Сабақтың тақырыбы: Сиыр. 30 -31 жаттығу Сабақтың мақсаты



Дата05.11.2016
өлшемі55,51 Kb.
#419
түріСабақ


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Өмірбекова Динара Нұрболатқызы

Сабақтың тақырыбы: Сиыр. 30 -31 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың сиыр туралы түсінігін кеңейту, жуан дауысты дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. 2)сөздік қорын молайту, ақыл- ойын дамыту, сауатты көркем жаза білуге баулу. 3)Төрт түлікті қадірлеуге, күтіп баптауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің суреті, төрт түліктің суреті
Түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушы назарын аудару ә) психологиялық дайындық

Қане, алға қарайық,
Сабаққа зер салайық.
Жақсы оқып сабақты,
Бүгін «5»- тік алайық!
II Үй тапсырмасын пысықтау Iтоп «Ақ бұзау» өлеңін жатқа айту II топ «Бұзау» сөзіне сипаттама беру III топ «Адасқан әріптер»ойыны О а б т - бота а ұ з у б – бұзау л н ұ қ ы- құлын ы қ з о- қозы IVтоп «Сәйкестендіру» тесті Төлімді тап.

Жылқы бота Сиыр лақ Түйе құлын Қой бұзау Ешкі қозы

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен үзінді -Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт , май жасайды,етімді жейді. Жыл басы мен боламын. Мө-мө деп мөңіредім
Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым
Дайын тұр тұрағым
Сүтіммен, етіммен
Адамға ұнадым

  • Қай түлік жайлы айтылды?

  • Ертегі қалай аталады?

  • Сиыр малы өзінің пайдасы туралы не айтты?

Iтоп Сиыр жайлы білетінін айту. II топ «Сәйкестендіру » тесті



кісінейді

мөңірейді

Сиыр ұшады

бұзаулайды

лақтайды

III топ Сиырдың сүтінен қандай тағамдар жасалады? IVтоп Сиыр малын күтіп бағу жайлы не білеміз?

IIІ.Жаңа сабақты түсіндіру




Сиыр сүтінен жасалатын тағамдар

Сиыр етінен жасалатын тағамдар

Сиыр терісінен жасалатын заттар

Сүт Қаймақ Май Құрт Ірімшік Айран

Бесбармақ Қуырдақ Шұжық Тұшпара

Тон Етік Былғары белдік Ат әбзелдері Әшекей бұйымдар

Сиырдың жас ерекшелігіне қарай аталуы: бұзау, баспақ, торпақ,тана, тайынша,қашар,сиыр

ІVОқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру.
Қадыр Мырза Әли - қазақтың көрнекті ақындарының бірі, жазушы, аудармашы. 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.

«Сиыр» өлеңін оқу, мағынасын ашу.
Тізбектей оқыту
Сөздік жұмыс
Шүйгін – құнарлы, отты, шөбі көп жер.

Шара- ыдыс

Сергіту сәті «Көңілді күн»
Жаңылтпашты жаңылмай айт! Айдарбек «Бұзауды өзі байлар,»-деп, Айтып кетті Айбар менен Қайдар кеп.

Оқушыларға оқыту.
а) хормен
ә) жеке
Жаңылтпашты жатқа айтқызу.

Мақалдар 1. Сиырдың сүті –тілінде. 2.Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. 3.Сиыр сауған шөлдемес. (мағынасын түсіндіру)


V.Дәптермен жұмыс
31-жаттығу Көп нүктенің орнына жуан дауысты дыбысты қойып, көшіріп жазыңдар.

Жұмбақ
Қ...яды екен әр шаруа
Қазығ...на құт байлап,
Қанша қ...йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт, қаймақ.
(сиыр) Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс. Сиыр, мөңірейді, Зеңгі баба, бұзау
сөздеріне сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерін талдату.


VI.Сабақты бекіту

- Сиырдың қандай пайдасы бар?
- Жуан дауыстыларды атаңдар.

VII.Үйге: 30-жаттығу. «Сиыр» өлеңін жаттау.
VIII Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет