Сабақтың тақырыбы: Сөйлем



Дата08.09.2017
өлшемі53,32 Kb.
#31075
түріСабақ
Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

«Молодежный кентінің №23 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Айнагул
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды  орындату арқылы оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмір-де қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тест тапсырмалары, психологиялық тренинг
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, АКТ, презентация
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық


Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
II. Өткенге шолу.

Тест тапсырмалары

1. Мәтін  дегеніміз  не?

А) Бір  сөйлемге жинақталған сөз тізбегін  мәтін дейміз

В) Ұзақ  бір сөйлемді мәтін  дейміз 

С) Екі не  одан  көп  өзара  байланысқан сөйлемді мәтін  дейміз

2. Мәтіннің қандай бөліктері болады? 

А) жоспары, басы, соңы                

В) суреті, жоспары, басы                    

С) басы, негізгі бөлім, соңы

3. Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылады?

А) бас әріптен       

В) кіші әріптен      

С) азат жолдан

4. Мәтіннің қандай түрлері болады?

А) әңгімелеу, пайымдау, түсіндіру                                 

В) сипаттау, сұрақ қою, мазмұндау                      

С) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау


Барлық дұрыс жауаптар «С» белгісімен белгіленеді. Қане, жауаптарыңды оқи қойыңдар?

Қорытындылау.

Оқушы қызығушылығын ояту.

Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өткелі отырмыз. Ертегі тыңдағыларың келе ме?

- Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.

Мысалы, 1-вагонда: «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен»; 2-вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; 3-вагонда: «Жараға жағатын дәрі»; 4-вагонда: «Ешкінің төлі»; 5-вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; 6-вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».

1-тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. Су, өрік, йод, лақ, ерін, мұз.

– Қандай сөз шықты?

(СӨЙЛЕМ ). Бұл сөз туралы не білетініңді есіңе түсір.

2-тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық. – Сөйлем сөздерден тұрады. – Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? – Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

3-тапсырма: – Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері койылады? Қане, ойланып көрейік.

- Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі.

Сөйлем туралы ой жинақталады:

1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2. Сөйлем сөздерден құралады.
3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
5. Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)

6. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады.
Көркем жазу Сс

Оқулықтағы 164-жаттығуды орындаймыз. Сөздер салыстырылып оқытылады:

Сөздер:                                                     Сөйлемдер:

Шекара, шекарашы,                         Шекарашылар күзетте тұрады. Олар

ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.   еліміздің шекарасын қорғайды.

Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасалады.

165-жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды. Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.

А) «Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: Тақтада   бірнеше сөз жазылған жапырақтар жатады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру қажет. Құраған сөйлемдерін тақтаға жазады. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылғанына, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аудартылып, жауап алынады. Берілген сөздер:

1.Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.

2. Ақан, сырғанады, шанамен.

3. Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

4. Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.

Сергіту сәті. «Қара жорға» әніне билеу.

Ә) «Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Астана – Отанымның жүрегі.

Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Сен бүлдірген тергенді ұнатасың ба?

Қош келдіңдер, достар!

Алма ағашының ар жағында шие өсіп тұр.

Қыс саған ұнай ма?

IV. Ой-толғаныс

В) Танымдық тапсырма. 167-жаттығуды орындайық. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?

Белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің 1936 жылы салған " Бие сауу" деп аталатын картинасы. Сурет Өнер мұражайындағы көрмеден түсірілді. Алматы, қазан, 2009 жыл

Ә.Қастеев 1904 жылы туып, 1973 жылы кайтыс болған. (Ә.Қастеевтiң фотосуретiн көрсету). Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Шежiн ауылында туған.Әкесі тым ерте қайтыс болған. Жас кезiнен өнерлi болып, елге танылған. Өнері тасыған, талабы тас жарған бала бiр куні: 13 жыл қой бақтым. Ендi оқимын, Жаркентке жаяу жол тартады.


Жаркенттегi бiр татар байына жалшы болып, ауласын сыпырады. Осында журiп сурет өнеріне аңсары тiптi қатты ауады. Бірақ оған керек қағаз, бояу қайда? Каладан табылады, бірақ оны сатып алатын ақша кайда? Тапқаны тек тамағына жетедi. Талапты жас ештеңеден арланбады. Татар бойының жалғыз атты арбасын жалдап бөшкелеп бұлақтан су тасыды. «Кімге су керек?» деп көшенi басына көтерiп айқайлап, шелегiн бiр тиыннан сататын едi. Өстiп тапқан ақшасына қағаз, бояу сатып алды. Өстiп еңбегi жанған жас суретшiнiң салған суреті ұнап, фотограф С.Саламатов оны Кызылордадағы оқу бөлiмiне жiберген. Онда екі жыл оқып бейнелеу өнерiнiң негiзiн үйренеді. Ә.Қастеев 180- нен артық сурет салып, 200-ден артық сурет көрмелерiне қатысқан.

V. Қорытынды. 

Үйге 63 беттегі  168-жаттығуды орындап келеміз. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет