Түзілген СО темір кенімен әрекеттесіп оны бос күйдегі темірге дейін тотықсыздандырады, темір кенінің тотықсыздануы негізінен домнаның жоғарғы жағында жүреді,
Домнаға салынған темір кені таза күйінде емес,құрамында темір оксидтерінен басқа бос жыныстар, мыс: құм SiO2 кездеседі
Горндегі кокс жанып СО2 –геайналады.ал СО2 жоғары қарай қызған кокстың арасымен өткенде онымен әрекеттесіп, СО айналады.
Домананың жоғарғы жағында темір оксидтерінің тотықсыздануы нәтижесінде түзілген темір пештің төменгі жағына (распарға) түсіп балқиды да көміртегінің біраз мөлшерін ерітіп шойынға айналдырады
Егер ауаның орнына домнаға оттегімен байытылған ау жіберсе, ауаны колошник газымен жылытудың қажеті болмайды. Сондықтан куперлер де керексіз болып қалады, яғни шойын қорыту процесі ықшамдалады және сонымен қатар пештің өнімділігі артады. Жұмсалатын отынның мөлшері азаяды. Домна пеші бірнеше жыл үзіліссіз жұмыс істеді.тәулігіне 1,5-3 мың т шойын өндіреді
Шойын ағып,горнның төменгі жағына жиналады, ал массасы жеңіл балқыған шлак шойынның бетіне жиналып,оны тотығып кетуденм сақтап тұрады. Шойын мен шлак жиналған соң ауық-ауық арнаулы тесіктер арқылы құйып алып отырады.,ал оған дейін бұл тесіктерді сазбен бекітіп қояды.
Домнадан шығатын колошник газының құрамында 30% ке дейін Со болады. Бұл газдарды арнаулы кауперлерде жағып домнаға келетін ауаны жылытады.
Домнадан алынған шойында 93% шамасында темір, 5% С және0,3% Si, 1% ке дейін Мn, 0,1% S, 0,5 P кейде басқа қосымшаларда болады
Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын).