Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»



бет2/3
Дата29.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#45181
түріСабақ
1   2   3

Ақпан айының он тоғызы.

Шерхан Мұртаза

«Тұтқын бала»



Өткен
материалдарды
еске түсіре
отырып,
оқушылар жаңа материалды меңгеруге дайындалады.

IV.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

-Балалар, Шерхан Мұртаза туралы не білеміз? Оның қандай шығармалары бар?

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Енді мен сендерге олар туралы қосымша айтып өтейін.



Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Шерхан Мұртазаның балалық бал дәурені соғыспен тұспа- тұс келіп, шығармаларында қоғамның ащы шындығын кестелеп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл адамдарының әр алуан тағдырларын баяндап, ел басына қаралы қасіретті күн туған, сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны бақытсыз еткен соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысын аянышты тағдырын әңгімелейді. Бұл туындыларының қатарына «41-жылғы келіншек», «Мылтықсыз майдан» повесі, «Бір нәзік сәуле», «Жүз жылдық жара», «Аманат, «Қызыл жебе» романдарын, “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты” пьесаларын жатқызамыз.

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы жазушының белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өміріне арнаған шығармасы.

«Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын бастап түсіндіремін.

-Ал енді оқулығымызды ашып «Тұтқын бала» мәтінін 199-беттен бастап оқиық. Мәтінді 202-бетке дейін оқимыз.

Мәтінді тізбектей оқытып, сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.
«Болжау» стратегиясы

1) Рысқұл не себепті түрмеде жатыр? Приходько мырза Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда қандай мақсат көздеді деп ойлайсыз? Приходько мырза Тұрарды қайда жұмсауы мүмкін?

2) Аркаша мен Наташаны гимназияға әкеліп тұрған Тұрар осы сәтте не ойлауы мүмкін?

3) Тұрар түрменің ауласын тазартамын деп жүріп, қарғыс пен қасіреттің гимніндей естілген кісеннің салдырынан елең етіп тұтқындарға қараймын дегенде үйме тезегі бар арбасын құлатып алады. Мұны көріп тұрған надзиратель Тұрарға не деуі мүмкін?

4) Ірің көз надзирательдің ашуының қабы ашылып кеткендей Тұрарды алқымынан алып, жерде шашылған тезек қиларын тұмсығымен тазартпақ болып төніп тұр. Сіздің ойыңызша бұл сәтте Тұрарға кім арашашы болуы мүмкін?


Оқушылар ана тілден білетіндерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

Шерхан Мұртазаның өмірбаянымен танысады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет