Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет10/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

Ү. Қорытындылау:

1. Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

2. «Қосақ арасында шыбын өледі» деген сөздің мазмұнын ашатындай мысал келтіріп айтып көр.



ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,әңгімелеу. Тапсырманы орындау.

ҮІІ.Бағалау

Күні: 16. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. 28- 34-жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы:сөйлем мүшелеріне талдау дағдысын дамыту, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 27-жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2) Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін суретке қарап атап шығу.

3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ

1. Көркем жазу: Рр Рр Рр Рр

2. Сөздік диктант
3.Оқулықпен жұмыс:

а) өткенді еске түсіру

28-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау

29-жаттығу.

Суреттерге қарап, сөйлемнің күрделі мүшелерін тауып жазу.

30-жаттығу өзіндік жұмыс.

Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.


Сергіту сәті
31-жаттығу. Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

32-жаттығу а) Берілген мәтінді аяқтап, күрделі мүшесі бар сөйлемдер ойлап жазу.


ІҮ. Сабақты қорытындылау

33-жаттығу бойынша сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы білімдерін қорытындылау


Ү. Үйге тапсырма: 34– жаттығу.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 16. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділігі:көп таңбалы сандардың өтілген есептеу тәсілдерін бекіту;

Дамытушылығы:оқып-үйренген тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтау және түзетулер

жүргізу.


Тәрбиелігі:еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың типі:білімді тиянақтау сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.№ 8-мысалдың орындалуын тексеру.

2. Қосымша сұрақтар арқылы білімдерін пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ

1.Зейінділік ойыны:

Топтық жұмыс.

Ітоп – № 1-мысал ІІ топ – № 2-мысал ІІІтоп – № 3-мысал

№ 4. Теңдеулерді 4 оқушы түсіндіріп, дәлелдеп тақтада орындайды.


Сергіту сәті.
2. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.

түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 5. Есептерді шығар.

Ш: 36 ∙ 9 – 288 = 36 (кадр жарамсыз)

Ш: 320 – (40 + 50) = 230 (км) – арақашықтығы

№ 6. Ш: (40 + 50) + 300 = 390 (км) – екі ауылдың арасы.
ІҮ. Білімді бекіту кезеңі.

Шығармашылық тапсырма. № 8. Ойық салынған фигураның көлемін тап.

V = 5 см ∙ 3 см ∙ 5 см = 75 см3 (үлкен фигураның көлемі)

S = 2см ∙ 1 см = 2см2 V = 75 см3- 2см 2 = 73см 3


Ү. Үйге тапсырма: № 7. 51 - бет.

ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Бағалау
Күні: 17. 10. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар. Түсті металл кендері

Мақсаты:

Білімділігі:Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру.

Дамытушылығы:Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін

дамыту.


Тәрбиедеу:Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға

тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеру.Бір-біріне жақсы тілек айтқызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Пайдалы қазба аталу себебін айт.

- Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар?

-Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?

-Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

Мазмұнын сұрау, дәптерлеріндегі тапсырманы тексеру.

Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Түсті металл кендері.
ІІІ. Жаңа сабақ

1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке –жеке тоқталып түсіндіру.

Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту.

Мысты күнделікті қайдан көреміз? Алюминий –ең жеңіл түсті металл.

Мырыш ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып полиметалл кенін құрайды.Поли—көп деген сөз.

Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды шартты белгісі бойынша табу.


Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін әр оқушы айтып қорғайды.



V. Қорытындылау:

Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар?

-Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы?

-Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?


VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 27,28,29,30- беттерді оқу, мазмұны.

VIІ. Бағалау.


Күні: 17. 10. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Табиғи және жасанды маталар туралы түсінік.Маталардың ерекшеліктері,

қасиеттері, санитарлық -гигиеналық ережелерді сақтау



Мақсаты :

Білімділігі: Оқушыларды мата түрлерімен таныстыру, матаның қасиеттері мен

ерекшеліктерітуралы түсіндіру, жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы,

жіпті матаға түйінсіз бекітуді үйрету;

Дамытушылығы:Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту;

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. .

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету кезеңі

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі:мата түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Білімдерін тексеру

1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Жіпті қалай түйіндейміз
ІІІ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесіМата түрлерімен таныстыру.Матаның қасиеттері мен ерекшеліктеріне тоқталу.Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру, көрсету.

ә)Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.

Суретпен, көрнекілікпен жұмыс.
Сергіту сәті
ІҮ. Түсінгендерін тексеру.

Сарамандық кезең.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау.

А) Мата қиындыларын жапсырмалау, үлгісін көрсету.

ә) Жіпті матаға түйінсіз бекіту.
Ү.Қорытындылау.

Жапсырмалау деген не?

Ұлттық киімдерді матаның қай түрінен тіккен дұрыс?
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Оқу.


Күні: 19. 10. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы.Тігіс түрлері.

Мақсаты :

Білімділігі: Оқушыларды тігістүрлерімен таныстыру, матаның қасиеттері мен ерекшеліктері

туралы түсіндіру, жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы, жіпті матаға түйінсіз

бекітуді үйрету;

Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту;

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. .

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі:мата түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Білімдерін тексеру

1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Жіпті қалай түйіндейміз ?

ІІІ. Жаңа сабақ

1. мұғалімнің түсіндірмесі.

Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру, көрсету.

Қолмен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.



Тігіс түрлері:

қиғаш тігіс – бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.

Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымының арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай (төменнен жоғары), келесі тігіс солдан оңға (жоғарыдан төмен) қарай айқасады.

Ілмек тігісі матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
2.Оқулықпен жұмыс.

Іштей, тізбектей оқыту.Суретпен, көрнекілікпен жұмыс.



ІҮ. Түсінгендерін тексеру.

Сарамандық кезең. Еңбек қауіпсіздігін сақтау.

А) Мата қиындыларын жапсырмалау, үлгісін көрсету.

ә) Жіпті матаға түйінсіз бекіту.


Ү.Қорытындылау.

Жапсырмалау деген не?

Ұлттық киімдерді матаның қай түрінен тіккен дұрыс?
ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.Оқу. Жіпті матаға түйінсіз бекіту тәсілін жаттығып үйрену.
Күні: 20. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы.

Мақсаты:

Білімділігі:Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысалжанры туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Тәрбиелігі:Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :сайыс сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім игеру.

Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті

2. Мысал бойынша салынған сурет.



Әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Сабағымыз басталды, балалар. Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар. ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар,бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту.

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.

Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.

Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.

І топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.

ІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.

ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.

Автормен таныстыру

Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.

А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.

Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған «Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

Оқулықпен жұмыс

( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)



  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?

  • Олар не істемек болды?

  • Олардың жүктері неге қозғалмады?

  • Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.

ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі

1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

  • А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жеде жазылған?

  • Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

3 – тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.

Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.

Шортан айтады:

– Мұны көлге апарайық, - дейді.

Шаян айтады:

– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.

Автор:

– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»



Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.

Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,

Қане, қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп, жүзіп алайық.

Қане, айналып, қарайық.



V.Қорытынды. Мақал-мәтелдер:

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
VІ. Үйге тапсырма: Мысалды оқу, сахналау

VІІ. Бағалау.

Күні: 20. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы білімдерін кеңейту,

Дамытушылығы:сөйлем мүшелеріне талдау дағдысын дамыту, сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиедігі:ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой

тәрбиесіне баулу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың тирі:жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру: 40-жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ

2) Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін суретке қарап атап шығу.

3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.

Көркем жазу

Оқулықпен жұмыс:

а) өткенді еске түсіру



35-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау



36-жаттығу

суреттерге қарап, сөйлемнің күрделі мүшелерін тауып жазу.



37-жаттығу
Сергіту сәті.
ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

өзіндік жұмыс.

Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.



38-жаттығу өлеңнен дара және күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.

39-жаттығу

а) Берілген мәтінді аяқтап, күрделі мүшесі бар сөйлемдер ойлап жазу.


Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІ.Үйге тапсырма: 40 – жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 20. 10. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.

Мақсаты:

Білімділігі:Жанғыш пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.

Дамытушылығы:Жанғыш пайдалы қазбалар туралы ой-өрісін дамыту, тіл байлығын,

сөздік қорын дамыту.



Тәрбиелігі:Оттан абай болуға , достыққа, ержүрек болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, көмір, бензин
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Кітап, дәптерлерін түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:.

-Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?

Картадан шартты белгі бойынша түсті металдарды тауып, оны қорғау.



Білімді тексеру кезеңі:

Пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?

Қара металл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалардағы ұқсастық пен айырмашылықты кім айтып бере алады?
ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Жанғыш пайдалы қазбалар

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Жанғыш пайдалы қазба деп неге атаған? Оларға не жатады?

Жаңа сабақты түсіндіріп беру. Тас көмір,мұнай,газ туралы толық мәлімет беру.

Тас көмір үш түрде кездеседі. Ең сапалы түрі антрацит,кәдімге тас көмір, қоңыр көмір. Антрацит металл қорытуға пайдаланатын көмір, қызуы жақсы болғандықтан арнайы металл өңдейтін зауыттарға жібереді. Ол шымқай қара түсті, қолға жұқпайды, металл сияқты жылтырап тұрады.

Ал қара көмір антрациттей жалтырамайды, қызуы да кемірек.

Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды. Жылуы аз, оңай үгіледі, бықсып жанады,күлі көп қалады.Жергілікті отын ретінде пайдаланады.

Мұнай-майлы ,қоймалжың зат. Қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Оның иісі жермай (керосин) иісіндей болады.

Жанғанда қызуды көп береді, күл қалдырмайды,түгел жанып кетеді.

Газ мұнай сияқты отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.

Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай. Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Одан ең ірі аспаптарды майлайтын май алынады.

Картада мұнай-газ кен орындары, көмір кен орындары көмір- қара шаршымен, мұнай -қара түсті мұнара,ал газ -ақ түсті мұнарамен белгіленеді.

Сарамандық жұмыс.

Картадан жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақтарды көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.

Жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақ атауларын жазу.
Сергіту сәті
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сөзжұмбақ шешу.

Көлденеңінен:


  1. Металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары

  2. Ағынды су

  3. Сұйық отын

  4. Майлы мұнай қай қалада өндіріледі?

  5. Ең сапалы көмір

Тігінен:

  1. Температура мен қысым жоғары болғанда жер астындағы шымтезек неге айналады




6.

К1

е



н

Ө2

з

е

н







М3

ұ


н


а

й

4

Е

м

б

і







А5

н

т

р

а

ц

и

т

Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет