Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы өмірі. «Зар заман»



бет1/2
Дата04.06.2024
өлшемі20,18 Kb.
#203141
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
00075c2e-d144178e


Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы өмірі. «Зар заман» өлеңі
Сабақтың мақсаты: А)Шортанбай Қанайұлының ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.
Ә)Танымдық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Б)Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «шығарма кестесі», «екі жақты күнделік»,
Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Сүйінбай Аронұлы өмірі
Өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Оқушыларға Шортанбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:
1. Шортанбай ақын туралы не білеміз?
2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны?
3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?
2.Бейнетаспадан Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тыңдау.
Шортанбай Қанайұлы 1808 жылы қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірінде дүниеге келген. Ақын, діни қайраткер. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. ХІХ ғ. өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.
ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет