Көрнекілігі:кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 7,8-мысалдардың орындалуын тексеру.
2.Жан-жақты білім тексеру.
7200 : 60 6900 : 3 4500 : 9 т.с.с.
Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
№1.
46 ∙ 20 = 46 *(2*10)=46*2*10 = 92*10= 920
920 : 20 = 920:(10*2) = 920: 10:2= 92:2 =46
№ 2.Түсіндіре отырып орында:
27 ∙ 30=810 23*40=920 17*50 =85 12*80 =960
810:30=27 920:40=23 850:50=17 960:80 =12
№3.Жазуларды пайдаланып, түсіндір:
а) 56*70=56*(7*10)=56 *7 *10=392*10 = 3920
3920: 70=3920: 10:7=392: 7=56
ә) Санды ондықтықтарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін пайдалану
№4.Амалдарды орында
86 *90= 7740:90= 78*60 = 4680:60 =
36*40= 1440:40= 68*30= 2040: 30 =
№5 .Ш: 520*2+520 =1560(км)
Ж: екі қаланың арақашықтығы 1520км
№6.Ш: 30:6=5
75: 5=15(к)
Ж: 15 көйлек
ІV. Білімді бекіту.
№7.Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
7749:90= 7759: 90= 7770: 90 =
V. Сабақты қортындылау.
VI. Үйге тапсырма беру. №8,9-мысал. 126-бет
VI.Бағалау.
Күні: 11 . 12.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша
қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен
таныстыру.
Дамытушылығы:оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге,
ойынтұжырымдай білу қасиетін дамыту;
Тәрбиелігі:Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі:аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді үйрету кезеңі
Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
Пысықтау: Тұрардың көңілі неге жүдеп, мұңайып қалды? Осы әңгімені оқығанда өзіңе қандай
әсер алдың?
Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады.
2. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу. 3. Сөздік жұмыс. Суыт – асығыс. Кілтипандарын – құпиясын. Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті. Құқай – бұл жерде: қиындық. Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты? Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің? Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады? Бұл күйді қай кезде шығарған? Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
Ү. Қорытындылау. 1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптеріңежазып ал.
( - Түрмеде жатып домбыра тартқан не сәнім, оның үстіне ең болмаса домбырама арам қолдары тимесін, алып қал, Кенже, домбыраны! – деді Құрманғазы, - Динаға бер, Динаға! Дина тартсын мен келгенше ...)
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу 2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз. ҮІІ. Бағалау.
Күні: 11 . 12. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу . 263х20, 5260:20
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту,бөлу тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылығы:Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбилелеу;
Түріі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық
Көрнекілігі:кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 7,8-мысалдардың орындалуын тексеру.
2.Жан-жақты білім тексеру.
7200 : 60 6900 : 3 4500 : 9 т.с.с.
Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
№1.
263 ∙ 20 = 263 *(2*10)=263*2*10 = 526*10= 5620
5620 : 20 = 5620:(10*2) = 5620:10:2= 526:2 =263
№ 3.Түсіндіре отырып орында:
182 ∙ 30=5460 546030=182
231*40=9240 9240:40=231
№4.Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
5489:30= 5469: 30= 5480: 30 =
№5 .Ш: (2400+1600) =4000(тг)
Ж: 4000тг
№6.Ш: (30000+50000):8=100000
30000: 100000=3(к)
50000: 100000 = 5(к)
Ж: 3,5 костюм
ІV. Білімді бекіту.
№8.Өрнек түрінде жаз және оқы:
(182*30)+7640:20 =5842
V. Сабақты қортындылау.
VI. Үйге тапсырма беру. №7,9-мысал. 128-бет
VI.Бағалау.
Күні: 11. 12. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Күрделі сөздер. 1-7 жаттығулар.
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға күрделі сөз туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі, қосарлануы,
тіркесуі арқылы жасалатынын байқату, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік
туғызу:
Дамытушылығы:танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелігі:адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын
түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп шығу.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Төмендегі сызбаға қарап, күрделі сөздің не екендігін түсіндіреміз
Күрделі сөз
Құрамы
Мағынасы
Кемінде екі сөзден құралады, бір ғана сұраққа жауап береді
Екі сөз бірігіп бір ғана мағынаны білдіреді
Мысалдар
сары май, балабақша, кәрі жілік, көк алма, тасбақа, мая-мая
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу.Екі бағандағы сөздерді салыстыру
2-жаттығу. Сызбамен жұмыс арқылы күрделі сөздің жасалу жолымен таныстыру /
3-жаттығу. сөздерді көшіріп жазып, сөйлем құрап жазу
4-жаттығу. Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдеу.
5-жаттығу. Күрделі сөздерді қатыстыртып шығарма жазу
Ү. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІ Үйге тапсырма: 6,7–жаттығу.
ҮІІ Оқушыларды бағалау
Күні: 12 . 12.2015 ж.
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Сабанмен жұмыс істеу.Сабаннан жасалған панно. Санитарлық -гигиеналық
ережелер туралы мағлұмат.
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар оларды кептіру жолдарын ұғындыру,сабаннан панно жасауды үйрету.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақ типі: жаңа білімді бекіту кезеңі
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі:әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.
Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңа сабақ.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.
ІV.Қорытындылау.
Панно сендерге ұнады ма?
Неліктен сабанды табиғи материал түріне жатқызамыз?
V.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып.
Күні: 12 . 12. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ауа райы болжау
Мақсаты:
Білімділігі:Ауа райы және климат туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, сауатты мазмұндау дағдысын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі:Ұқыпты болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі:Жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта (жарты шарлар картасы)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1.Ауа құрамы мен ауа қабаты туралы түсінігін мазмұндату.
2. Білімді тексеру кезеңі:
Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?
Оттегі неге бітіп қалмайды?
Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?
Ауа қабаты бізге қажет пе?
Ауасыз қабатты қалай зерттейді?
-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді?
-Ауа қандай болады?
-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?
Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабалау.
Ауа райы .Климат.
ІІІ. Жаңасабақ:
Кіріспе: ауа райы дегенді естіп жүрміз ғой , сол ауа райын не үшін тыңдайсыңдар?
Ауа райы және климат жайында балаларға түсінік беру.
Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашын мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды. Метеорологиялық стансалар туралы мағлұмат беру.
Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы сол араның климатының қалыптасуын білдіреді. Карта бойынша жер шарындағы ең ыстық және ең суық аймақтарды көрсету, түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Дәптермен жұмыс.Күн ретін, ауа райын жазу.Ауа жиынтығын жазу.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Біздің еліміз қай материкте орналасқан?(картадан көрсету)
Қоңыржай салқын,қоңыржай жылы ауаға не әсер береді?
Республикамызда ең суық температура және ең ыстық температура қандай айларға сәйкес келеді?
V. Қорытындылау:
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Ауа райын бақылау үшін не қажет?
Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 49,50 –беттерді оқу, мазмұндау. Дәптерге ауа райының құбылысын географиялық алаңқайда бақылап, қорытындысын жазу.
VІІ.Бағалау.
Күні: 14 . 12.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Қазына көтерген бала. Әнуар Жапаров.
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың өмірімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;
Тәрбиелігі:қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі:аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді? Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды? Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба). Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
2.Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің? Әңгіме саған қалай әсер етті? Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың? Қажымұратқа жазған хатың жайлы не аитар едің? Әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едің?
Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе.
Қаныш Сәтбаев – қазақтың аса көрнекті геолог-ғалым әрі қоғам қайраткері. Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын ашқан.
Жазушы Әнуар Жапаровтың төмендегі «Қазына көтерген бала»әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолды жеке түсіндіріп айту. Рөлге бөліп оқу. 3. Сөздік жұмыс. Геолог – жер құрылысы мен қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын ғалым.
ІҮ.Түсінгендерін тексеру:
1. Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім?
Ол туралы не білесің?
Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?
Қаныштың ұстазы кім? Ол суретті көргенде қандай ойда болды?
2. Қаныш қандай бала болғанын мәтінге және кестеге сүйеніп жаз.
Қаныш қандай бала болған?
|
Дәлел
|
|
|
Ү. Қорытындылау. Әңгіме неліктен«Қазына көтерген бала» деп аталған? Қаныштың салған суретін көз алдыңа елестету арқылы салып көр.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 14. 12.2015 ж.
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Табиғи материалдардан әртүрлі компазиция.Жеміс-жидектер композициясы. Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға жеміс-жидек композициясын жасауды үйрету.
Дамытушылығы:Ой-өрісін кеңейту.қиялдай білуге баулу.
Тәрбиелігі: әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: әртүрлі жемістерден жасалған композиция.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II.Жаңа сабақ
а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен матадан жеміс-жидек композициясын жасап үйренеміз. Ол үшін қажетті материалдар мен құралдар: қызыл, жасыл түсті мата қиындысы, мақта, ине, жіп, қайшы дайындап алайық.
Сергіту сәті
IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.
Іштей,тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3. Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Алманың қалып үлгісі түсірілген қатты қағазды қызыл мата бетіне орналастырып,бірдей төрт бөлшек қиып аламыз.
2. Бөлшектерді бір-біріне ағылшын түйреуіштерімен жалғап, беттестірілген бөлшектерді матаның оң бетінен қиғаш тігіспен тігеміз.Тек алманың сабағы мен жапырағын тігуге және ішіне мақта толтыру үшін матаның кішкене бөлігін тікпей қалдырамыз.
3.Алманың ішін мақтамен толтырып, тігілмей қалған бөлігін қиғаш тігіспен тігеміз. Жасыл түсті матадан жапырағы мен сабағын дайындап, алманың жоғарғы бөлігіне бекітеміз. Техника қауіпсіздігін сақтау.
ІV.Бекіту кезеңі.
V.Қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Матадан алмұрт пен банан жасап, композицияны толықтыр.
Күні: 14 . 12. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу . 379х60, 22740:60
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту,бөлу тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылығы:Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбилелеу;
Түріі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық
Көрнекілігі:кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 7,8-мысалдардың орындалуын тексеру.
2.Жан-жақты білім тексеру.
7200 : 60 6900 : 3 4500 : 9 т.с.с.
Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
№1.
263 ∙ 20 = 263 *(2*10)=263*2*10 = 526*10= 5620
5620 : 20 = 5620:(10*2) = 5620:10:2= 526:2 =263
№ 3.Түсіндіре отырып орында:
182 ∙ 30=5460 546030=182
231*40=9240 9240:40=231
№4. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
5489:30= 5469: 30= 5480: 30 =
№5 .Ш: (2400+1600) =4000(тг)
Ж: 4000тг
№6.Ш: (30000+50000):8=100000
30000: 100000 = 3(к)
50000: 100000 = 5(к)
Ж: 3,5 костюм
ІV. Білімді бекіту.
№8.Өрнек түрінде жаз және оқы:
(182*30)+7640:20 =5842
V. Сабақты қортындылау.
VI. Үйге тапсырма беру. №7,9-мысал. 128-бет
VI.Бағалау.
Күні: 18 . 12.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Менің атым Қожа. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды бұл бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған ақын жазушылардың туындыларымен таныстыра, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру;
Дамытушылығы: түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі сабақ.
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, бұл бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған ақын жазушылардың туындыларымен танысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |