3 минут
2 минут
10минут
5минут
5 минут
2 минут
|
Жаңа сабақ
ІІ. Негізгі бөлім
А) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.
ІІІ. Қорытынды бөлім
|
Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:
Жұбайы – күйеуі,жолдасы
Түңілмейді – мойымайды; үмітсіздікке салынбайды
Адамзат – адам; пенде
Асыраушысы – қамқоршысы; тірегі
Жинақталған бейне – сомдалған бейне
Ой шақыру
Ш.Айтматов туралы не білесіз?
Оның қандай шығармаларын білесіз?
Ш.Айтматов – қай елдің жазушысы?
Жауабын салыстырыңыз
Ш.Айтматов – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері.
Ш.Айтматов шығармалары: «Аспалы көпір», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары.
Ш.Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы туған. Қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс – қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді.
Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті. Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін, қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.
Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықты баяндайды. Онда бір отбасының өмірі суреттеледі. Негізгі кейіпкері – Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады. Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңілмейді. Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады. Себебі Жер - барша адамзаттың анасы, асыраушысы. Жер-Ана Толғанайға таусылмайтын күш-жігер береді. Толғанай – соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі. Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіретін барлық адамзатқа айтқысы келеді. Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын, ерлігін бейнелейді. Қайғы-қасіреттен түңілмеген Ана бейнесі арқылы жазушы өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді.
2-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап бер.
Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов Ш.Айтматов туралы не деген еді?
Ш.Айтматовтың балалық шағы қай кезде өтті?
Дескриптор
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- өз ойын дұрыс жеткізеді.
Жауабыңызды салыстырыңыз!
Қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс – қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді.
Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті.
Жауабыңызды салыстырыңыз!
4-тапсырма. «Қосжазба күнделігі». Мәтін мазмұнына сүйеніп, үш тұжырымға түсініктеме жаз.
Жауабыңызды салыстырыңыз!
Бүгінгі сабақта:
Мәтін бойынша сұраққа жауап бердіңіздер;
Жаңа сөздермен таныстыңыздар;
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бердіңіздер;
Мәтін бойынша ақпараттың дұрыс, бұрысын анықтадыңыздар;
Мәтін мазмұнына сүйеніп,тұжырымға түсініктеме жаздыңыздар;
Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырдыңыздар.
Қосымша тапсырма: Өз атыңыздан Жер-Анаға сегіз-он сөйлемнен тұратын хат жазыңыз.
|
Жаңа сөздерді есте сақтау.
Мәтін мазмұнын түсінеді,
сұрақтарға дұрыс жауап береді,
өз ойын дұрыс жеткізеді.
Сөйлемдерді мұқият оқиды;
Дұрыс, бұрыс ақпараттарды анықтайды.
Мәтінді түсініп оқиды;
Үш тұжырымға түсініктеме жазады.
|
слайд №3,4
Слайд № 5,6
Слайд №7
Слайд 8,9
Слайд №10
Слайд №11
Слайд №12,13
Слайд №14
Слайд №15
|