Сабақтың тақырыбы:Сиыр. 30 -31 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың сиыр туралы түсінігін кеңейту, жуан дауысты дыбыстар туралы білімдерін пысықтау. 2)сөздік қорын молайту, ақыл- ойын дамыту, сауатты көркем жаза білуге баулу. 3)Төрт түлікті қадірлеуге, күтіп баптауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру. Көрнекілігі:Қадыр Мырза Әлидің суреті, төрт түліктің суреті Түрі:аралас сабақ
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі а)Оқушы назарын аудару ә) психологиялық дайындық Қане, алға қарайық, Сабаққа зер салайық. Жақсы оқып сабақты, Бүгін «5»- тік алайық! II Үй тапсырмасын пысықтау Iтоп «Ақ бұзау» өлеңін жатқа айту II топ «Бұзау» сөзіне сипаттама беру III топ «Адасқан әріптер»ойыны О а б т - бота а ұ з у б – бұзау л н ұ қ ы- құлын ы қ з о- қозы IVтоп «Сәйкестендіру» тесті Төлімді тап.
Жылқы бота Сиыр лақ Түйе құлын Қой бұзау Ешкі қозы
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен үзінді -Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт , май жасайды,етімді жейді. Жыл басы мен боламын. Мө-мө деп мөңіредім Молшылық төңірегім Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім Көгалда тұрағым Дайын тұр тұрағым Сүтіммен, етіммен Адамға ұнадым
Қай түлік жайлы айтылды?
Ертегі қалай аталады?
Сиыр малы өзінің пайдасы туралы не айтты?
Iтоп Сиыр жайлы білетінін айту. II топ «Сәйкестендіру » тесті
кісінейді
мөңірейді
Сиыр ұшады
бұзаулайды
лақтайды
III топ Сиырдың сүтінен қандай тағамдар жасалады? IVтоп Сиыр малын күтіп бағу жайлы не білеміз?
Сиырдың жас ерекшелігіне қарай аталуы: бұзау, баспақ, торпақ,тана, тайынша,қашар,сиыр
ІVОқулықпен жұмыс Автормен таныстыру. Қадыр Мырза Әли - қазақтың көрнекті ақындарының бірі, жазушы, аудармашы. 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.
«Сиыр» өлеңін оқу, мағынасын ашу. Тізбектей оқыту Сөздік жұмыс Шүйгін – құнарлы, отты, шөбі көп жер. Шара- ыдыс
Сергіту сәті «Көңілді күн» Жаңылтпашты жаңылмай айт! Айдарбек «Бұзауды өзі байлар,»-деп, Айтып кетті Айбар менен Қайдар кеп. Оқушыларға оқыту. а) хормен ә) жеке Жаңылтпашты жатқа айтқызу.