Ш.Мұртазаның шығармаларын топтастырады.
Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларынша жауап береді. Сол арқылы әңгіменің мазмұнын меңгереді.
Оқушылар Шерхан Мұртазаның өмір жолдары, шығармашылығы туралы түсінік ала отырып, «Тұтқын бала» мәтінінің мазмұнын меңгереді.
Оқушылар Ш.Мұртазаның шығармаларымен танысып, танымдарын кеңейтеді.
«Қызыл жебе» романының белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өміріне арналған шығарма екенін түсінеді. Тұрар Рысқұловтың өмір жолдарымен танысады.
«Болжау» стратегиясы бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, әңгіменің мазмұнын әрі қарай жалғастырады. Сөйлеу мәдениеттерін дамытады.
|
V.Жаңа білімді бекітуді ұйымдастыру
|
Тапсырмалар:
1. Сөздік жұмысы
Камера-
Губернатор-
Надзиратель-
Гимназия-
Кафедральді собор-
Кісен –
|
Тапсырмалар:
Сөздікпен жұмыс
Камера- түрмеде кісі қамайтын жеке бөлме.
Губернатор- патшалық Ресейде арнаулы бір облыс бастығы.
Надзиратель- тәртіптің бұзылуына жауапты адам, бақылаушы
Гимназия- революцияға дейінгі Ресейдегі орта дәрежелі оқу орны.
Кафедральді собор- қаладағы және монастырдағы ең үлкен шіркеу.
Кісен – қолға, аяққа салынатын темір бұғау, тұсау.
Әліпби-арабша әріп танып, оқып үйрену, яғни «Әліппе» үйрену.
|
Сөздікпен жұмыстану арқылы тіл байлықтары дамиды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін 202-бетке дейін оқып, мазмұндау.
«Егер менің қолымда күштінің әлсізге жасаған әділетсіздігін таптайтын сиқырлы таяқша пайда болса…» деген тақырыпта ойтолғау жазыңыздар.
|
Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.
Сұрақтары болса қояды.
|
Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге үйренеді.
|
Қорытындылау
|
- Бүгінгі сабақтан қанатына қырау қатқан Тұрардың балалық шақтағы қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады» деуші еді ғой халық. Тұрар да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен. Келесі сабақта оның білім алу жолындағы таудай талабына куә боламыз.
Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.
-Сау болыңыздар!
|
Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.
|
Оқушылар кемшіліктері,
жетістіктері туралы біле
отырып бағаланады.
|