Сабақтың тақырыбы: «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері»


Моңғолдар Қазақстан аумағында



бет4/13
Дата08.02.2022
өлшемі337,22 Kb.
#122516
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
f4d5fb21-19a2-4efa-a743-bf3567c9f866

Моңғолдар Қазақстан аумағында. Шыңғыс ханның күшеюі кезінде наймандардың бір бөлігі Жетісуға көшіп кетті. Бұл жерде наймандардың ханы Күшлік 1210 жылы Қарақытайлар мемлекетіндегі билікті басып алды. Күшлік хан Шығыс Түркістанның түркі тайпаларына шапқыншылық жасай бастағандықтан, олардың билеушілері Шыңғыс ханнан көмек сұрайды. 1218 жылы моңғолдар Күшлік ханды талқандап, өз империясына Жетісу мен Қарақытайлар мемлекетінің бүкіл шығыс бөлігін қосып алды.
Сол жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы қыпшақтардың арасында жасырынып жүрген меркіттерді күйретті. Бұл уакытта хорезм- шах Мұхаммед қыпшақтарға карсы 60 мыңдық әскерімен жорыққа шыққан еді. Осылайша Торғай даласында моңғолдар мен хорезмдіктер ұшырасып қалды. Бұл шайқаста ешкім жеңіске жетпегенімен, Шыңғыс ханның Хорезмшахпен соғысы болмай қоймайтын жағдайға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет