1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық ахуал «"Маңдайымда қандай сөз жазылған?»
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне алғыстарын айтады.
Интерактивті тақтададан көрсетілетін видеоға қарап,бүгінгі сабақ не туралы екенін анықтаңдар.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзбен ынталандыру.
Оқылым тапсырмасы: Оқулықта берілген Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы туралы мәліметті оқып, талқылаңдар,түсінгендеріңді айтыңдар.
Дескриптор: жалпы – 3балл.
Оқулықта берілген Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы туралы мәліметті оқып, талқылаңдар,түсінгендерін айтады.
Айтылым тапсырмасы: Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы оқиғаларды сюжет желісіне сай ретімен орналастыр,құрамдас бөлшектермен, үзінділермен жұмыс жасаңдар.
Дескриптор:жалпы-3балл.
Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы оқиғаларды сюжет желісіне сай ретімен орналастырады, құрамдас бөлшектермен, үзінділермен жұмыс жасайды.