Сабақтың тақырыбы: «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері»


Моңғол империясындағы тақ мұрагерлігі тәртібі



бет11/13
Дата08.02.2022
өлшемі337,22 Kb.
#122516
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
f4d5fb21-19a2-4efa-a743-bf3567c9f866

Моңғол империясындағы тақ мұрагерлігі тәртібі. Мемлекеттегі жоғары билік Шыңғыс ханның «алтын әулетінде» мұрагерлікпен қалдырылатын болды. Хан атағына ерекше құқық Шыңғыс ханның тек алғашқы төрт ұлы (Жошы, Шағатай, Үгедей және Төле) мен олардың тікелей ұрпақтарына ғана берілді. Жоғарғы билікке тек «алтын әулет» мүшелері ие болды. Маңызды мәселелерді Шыңғыс хан ұрпақтары мен ақсүйектер жиналысы - құрылтай шешетін болды. Құрылтайда «алтын әулеттің» кез келген лайықты өкілі хан болып сайлана алатын еді.
Қорытынды. XIII ғасырда Орталық Азиядан шығыс, оңтүстік және батыс бағыттардағы моңғолдардың басқыншылығы Еуразиядағы басты оқиға болды. Ол Моңғол империясының пайда болуына әкелді. Бұл дүниежүзілік тарихта құрлықтағы ең ірі империя саналады. Моңғол империясы көшпелілер мемлекеттілігі дамуының үшінші, ең жоғарғы кезеңі болып табылады. Моңғол империясы әскери-әкімшілік жүйе, иерархиялық үлестік жүйе, елдерді өзіне бағындыру идеясы тәрізді Түрік империясының көптеген белгілерін өзіне қабылдады. Сондай-ақ оларға қатаң соттық-құқықтық жүйе, басқыншылықты идеологиялық негіздеу мен жоғарғы биліктің ерекше тұжырымдамасы қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет