Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет13/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

3. Қандай жырларды білесің?

1) «Ер Тарғын» жыры; 2) «Қамбар батыр» жыры; 3) «Қобыланды батыр» жыры; 4) «Алпамыс батыр» жыры; 5) «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат».



4. Мына сөзжұмбақ батырлар жырының мазмұнына сәйкес келеді.Екі әріп қалдыра отырып оқысаң (сызық та әріпке есептеледі), мақал шығады. Ол қандай мақал? «Жақсы ат – ер қанаты».

5. Ертегілердіңқандай түрлерін білесің?

1) Қиял-ғажайып ертегілер; 2) Шыншыл ертегілер; 3) жан-жануарлар туралы ертегілер



6. Аитыстың түрлері: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) тұрмыс-салт айтысы; 3) жан-жануарлар айтысы; 4) жұмбақ айтыс.

7.Мысалды ертегіден қалай ажырата аласың? Кестеге сүйеніп екеуінің айырмашылығын жаз.

Ертегі

Мысал

1). Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.

2) болған немесе аңсаған армандары туралы айтылса.



1) Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

2) адамның жағымды, жағымсыз әрекеттерін жан-жануар немесе өсімдіктерге теңеу, сынау, мінеу арқылы ойын жеткізеді



8). Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап.

1. Бірлік болмай, тірлік болмас. «Аққу, Шортан һәм Шаян»

2. Күлме босқа, келер басқа. «Арыстан мен Тышқан»

9).Мына суреттерге қарап, оларға қатысты мысалдың және кейіпкерлерінің атын ата.

1). Аққу, Шортан һәм Шаян; 2) Ара мен шыбын; 3). Арыстан мен тышқан; 4). Шыбын мен көбелек.



10). Мысалдың бір кейіпкерінің атынан (мысалы, Тышқан) шағын әңгіме жаз.

... мен Тышқанмын. Бір күні ұйықтап жатқан Арыстанға кез болдым...



11). «Қарабатыр» , «Әйел-ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екендігін айт.

12). «Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер бір-біріне оқты көзбен қарасты» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А) Ормандағы оқиға Б) Ең жақын кім адамға

Ә) Аққу, Шортан һәм Шаян В) Қарабатыр

ІҮ. Сабақты қорыту:

- Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?

- Біз қандай бөлімді аяқтадық.

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Күні: 02 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жылдамдық.,уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген есептер және

оларға кері есептер.



Мақсаты:

Білімділігі:есептің жаңа түрімен таныстыру; терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету;

Дамытушылығы:дұрыс, жылдам есептеуге дағыдыландыру.

Тәрбиелігі:әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын пысықтау:

Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

№ 1. Тек жауабын жазу.

1 100 – 911 = 189 2 000 – 925 = 1 075 2 000 – 773 = 1 227 т.с.с.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.


Автокөлік сағатына 50км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

ЖЫЛДАМДЫҚ – уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық.




v – жылдамдық

t –уақыт

s – қашықтық

№ 2. Сәйкес жылдамдықты таңда.

Ұлу – 9 см/ мин. Мотоцикл - 38км/ сағ. Ара – 6м/с. Адам – 5км/сағ. Машина – 95км/ сағ. Велосипед – 12км/сағ.

№ 3. Есепте. Километрді метрге айналдырады.

1). 2 125 : 5 = 425 (м) – үйден мектепке дейінгі жол.

2). 2 125 – 425 = 1 700 (м) – кем



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 4. Есепті шығар. 1). 30 ∙ 65 = 1 950(тг) – тәтті тоқаштың құны.

2) 5 550 – 1 950 = 3 600 (тг) – бөлке нанның құны.

3). 3 600 : 60 = 60(тг) – бір бөлке нанның бағасы.

Өрнек түрінде: (5 550 – 30 ∙ 65) : 60 = 60(тг)

№ 7.


(х – 15) : 2 = 10

Х – 15 = 10 ∙ 2

Х – 15 = 20

Х = 20 + 15

Х = 35

( 35 – 15) : 2 = 10



10 = 10

№ 8 (999 + 9 : 9 = 1 000 1 111 – 111 = 1 000)



Ү. Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма. № 5,6-мысал

ҮІІ. Бағалау

Күні: 03. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Сөз тіркесі. 16-23 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ

қоябілуге дағдыландыру.



Дамытушылығы:Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі:Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Көрнекіліктері:кестелер, сызба.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 15-жаттығу, тексеру, оқыту.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2.Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөздік диктант.

3.Оқулықпен жұмыс.

16-жаттығу. Сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықтау.

17-жаттығу. Сөз тіркесінің әрбір сыңарына сұрақ қою.

18-жаттығу. Бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін жазу.

19-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысына сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздерді тауып, сөз тіркесін құрап жазу.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

20-жаттығу. Кестені пайдаланып, берілген сөз таптарының сөз тіркестері екенін дәлелдеу.


Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Сөз тіркесінің бірінші сыңарының қызметі қандай?


ҮІ.Үйге тапсырма :22,23-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Күні: 03. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Мазмұндама . Есті күшік

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру,

оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;



Дамытушылығы:логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі

жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.



Тәрбиелігі:өзімшіл болмауға, бір- бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Түрі: жазбаша бақылау

Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарынпсихологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.



Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;



ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Жоспар:

1. Автобус аялдамасында

2. Қарияның қалпағы

3. Ақылды күшік
Есті күшік

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария жерге түсті, Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды. Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданп қалды.



Тірек сөздер мен тіркестер: автобус аялдамасына, гуілдеген жел, бір түрлі ыңғайсызданып
ІҮ. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?



Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Күні: 03. 11. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты:

Білімділігі:Жаңа сабақты түсіндіру.

Дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі:Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

2. Білімді тексеру кезеңі:

-Ас тұзын қайдан алады?

-Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?


IІІ. Жаңа сабақ.

1.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.



2. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мұғалімнің түсіндірмесі

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?



Сергіту сәті
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 40,41-бет оқу, мазмұндау.
VІІ. Бағалау.


Күні: 12. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Сөз тіркесі. 24-30 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Сөз тіркесі туралы білімдерін бекіту, сөз тіркесін құраудағы жалғаудың рөлін

аңғарту, сөз тіркесін және сөйлем құрауға дағдыландыру.



Дамытушылығы:Оқушының сөздік қорын молайту,ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі:Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:кестелер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

15-жаттығудың орындалуын тексеру, оқыту. Ережелерді еске түсіру.



Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. «Кім көп біледі?» ойыны. Бірінші сыңары сын есім болатын сөз тіркестерін атау.

2. Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу.

24-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, сөз тіркестерін сызбамен көрсету.

25-жаттығу. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрап жазу.

26-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздермен сөз тіркестерін құрау, тіркестің алғашқы сөзін жалғаусыз айтып көру арқылы сөздердің жалғаусыз байланыспайтынын айту.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

27-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз тіркесін аяқтап жазу. Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау.


Ү. Қорытындылау.

Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Сөз тіркесінің мағынасын қалай анықтаймыз?

Сөз тіркесінің бірінші сыңарының қызметі қандай? Екінші сыңарының ше?
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 30-жаттығу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 12 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жақындау жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру,есептеу дағдыларын

жетілдіру.

Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, математикалық ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа сабақ..

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық.

Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

II. Жаңа сабақ.


  1. Жаңа сабаққа дайындық ретінде жылдамдықты, уақытты, қашықтықты табуға арналған тапсырмалар беру.Кесте толтырту.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1. Суретке анықтап қара.Екі жаяу адам бір-біріне жақындап келеді. Әр сағат сайын олардың арасындағы қашықтық қанша уақытқа қысқарады?

Бір-біріне қарама –қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

.

V1 + V 2 = V жақ.

Оқулықпен жұмыс.

№2а. Есеп талданады. Оқушылар сызбаны сызып көрсетеді. Содан соң екі тәсілмен шығарылады. Тиімді тәсіл таңдалады.

№2ә. Оқушылар өз бетімен орындайды.

№3. Кестені толтыр.



Сергіту сәті.

IІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

№4. Кестені толтыр.

№5Көбейтулі орында және оны бөлумен тексер:

30408*5= 152040 60747 *6 =364482 80009 *7 =560063

152040:5=30408 364482: 6= 60747 560063:7 = 80009

№8.Теңдеу құрастыру.

а.) 150 саны 50-ден қанша артық болса, 70-тен сонша артық болатын санды тап.

X : 70 = 150 : 50

ә.) 80 саны 10-нан қанша артық болса, 73-тен сонша кем санды тап.

73 – x = 80 – 10



ІV. Сабақты қорытындылау.

-Нені үйрендік? -Жақындау жылдамдығы неге тең?



V. Үйге тапсырма. №9

VI. Бағалау.

Күні: 13. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы:Мағжан Жұмабаев. Түркістан

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыға «Өшпес өмір өнегелері» атты бөлім жайлы, Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, « Түркістан» атты өлеңдерімен таныстыру.

Дамытушылығы: тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;

Тәрбиелігі:табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Түрі:Аралас сабақ.

Типі:Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.



«Өшпес өмір өнегелері» деп аталған бұл бөлімде қазақ әдебиеті мен ғылымына өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың жазған шығармаларымен танысасыңдар. Сонымен бірге олардың жарқын бейнесі, өшпес өнегесі туралы жазылған әңгіме-естеліктер беріледі.

ІІ. Жаңа сабақ:

1. Мағжан Жұмабаев ( 1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысында туылған, қазақтың аса дарынды ақыны, жазушы, педагогы. Тұңғыш кітабы «Шолпан» деп аталады. Ақынның халқымыздың өткен өмірі туралы жазған«Түркістан» өлеңімен танысайық.

2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, нақышымен оқу.

3. Сөздік жұмыс.

Алаш – қазақ.

От мұнда: шөп деген мағынада.

Керсен – үлкен тостаған.

Ділда – алтын ақша.

Бұйрық – тыныш, бейбіт.

4. Өлеңнің басында қандай өзен-көлдердің аты аталады?(Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу).

Бұл өзен-көлдер қай жерлерде? Картадан тауып көр. Ауыл жайлауға көшкенде қандай өзгеріс болады екен?

Сергіту сәті



ІІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1.Қазақ халқының дарқандығы, кеңдігі туралы айтылатын жолдарды тауып оқы. Өлеңде кездесетін жер-су, батыр, би аттарын мына үлгілік кесте бойынша дәптерге жазып, оларды есте сақта.


Өзен-көл аттары

Батырлар

Билер

Хандар

Ақын-жыраулар

Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу

Қабанбай, Бөгенбай

Қазбек би, Жәнібек би,

Хақ Назар, Абылай хан,

Шөже, Орынбай, Жанақ, Біржан, Наурызбай

2.Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қай жерде орналасқан? Ақын өлеңде «Тұран» деген сөзді қолданады. Тұранда ертеде кімдер туып-өскен екен? (Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі). Түрік еліне кімдер жатады деп ойлайсың? (түрік,қазақ, қырғыз, ...). Тұранда хандық құрған кім? (Қасым хан). Абылай хан қай жерге жерленген? (Түркістанда).

ІҮ. Қорытындылау. Бүгін не жайлы білдік? Мағжан Жұмабаев кім? Оның қандай шығармаларын білесің? ( «Балапан қанат қақты», «Аққала»). Сенің ойыңша, Түркістан жері бүкіл елге танымал болуы үшін не істеуге болады?

Ү. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, «Түркістан» жаттау.

ҮІ. Бағалау.

Күні: 13. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы:Жай және құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату. Дамытушылығы:Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Оқушының өз

ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелігі:әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ойындар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 28-жаттығу. Білімдерін тексеру, бағалау.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлем деген не? Жай сөйлем, жайылма сөйлем деген не?


Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз: Қамажай келіп, мені театрға ертіп кетті.


ІІІ. Жаңасабақ.

1. оқулықпен жұмыс.

31-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып, өзара салыстыру.

32-жаттығу. Негеш пен Білгішбектің диалогын оқыту арқылы құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін кеңейтіп, оның тыныс белгісі туралы түсінік беру,

2. дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу.

33-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сөйлем түрін ажырату.

34-жаттығу. Өлеңнің 1-ші шумағын жатқа жазып, өлеңде неше құрмалас сөйлем бар екенін табу.



Сергіту сәті.

ІҮ.Жаңа білімді бекіту.

35-жаттығу. Ребус шешу. Ребустың шешуінен Қыс түсті. Қар жауды деген жай сөйлемдер шығады. Сол сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаздыру.



Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Құрмалас сөйлем деген не?

-Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде?


ҮІ. Үйге тапсырма беру. 35-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Күні: 13 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Екі дененің қозғалысына берілген есептер шығару,дағдыларын бекіту,есептеу

дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі: Аралас сабақ

Типі: қайталау сабағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет