Сабақтың тақырыбы: «Шылау». 1-6 -жаттығу



Дата27.12.2016
өлшемі75,15 Kb.
#5571
түріСабақ
Оспанова Ботагоз Абдажалиловна,

№17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

ОҚО, Сарыағаш ауданы

Сабақтың тақырыбы: «Шылау». 1-6 –жаттығу

II. Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелігі: Ізденімпаздыққа, бірлікке, тапқырлыққа, өз еліміздің адал, сауатты азаматы болуға тәрбиелеу.

Білімділігі: Шылау туралы түсінік беру, шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін түсіндіру, атқаратын қызметін ұғындыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, ойлау жүйесін, шығармашылығын, сауаттылығын, есте сақтау мен танымдық қабілеттерін дамыту.

III.Сабақтың әдісі-тәсілі: түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау,орындату,сұрақ-жауап.

IV. Көрнекілігі: суреттер, оқулық, кестелер, үлестірмелі материалдар, жаттығулар.

V. Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық.

Ашық аспан болсын !

Әр күніміз біздің.

Сәттілікке толсын !

Қазақ тілі пәнінен

Білмегенді білейік

Үйренейік, күлейік !

3.Үй тапсырмасын тексеру ережені сұрау.

Кәмпит шашу. Кәмпиттерді сұрақтар берілген, сұраққа жауап алу.



  1. Үстеу дегеніміз не?

  2. Үстеу нешеге бөлінеді?

3. Мезгіл үстеулері дегеніміз не?

4. Мекен үстеулері дегеніміз не?



  1. Сын-қимыл үстеулері дегеніміз не?

6 Бүгін-ертең үстеуі қайсысына жатады?

7 Қалай сұрағына жауап беретін үстеулерге мысал келтір? т.б.

ІІ. Ой қозғау.

Қандай сөз таптарын білеміз?

V. Жаңа сабақ. Шылау. 1-6-жаттығу

Бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз.

Шылау – өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.

Мысалы: мен (бен,пен ), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе),па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын. Жұлдыз – жеңіс пен асқақ арманға жетелейтін белді. Үйрек, қаз, тырна, қоқиқаз және бірқазандар өзен жағасында тіршілік етеді.

Бұл сөздердің толық мағыналары бар ма?



  1. Сөйлем ішінде сөйлем мүшесі болып тұр ма?

  2. Сөйлем ішінде қандай қызмет атқарады?

Бұл сөйлемдегі үшін, пен, және деген сөзердің толық мағынасы жоқ, бірақ олар өзі қатысты сөздерге қосымша және үстем белгілі қызмет атқарып тұр, сөздерді байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін айтып, көрсетіп тұр.

Олай болса, басқа сөз таптарындай жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ арнайы сұраққа жауап бермейді.

Сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, көмекші сөздер қызметін атқарады. Мағынасы болу үшін толық мағыналы сөздердің жетегінде жұмсалды. Шылау: мен, бен, пен, және, туралы, ғой, қой, ақ, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, ғана, қана, дейін, шейін.

VІ Пысықтау

Жұппен жұмыс жүргізу


  1. Шылау дегеніміз не?

  2. Шылауларды ата.

  3. Мен (бен, пен), және шылауларына мысал келтір?

  4. Да (де), та (те) шылауларына мысал келтір?

  5. Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп тұр.

Осы сөйлемдегі шылауларды тап.

  1. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларына мысал келтір?

  2. Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларына мысал келтір?

  3. Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылауларына мысал келтір?

  4. Мына сөйлемдегі шылауды тап. Бөрібасар мен бөтен ит таласты.

10.Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажырат.

Сергіту сәті.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым , бақытым дара тілім.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазылуына көңіл бөлу.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Ауызша орындаймыз.

2- жаттығу. Өлеңді жатқа жаз

Бір оқушы оқып береді. Шылау сөздерді айтып шығады.

Суретпен жұмыс.

3-жаттығу. Шығармашылық жұмыс.

Шығармашылық жұмысты оқушылар шылауларды өздері орындайды.

Нұржан көпке үн қатпай тұрды.

Амантай Маралбек малды кезек бағады.

Нан дүкеніне барып келе .

Батыр ел туады, ел өледі.

Мен қалаға келдім. Айгүл мен Сәуле сабаққа бірге дайындалады.

4- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз.

1.Біздің сыныптың ұлдары ... қыздары ... өнерлі. 2.Мұғалім әкеме менің қалай оқитыным ... айтты. 3. Әжей Алматқа өзіне көмектескені ... алғыс айтты. 4. Алмас ... Ербол сабаққа бірге дайындалады.

VІI Қорытынды:

Сонымен балалар, қорыта келгенде шылаудың басқа сөз топтарынан қандай айырмашылығы бар екен.

Сөйлем мүшесі болмайды Толық мағынасы жоқ

Овал 5

Сөз бен сөзді, сөйлем мен

сөйлемді көмекші сөз

байланыстырады

Арнайы сұраққа жауап Сөзге қосымша мағына береді.

бермейді.



Семантикалық карта

р/с

Сөздер

Сөз таптары







Зат есім

етістік

Сын есім

Сан есім

есімдік

үстеу

шылау

1

Кітап

+



















2

Былтыр
















+




3

Сен













+







4

Қана



















+

5

Жаз




+
















6

Сары







+













7

Он бес










+










8

Шейін



















+

VIII Үйге тапсырма: 6 - жаттығу.

«Туған жердің ауасы да шипа» тақырыбына әңгіме жазып келу.



Шылауды жаттау.

IX Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет