуы

4.Әңгіменің шиеленісуі

5. Шарықтау шегі

6. Әңгіменің шешімі

ІІ топ «Намысшыл Тұрар» Әңгімеге сюжеттік талдау, әр бөліміне тақырып қою. Тұрарға мінездеме

Топ басшылары қорғайды.



2. «Болар бала алысқа қарайды»

Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді дәптерлеріне жаздырту. Әр оқушы әңгімеде қандай кейіпкерлер бар екендігін жазуы тиіс .Кейіпкерлері : Рысқұл Тұрардың әкесі, Тұрар Рысқұлдың баласы, қазақ халқының болашақ қайраткері. Приходько - түрме бастығы И. Владимировичке – мұғалім Атамырза – Айбар мырзаның ұлы Семашко – тергеуші Қырғызбай – әкесінің туысы Салиха бәйбіше – Қырғызбайдың кемпірі. Броников - жазасын өтеуші.



3.Сергіту сәті

Бала Тұрардың бейнесін өзім толықтырып өтемін. Жақсы балалар. Біз бүгінгі сабақтың барысында Тұрар бейнесінің қырларын, шығарма желісі мен көркемдік ерекшелігін мүмкіндігімізге қарай талдап шықтық. Жалпы дайындықтарың жаман емес. Өздерің шығармада талдағандай болар бала алысқа қарайды дедік. Ендеше мен қоғам қайраткері тұлғасына көтерілген Тұрар Рысқұлов жайлы мәлімет бере кетейін.

1. Тұрар – сезімтал.

2. Тұрар – еңбекқор.

3. Тұрар - ұғымтал, білімге құштар

4. Тұрар – намысшыл

5.Тұрар-арманшыл

Біз 8 - сыныпқа барғанда Тұрар Рысқұловтың әкесі жайлы жазылған М. Әуезовтің « Қараш - Қараш оқиғасын» оқимыз...



4.«Бала Тұрардан, қоғам қайраткері Тұрарға дейін» видео көрсетемін.

Осы бейнебаяннан не ұқтыңдар? Оқушылардың жауаптары сұралады.



Ой толғаныс

«Екі жақты жазба күнделігі» Мәтіннен үзінді жазу, Оқушы пікірі жазылу керек.



Әңгімеден үзінді

Оқушы пікірі

-Турарка , сен де шоқына сал, пайдасы болмаса, зияны жоқ. «Иә, құдай, көкемді дарға асылудан сақта » десең мүмкін құдайдың құлағына шалынар. Үш саусағыңды бүрістіріп, маңдайыңмен екі иығыңа тигізе салу , әрі-беріден соң қиын да емес. Бірақ соған қолың бармайтын бір құдірет жүректе тұр.




Рефлексия «Таудың шыңы» Оқушылар бойынша талап, тілектерін жазып таудың әр тұсына іледі.Бағалау

Үйге тапсырма: « Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбына ойтолғау жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет