Сабақтың тақырыбы: «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері»


Көшпелілер мемлекетінің үшінші үлгісі



бет8/13
Дата08.02.2022
өлшемі337,22 Kb.
#122516
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
f4d5fb21-19a2-4efa-a743-bf3567c9f866

Көшпелілер мемлекетінің үшінші үлгісі. Моңғол империясы - көшпелілер империясының неғұрлым толық және дамыған түрі. Оны басқару үшін ортақ құқықтық ережелер жасап шығаруға тура келді. Көшпелілердің әдеттік құқығының негізінде заңдар мен нұсқаулардың жазбаша жинағы - «Ұлы жасақ» жасалды. «Ұлы жасақ» 1206 жылғы құрылтайда қабылданып, 1225 жылы бекітілді. «Ұлы жасақтың» қатаң кағидаларын сақтау ұлы ханның барлық қол астындағылар үшін ғана емес, сондай-ақ оның өзі және Шыңғыс ханның барлық ұрпағына да міндетті болды. «Ұлы жасақ» көшпелі өмір ережелерін жасады. Онда қылмыстар және қылмыскерлерге қолданылатын жазалар көрсетілді.
Шариғат қағидалары бойынша өмір сүруге үйренген мұсылмандар «Ұлы жасаққа» бағынғылары келмеді. Уақыт өте келе, Моңғол империясының батыс ұлыстарындағы Шыңғыс хан ұрпақтары және әскери- көшпелі ақсүйектер ислам дәстүрін қабылдады. Олар «Ұлы жасақты» сақтауды қойды және шариғат бойынша өмір сүре бастады.
Моңғолдарда хандардың нақыл сөздерін жазып алып, олардың өлімінен кейін тарататын әдет қалыптасты. Шыңғыс ханның нақыл сөздері - біліктердің кейбіреулері сақталған. Біліктерде сот жүргізу тәртібі белгіленген. Олар арнайы оқытылды, Шыңғыс хан ұрпақтары мен әскери ақсүйектер жылына екі рет Шыңғыс хан біліктерін «келіп, тыңдауы» тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет