Қазақ тілі
6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Білімділік мақсаты: Сын есім туралы, оның жасалуын еске түсіре отырып, мағыналық түрлеріне тоқталу, мәтін ішінен оларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қортыныдысын жасауды игерту, Сапалық және қатыстық сын есімдерге мәтін құрастыра алу.
Тәрбиелік: Шыдамды, сабырлы болуға, ана тілінің қадірін жете түсініп, құрметтеуге баулу. Ұлттық дәстүрді аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, ынталандыру, ой салу
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Бұрынғы білімдерін еске түсіру.
Жаңа сабаққа келмес бұрын, сын есімнің жасалуын, олардың негізігі, туынды түрлерін бірнеше мысалдармен дәлелдетіп, еске түсіремін.
Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.
-ынды, -інді, - улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш
Қой... жуас, жолдас... адам, жаса... сағат, айт... ақын, біл... маман, ал... бүркіт, түй... сөз.
Қызығушылығын ояту:
... Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен.
... Үстіндегі көйлегіндей көгілдір көзді әнші әйел әнмен бірге өзі де аспанға оп-оңай көтеріліп кеткендей көрінеді. ... Өнерлі бала екен...- деді. Мен онысын «үйрен» дегендей ұқтым.
Оқушыларға тапсырма
1. Мәтін қай шығармадан алынған? ( 5- сынып оқулығындағы Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі. «Қазақ солдаты» орманынан үзінді).
2. Мәтіннен қандай сын есімдер кездестірдіңдер? Тіркескен сөздерімен бірге айтыңдар.
Ой қорыту.
Бұл үзінді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашуға көмектесе ме? деген сұрақты қоя отырып, осы мәтінде кездескен сын есімдерді талдаймыз. Түбірін ажыратып, сын есімнің мағыналық түрлеріне тоқталамыз.
Мағынаны тану
Сын есімнің мағыналық түрлері
148- жаттығу
І деңгейдегі тапсырма
Мәтінді оқып шығып мазмұнын әңгімелеу
ІІ деңгейдегі тапсырма
Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату. Екі бағанға бөлу, кестеге түсіру.
ІІІ деңгейдегі тапсырма
Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтау.
Ой қозғау:
І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ
Мәтін не туралы, сын есім жасап тұрған қандай сөздерді кездестірдің?
ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ
Жаттығу мәтінінде жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.
Сапалық сын есім
|
Қатыстық сын есім
|
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш,
|
Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал
|
ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ
Ертегіні қалай жалғастырдың? Құрастырған үзіндіңнен сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?
Мәтінді қорыту:
Әдебиет теориясында осындай сын есімдер кездескен сөздерді не деп атаушы едік? (Эпитет).
Сабақты оқулықтағы 150- жаттығумен ары қарай жалғастырамыз.
150 - жаттығуда берілген «Жайлауда» тақырыбын оқу.
І деңгейлі тапсырма
Сын есімді тауып тіркескен сөзімен бірге жаз.
ІІ деңгейлі тапсырма
Мәтін мазмұнына сүйеніп сурет сал.
ІІІ деңгейлі тапсырма
Мәтін ішінен бір тірек сөзді пайдаланып, мәтін құрастыру.
Тірек сөз «Әсем үн»
Жазылатын мәтінге жоспар құрып аламыз.
Жоспар
Раушан – сыйлы бала.
Ол – белсенді оқушы
Таланттың жемісі
Сыныбымыздың мақтанышы.
Әсем үн
Біздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін-өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына мейірімді, тілалғыш. Достарының алдында беделді еді.
Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен ән шырқады. Әр байқау сайын адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды.
Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа көтерді. Әнші қыз атанды . Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған Раушан есімді қызбен мақтанамыз.
Осы тектес мәтін құрастырған ІІІ деңгейдегі оқушылар бір-бірінің мәтініне пікір жазады. Онда мәтін мазмұны, жүйелілігі, стилі, грамматикалық қателері тексеріледі.
Ой қорыту.
Бұл мәтіннен нені үйрендің?
Оқушы сөзі:
тірек сөздерді пайдаланып жоспар құруды;
мәтін құрастыруды;
жетістікті мадақтап, кемшілікті түзетуді;
жолдастарымның еңбегіне пікір жазуды
көркем әдеби сөздерді қолдана білуді үйрендім.
Сабақты бекіту:
Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің?
Сапалық сын есім деген не?
Қатыстық сын есім деген не?
Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.
Бағалау.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
Үйге тапсырма:
153-154 жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |