Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов халық жазушысы Оқу мақсаты



Дата09.04.2023
өлшемі395,28 Kb.
#174044
түріСабақ
Байланысты:
31 сабақ Шыңғыс Айтматов – халық жазушысы
Абай өлеңдерімен сырласу, 1559798630



Мұғалімнің аты-жөні




Пән/сынып:

Қазақ тілі мен әдебиеті, Т 2 6 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

10-бөлім: Жер байлығына аяулы көзқарас

Сабақтың тақырыбы:

Шыңғыс Айтматов – халық жазушысы

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру;
6.3.6.1. тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.



Сабақ мақсаты:

Сабақ мақсаты:

  • Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындай білу;

  • Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.




Бағалау критерииі:

- Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- Мәтін бойынша тапсырма орындай алады;
- Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырады.



Уақыты

Кезеңдері

Мұғалім мен оқушының әрекеті



Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, 6-сынып оқушылары!
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру.






Таныстырылым
Слайд №1,2

3 минут
2 минут

10минут

5минут

5 минут


2 минут

Жаңа сабақ


ІІ. Негізгі бөлім
А) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.

ІІІ. Қорытынды бөлім



Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:
Жұбайы – күйеуі,жолдасы
Түңілмейді – мойымайды; үмітсіздікке салынбайды
Адамзат – адам; пенде
Асыраушысы – қамқоршысы; тірегі
Жинақталған бейне – сомдалған бейне


Ой шақыру



  1. Ш.Айтматов туралы не білесіз?

  2. Оның қандай шығармаларын білесіз?

  3. Ш.Айтматов – қай елдің жазушысы?


Жауабын салыстырыңыз



  1. Ш.Айтматов – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері.

  2. Ш.Айтматов шығармалары: «Аспалы көпір», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары.

  3. Ш.Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы.



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы туған. Қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс – қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді.
Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті. Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін, қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.
Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықты баяндайды. Онда бір отбасының өмірі суреттеледі. Негізгі кейіпкері – Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады. Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңілмейді. Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады. Себебі Жер - барша адамзаттың анасы, асыраушысы. Жер-Ана Толғанайға таусылмайтын күш-жігер береді. Толғанай – соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі. Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіретін барлық адамзатқа айтқысы келеді. Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын, ерлігін бейнелейді. Қайғы-қасіреттен түңілмеген Ана бейнесі арқылы жазушы өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді.


2-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап бер.



  1. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов Ш.Айтматов туралы не деген еді?

  2. Ш.Айтматовтың балалық шағы қай кезде өтті?

Дескриптор
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- өз ойын дұрыс жеткізеді.
Жауабыңызды салыстырыңыз!



  1. Қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс – қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді.

  2. Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті.






Жауабыңызды салыстырыңыз!



4-тапсырма. «Қосжазба күнделігі». Мәтін мазмұнына сүйеніп, үш тұжырымға түсініктеме жаз.



Жауабыңызды салыстырыңыз!

Бүгінгі сабақта:

  • Мәтін бойынша сұраққа жауап бердіңіздер;

  • Жаңа сөздермен таныстыңыздар;

  • Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бердіңіздер;

  • Мәтін бойынша ақпараттың дұрыс, бұрысын анықтадыңыздар;

  • Мәтін мазмұнына сүйеніп,тұжырымға түсініктеме жаздыңыздар;

  • Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырдыңыздар.

Қосымша тапсырма: Өз атыңыздан Жер-Анаға сегіз-он сөйлемнен тұратын хат жазыңыз.


Жаңа сөздерді есте сақтау.

Мәтін мазмұнын түсінеді,


сұрақтарға дұрыс жауап береді,
өз ойын дұрыс жеткізеді.

Сөйлемдерді мұқият оқиды;


Дұрыс, бұрыс ақпараттарды анықтайды.

Мәтінді түсініп оқиды;


Үш тұжырымға түсініктеме жазады.


слайд №3,4
Слайд № 5,6
Слайд №7

Слайд 8,9


Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12,13


Слайд №14



Слайд №15




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет