Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Мәтін 26-31 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін
құрастыра білуге мүмкіндік туғызу;
Дамытушылығы:байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелігі:үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
25-жаттығу дағы берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр суретте бейнеленген оқиға, қай мәтін түріне жатады?
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жан-жақты білімдерін тексеру
Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Пайымдау мәтінге мысал келтір.
ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс:
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
26-жаттығуды оқу, көшіру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау.
27-жаттығу Сержанның атасына жазған хатын оқу, ол нені жазбай кеткенін айту, толықтыру.
ІҮ.Жаңа білімді бекіту: 28-жаттығу жақын достарыңа, ата-әжелеріңе қысқаша хат жазыңдар. Білгішбектің айтқанын есімізден шығармай жазып көрейік.
Ү. Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз? ҮІ. Үйге тапсырма: 31-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 03. 10. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
Мақсаты:
Білімділігі:Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын ,жүйелі түрде
мазмұндауқабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Айналадағы қоршаған ортаны қорғауға ,тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Сабақ типі:Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру,назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-Қандай құбылыстардың әсерінен жер беті өзгеріске ұшырайды?
-Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады?
-Терең шатқалдар қалай пайда болған? Мазмұнын сұрау
Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Адам жер бетін қалай өзгертеді деп ойлайсыңдар?
«Оба»дегеніміз 15-20 метр болатын қолдан үйілген төбе.Оба ертеде ,жаугершілік заманда жау әскерін алыстан байқау үшін әдейі үйіліп жасалған.
Сонымен бірге ертеде атақты адамдар жерленген моланың үстіне де үйілетін болған.
Есік обасын айтуға болады.Обаның үстін көп уақыт өткендіктен өсімдік басып,табиғи төбе сияқты болып кеткен.
«Террикондар» - шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.
Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.
Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі.
Ондай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит,Соколов –Сарыбай темір кені ,Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында кездеседі.
Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады.
Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсті. 1939жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағында жердің айтарлықтай қозғалғаны сезілген. Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті.
Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.
Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей дауыстап оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін,ауа райын жазу. Адамдардың қандай әрекетінен жер беті өзгеріске ұшырайтынын жазып шығу.
ІV.Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
-Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?
-Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
-Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?
-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?
V. Үйге тапсырма : 37,38,39- беттерді оқу, мазмұны.Террикон, оба сөздерінің түсініктемесін жазу.
VІ. Бағалау.
Күні: 03. 10. 15
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ою-өрнек туралы түсінік. «Қошқармүйіз» өрнегін сызу,
жасалу реті, қию,түрлендіру, бұйым бетіне салу тәсілін
орындау.
Мақсаты :
Білімділігі: Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді
құрметтеуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ой- өрісін, қиялын дамыту.
тәрбиелігі: еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: ұлттық киімдер.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қайшы.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Білімдерін тексеру
1. Қандай ою түрлерін білесің?
2.Оюларды қайда қолданамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
а)мұғалімнің түсіндірмесі.
Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.
ә) оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз. 2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.
3. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз. 4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.
5. Қиып алынған өрнекті ашамыз.6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. 7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
ІҮ. Қорытындылау.
Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?
Ү. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
Күні: 06. 10.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Аңыздар. Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Мақсаты:
Бідімділігі: Аңызжанры туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылығы: сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тірбиелігі: адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Сабақтың типі:Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі:оқулық, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
"Қорқыт" аңызыбойынша білімдерін сұрау, бағалау
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз 2 – 3 кластарда қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, қажанасыр мен Алдаркөсе, Бетпақдала Ақселеу Сейдімбек. (аңыз), Алдардың айласы (аңыз)). Міне, балалар, сонымен Алдаркөсе деген кім екен? Ол туралы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял- ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады. Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі – Шықбермес Шығайбайды алдауы. (Балаларға аңыз ерекшелігін мына сызба арқылы түсіндіруге болады)
Аңыз дегеніміз
|
Кейіпкелері
|
Ерекшелігі
|
Тарихта болған адамдар іс- әрекеті баяндалады
|
Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт,
Қожанасыр, Алдаркөсе
|
Шындық пен қиял – ғажайып оқиға араласып келеді
|
Оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу.
Сөздік жұмыс: Тауы шағылыпты – іске аспапты, Әккіленіп алған – қуланып алған, түзге – далаға.
Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады? Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін тап.
Жыланның жуандығы қандай?
Байдың тығып қойған қазысындай.
Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?
Бәйбіше астындағы қойдың басындай.
Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
Тоқал астындағы қамырға.
Сақалының жұлынғанын неге теңейді?
Қызы тығып қойған тырнаның жүніне. Бұл жерде сызба арқылы тапсырма орындауына болады.
Жабықтан сығалауы,аңдуы
Ет орнына шандыр турап қоюы
Алдардың Ыстық нанды, торсықтағы айранды алдап алуы
айласы Атқа бор жағып қоюы
Бізбикені алып кетуі
Ү. Қорытындылау: Бүгінгі күніШығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.
(қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы – жыланның жуандығындай, қойдың басы – ұрып жіберген тастай, былш еткені – иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы – сақалым жұлынсын)
Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.
Егер сен Шығайбай орнында болсаң, не істер едің?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу, әңгімелеу.
ҮІІ.Бағалау.
Күні: 07. 10.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы:Сөздік жұмбақтар. Логогрифтер.
Мақсаты:
Бідімділігі: Сөзжұмбақ, логогрифтер жайлы түсіндіру және оларды шеше білуге үйрету.
Дамытушылығы:сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі:адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Сабақтың типі:Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі:оқулық, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
"Алдаркөсе және Шықбермес Шығайбай" аңызы бойынша білімдерін сұрау, бағалау
Жыланның жуандығы қандай?
Байдың тығып қойған қазысындай.
Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?
Бәйбіше астындағы қойдың басындай.
Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
Тоқал астындағы қамырға.
Сақалының жұлынғанын неге теңейді?
Қызы тығып қойған тырнаның жүніне.
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
1) Омоним сөздер туралы білімдерін еске түсіру
2) Логогрифтер дегеніміз не?
Логогрифтер -көбінесе өлеңмен жазылады, шараданың бір түрі. Әуелі жұмбақталған сөзді табу керек. Сосын сол сөздің бір, екі әрпін алып тастап немесе қосып жаңа сөз құру.
3) Шарада
4) Метаграмма
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
- Сөзжұмбақтың шешуі қалай шығатынын түсіндір.
- Өзің білетін сөзжұмбақты достарыңа жасырып көр.
Ү. Қорытындылау:
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
ҮІ. Үйге тапсырма: Сөздік ойындарға қарап, екі сөзжұмбақ құрастыру
ҮІІ.Бағалау.
Күні: 06. 10. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Мәтін 32-36 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін
құрастыра білуге мүмкіндік туғызу;
Дамытушылығы:байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелігі:үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
31-жаттығу дағы берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр суретте бейнеленген оқиға, қай мәтін түріне жатады?
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жан-жақты білімдерін тексеру
Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Пайымдау мәтінге мысал келтір.
ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс:
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
32-жаттығуды оқу, көшіру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау.
33-жаттығу Сержанның атасына жазған хатын оқу, ол нені жазбай кеткенін айту, толықтыру.
ІҮ.Жаңа білімді бекіту: 34-жаттығу жақын достарыңа, ата-әжелеріңе қысқаша хат жазыңдар. Білгішбектің айтқанын есімізден шығармай жазып көрейік.
Ү. Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?
ҮІ. Үйге тапсырма: 35,36-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 06. 10. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қазақстанның жер бедері оның физикалық картада бейнеленуі.
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.
Дамытушылығы:Тіл байлығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын толық
жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Білімділігі:Отанын сүюге, табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, физикалық карта.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен сабақ мазмұнын сұрау.
--Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар? -Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады? -Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?
-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма?
Мақсат қою кезеңі:
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қазақстанның жер бедері
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе. -Бедер деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Бұл сөзді бұрын естіген бе едіңдер? Сарамандық жұмыс.
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту. Ойпатты ,қыратты жазықтардықалай ажыратамыз?Тауларды ше?Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Оқулық бойынша түсінік беру, мазмұнын ашып беру.
Шоқы туралы түсінік беру, шоқыны көргендері болса ,әңгімелету.
Қазақстанның орталық бөлігінде жазықтар мен шоқылардан және аласа таулардан тұратын –Сарыарқа даласы бар. Алатаудың неге солай аталғанына тоқталу.
Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды, оның шыңын таныстыру.
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс.
Теріп оқу( шоқы, ойпатты жазық,Қазақстанның орталық бөлігі, биік таулар)
Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.
Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу.
ІV. Бекіту кезеңі:
-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
Үлестірме тарату. Үлестірмеде 43-беттегі тест тапсырмасы беріледі.
V. Үйге тапсырма беру кезеңі: 40,41,42- беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге 43-беттегі
сызбаны орындау.
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
Күні: 07. 10. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Диктан №2. Ою
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға,
тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:
Дамытушылығы:танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелігі: адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың типі:Білімді тексеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын
түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ
Мақсат қою кезеңі:
-Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
Білімдерін тексеру:
Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Ою
Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын.Әжесі бүкіл ауылдың әйелдерімен бірігіп, сырмақ тігетін. Осындай әдемі өрнектерді әжесінің жасағаны ұнайтын. Жанар әжесі өрнектер салып, ою ойғанда үнемі қасында жүретін. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды. (65 сөз)
ІІІ. Білімдерін бекіту кезеңі
Тапсырма
1. Алғашқы сөйлемнен тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
2.Соңғы екі сөйлемнен тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.
3. Мәтіннен тасымалданбайтын төрт сөзді теріп жаз.
ІҮ Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Күні: 07. 10. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке
берілген өзара кері жай есептер
Мақсаты:
Білімділігі:оқушыларға егін түсімділігі,ауданы,өнім массасы арасындағы тәуелділік
жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылығы:есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелігі: интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3.
Достарыңызбен бөлісу: |