ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу.
2. Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин).
Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі «Жиб-Жицамен» күресем деді.) көрушілер арасында неліктен қобалжу болды? Жиб-Жица күресінің тіртібі қандай екен? Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме? Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: Сар-Кек Киге берілген мінездемені тауып оқы. (Күйгелек, ызақор, кек сақтағыш мінезі бар, көп сөз, күлкіні жек көретін палуан.). Күрес алаңына шыққан Қажымұқанды көз алдыңа келтіріп көр. Сол елестетуің бойынша Қажымұқанға сипаттама беріп көр. Әңгімедегі оқиғаның шиеленіскен жерін тауып оқы.(Қажымұқанның басы-көзін қан басып, жосадай боп сорғалап жүре берді. ...)
Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы.
Ү. Қорытындылау.
Бүгін кім жайлы білдік? Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
Әңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс өлтіреді, Жігітті намыс өлтіреді.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 08 . 12. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты сөз тіркесі 21-25 жаттығулар
МАҚСАТЫ:
Білімділігі: Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін кеңейту; Тұрақты сөз тіркестері ұғымын
енгізіп, оның мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: көп мағыналы сөздерді өз беттерінше салыстыру; қорытынды жасауға
үйрету. Оқушылардың дағдыларын таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелігі: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа,
іскерлікке тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: суреттер, шырша, ойыншықтар, тапсырмалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,
ертегі кейіпкерлері тб
ТҮРІ: ойын түріндегі дәстүрден тыс сабақ
ӘДІСІ: әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру,сәйкестендіру
САБАҚ БАРЫСЫ.
І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. (психологиялық дайындық)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
(Ақ…… сөзінен басталатын АБАЙ аталарыңның өлеңінің бір шумағын мәнерлеп, хормен оқып беріңдер)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұл өлеңде не туралы айтылған?
(қыс мезгілінің келгендігі туралы айтылған. Денелі ақ сақалды аяз атаның келгендігі айтылады.) Дұрыс қыс мезгілі туралы екен, өлең. Олай болса, қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
Қыс мезгілінің екі ерекшелігі бар: 1) бірі басқа мезгілдер сияқты қыста да үш ай бар, бірақ қыстың үшінші айы 28 күн, немесе әр төрт жылда 29-ына бітеді. Сол күнде туылған бала төрт жылда бір рет туған күнін өткізеді екен ғой.
Екінші ерекшелігі: ескі жылды аяқтап, жаңа жылды бастап береді. Соңғы ерекшелігі айтылғанда қандай тамаша сөз айтылды? (ескі-жаңа сөзі, бұл сөздер өткен тақырыбымыз бойынша мағынасы жағынан бір-біріне қарама қарсы сөздер антонимдер)
ІІІ.ЖАҢА САБАҚ.
А)Олай болса көп мағыналы сөздерді еске түсірейік. (Әр тапсырманы орындай отырып, шыршаны безендіру)
*Омоним сөздер деген не?
*Синоним сөздер деген не?
Ә)*Антоним сөздер деген не?
*Тапсырмалар: антоним сөздер ілініп тұр: олардың қарама-қарсы жұптарын жазу.
Ақылды- ……………, кең-…………., сұйық-………..
Сөздер жазылған парақшаларды аударып, теріс жағынан ілдіргенде, жаңа тақырып аты шығады.
Б)Бүгінгі жаңа тақырып: Тұрақты сөз тіркестері.
Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде фразеология дегtн термин арқылы таныс. Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркесі деген ұғымды білдіреді. Сөздер бірнеше тіркестерден тұрады. Олар тіркесе отырып, бір мағына береді.Мысалы: бет моншағы үзіліп-ұялып. Итарқасы қиянда-алыста, қашық, алыс жер мағынасын білдіреді.
Оқулықпен жұмыс.
21-жаттығу (ауызша)
Көз-адамның, жан-жануардың көру мүшесі.
Көз ұшында ағараңдаған біреу көрінеді.
(қарамен жазылған сөздерді салыстыру, көз-дене мүшесі, екінші сөйлемде көз ұшында-ол көз емес, алыста деген мағына беріпті. Мұндай сөздер тобы үнемі бірге тұрады. Бір мағына беріп тұр.Мұндай сөздер сөзімізді бейнелі, мәнерлі етеді )
СЕРГІТУ СӘТІ.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса бүрсиіп
Бұтаға келіп қорғалар.
22-жаттығу.
ЖҰППЕН ЖҰМЫС
адасты,тыңдамады, аяды
Көз жазып қалды-
Жаны ашыды-
Құлақ қойған жоқ —
Көзді ашып жұмғанша-лезде, тез
23-жаттығу (жұмбақты дәптерге жазып, шешуін табады)
Түс кезінде қысқарса,
Кешке қарай сорайған.
Күннің көзін бұлт шалса,
Қас қаққанша жоғалған. (көлеңке)
* С/Ж …Қас қаққанша- тез, жылдам, лезде
24-жаттығу
Сөйлем құрау
Күн, қар
Ж) ролге бөліп оқып, мәтінге ат қою. Қарамен жазылған сөздің мағынасын ашу
Автор, шеге, кемпірауыз
Шеге, балға, кемпірауыз-бұлар еңбек құралдары
*Төбе шашым тік тұрады-қорқамын
ІV.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.(бағалау)
А) Сәйкестендіру
1)Қас пен көздің арасында-….. батыр
2)Ер жүрек-…… лезде, тез, жылдам
3)Тайға таңба басқандай-…. ерінді
4)Мойны жар бермеді-…. анық
5)Бармағын тістеу-… жолы болу
6)Тасы өрге домалау-.. момын
7)Қой аузынан шөп алмас-.. өкіну
Ә) Сурет бойынша жұмыс ойын: «Кім көп біледі?»Адамның портреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тіркестерді айту.
І-қатар бет, жүзі
ІІ-қатар көз тб
ІІІ-қатар мұрын, езу
V.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 25-жаттығу 119-бет (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
VІ.Қорытындылау
Күні: 08 . 12. 15
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ауа райы болжау
Мақсаты:
Білімділігі:Ауа райы және климат туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, сауатты мазмұндау дағдысын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі:Ұқыпты болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі:Жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта (жарты шарлар картасы)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1.Ауа құрамы мен ауа қабаты туралы түсінігін мазмұндату.
2. Білімді тексеру кезеңі:
Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?
Оттегі неге бітіп қалмайды?
Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?
Ауа қабаты бізге қажет пе?
Ауасыз қабатты қалай зерттейді?
-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді?
-Ауа қандай болады?
-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?
Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабалау.
Ауа райы .Климат.
ІІІ. Жаңасабақ:
Кіріспе: ауа райы дегенді естіп жүрміз ғой , сол ауа райын не үшін тыңдайсыңдар?
Ауа райы және климат жайында балаларға түсінік беру.
Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашын мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды. Метеорологиялық стансалар туралы мағлұмат беру.
Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы сол араның климатының қалыптасуын білдіреді. Карта бойынша жер шарындағы ең ыстық және ең суық аймақтарды көрсету, түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Дәптермен жұмыс.Күн ретін, ауа райын жазу.Ауа жиынтығын жазу.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Біздің еліміз қай материкте орналасқан?(картадан көрсету)
Қоңыржай салқын,қоңыржай жылы ауаға не әсер береді?
Республикамызда ең суық температура және ең ыстық температура қандай айларға сәйкес келеді?
V. Қорытындылау:
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Ауа райын бақылау үшін не қажет?
Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 49,50 –беттерді оқу, мазмұндау. Дәптерге ауа райының құбылысын географиялық алаңқайда бақылап, қорытындысын жазу.
VІІ.Бағалау.
Күні: 08 . 12. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген
қасиеттерін қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау,
есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбилелеу;
Түрі:жаңа білімді үйррету сабағы
Типі:аралас сабақ
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық
Көрнекілігі:кестелер, геом. фигуралар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жан-жақты білім тексеру.
№1. Тиімді тәсілмен есептеу.
Мақсат қою.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Геометриялық фигураларды пайдалана отырып көлемді әртүрлі тәсілмен табуды үйрету.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін әртүрлі тәсілмен табуға болады:
V= a ∙ b ∙ c = a ∙ c ∙ b = b ∙ c ∙ a = b ∙ a ∙ c = c ∙ a ∙ b = c ∙ b ∙ a
№3. Өрнектер құрастыру.
№4. Есепті шығар.
Еңбек сабағында 4А сыныбы 60 шырша ойыншығын, 4Ә сыныбы 40 шырша ойыншығын дайындады. Олар 200 шырша ойыншығын неше сабақта жасайды?
200:(60+40)=2 ( сабақ )
№5. Өз бетінше жұмыс.
Сергіту сәті.
№6. Есепте. ( 6ц 5кг – 105кг) ∙ 300+4т 3кг
16кг : (20кг 560г – 19кг 560г)
№7. Сәйкестенрдіру тәсілімен шығару. Қазының 1кг 700теңге тұрады.
№8. Мұны білу пайдалы. 2, 4, 6, 8 – жұп сандар 1, 3, 5, 7, 9 – тақ сандар
Сандарға қараңдар: 234, 678, 910 т.с.с жұп сандар деп атауға бола ма?
ІV. Сабақты қорытындылау.
Бүгін нені білдік?
V. Үйге тапсырма: №6 (2), сіріңкенің қорабының көлемін әртүрлі тәсілмен табу.
VІ. Бағалау.
Күні: 08 . 12.2015 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Бала Тұрар. Шерхан Мұртаза.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;
Тәрбиелігі:Отан сүйгіш, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді бекіту сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Сайыс қай қалада өтеді? (Харбин).
Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды? (Жапон күресі «Жиб-Жицамен» күресем деді.) Көрушілер арасында неліктен қобалжу болды?
Жиб-Жица күресінің тіртібі қандай екен?
Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме?
Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?
2. Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?
Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
2 – 3 класта Шерхан Мұртазаның қандай әңгімесін оқыдық? ( Бала Тұрар) Онда не жайлы оқыдық? (Тұрардың а,б әріптерінің орнына «Аспара, Қызыл Жебе, Көке» деген сөздер жазылғаны жайлы. Тұрардың зерек бала екендігі жайлы. ...). «Интернат қоймасы» деген әңгімесінде «Қызыл Жебе» романынан үзінді, бала Тұрарды ұры атандыру үшін Атамырзаның әрекеті еді.)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе.
1. Тұрар Рысқұлов жайлы не білесің?Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.
2. Репрессия деген не? (Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.)
3. 1937 – 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.
4. Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің басшысы болған. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.
5. Романның үзіндісін түсініп, жалғастырып оқу.
Сергіту сәті
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
Ү. Қорытындылау.
Әңгімедегіелдердің, көлдердің аттарын дәптеріңе жаз. Картадан тап. Мәтіннен Тұрардың көңілі жүдеп, мұңайып қалған жерін тауып оқы. Оның себебін түсіндір. (- Жоқ, әншейін, - деді бала бір түрлі мұңайып. ...)
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Қызыл Жебе» кітабын тауып оқу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 09 . 12. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты сөз тіркесі 26-30 жаттығулар
МАҚСАТЫ:
Білімділігі: Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін кеңейту; Тұрақты сөз тіркестері ұғымын
енгізіп, оның мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы: көп мағыналы сөздерді өз беттерінше салыстыру; қорытынды жасауға
үйрету. Оқушылардың дағдыларын таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелігі: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа,
іскерлікке тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: суреттер, шырша, ойыншықтар, тапсырмалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,
ертегі кейіпкерлері тб
ТҮРІ: ойын түріндегі дәстүрден тыс сабақ
ӘДІСІ: әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру,сәйкестендіру
САБАҚ БАРЫСЫ.
І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. (психологиялық дайындық)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. 25-жаттығудың орындалуын тексеру
2. Тұрақты сөз тіркестеріне байланысты білімдерін пысықтау
ІІІ.ЖАҢА САБАҚ.
1. Көркем жазу Бб Бб Бб Бб
2.Тапсырмалар: сөздер ілініп тұр: олардың қарама-қарсы жұптарын жазу.
Ақылды- ……………, кең-…………., сұйық-………..
Оқулықпен жұмыс.
26-жаттығу.
1.Мәтінді түсініп оқу.
2. Мәтіннен мағыеасы қарама- қарсы сөздерді тап және оларды жұптап жазу.
алға-артқа
27-жаттығу.
1.Сөзжұмбақты шешу.
2. Шыққан сөзді тұрақты сөз тіркесімен алмастыру.
лезде - қас пен көздің арасында
28-жаттығу
Қай сөздердің мағынасы анықталмағанын табу. 3пен 4-тің жауаптарының орны ауыстыру керек.
30-жаттығу
1. Өлеңді түсініп оқу.
2. Өлеңнен тұрақты сөз тіркестерін тауып, беретін мағыналарын анықтау.
айшылық алыс жер, көзді ашып жұиғанша,сусыздан сусын,
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма
«Баламасын тауып жаз. »
1. Ат ізін салмау ---------- 1. Инедей қадалу .................... 1. төрт көзітүгел..............................
2. қол ұшын беру ------- 2. мұзға отырғызу ................... 2.бетінен қақпау..............................
3. тіс жармау ----------- 3. ит тұмсығы өтпейтін ................ ... 3.аузын қу шөппен сүрту................
4. мойны жар бермеу -- 4. жерге кіріп кете жаздау................. .4. қабырғаңмен кеңес.....................
«Түбірін тап»
Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1...... нің түгі бар (жүрек)
2...... ын шүйіру(мұрнын)
3...... ын көкке көтеру
4...... іне көк ала шыбын үймелету(көз)
1...... тай ұшты (мұрт)
2...... ыңды балта кеспейді (мұрт)
3...... і тоймау (көз)
4. түйе үстінен..... үйту
ІV.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
V.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 29-жаттығу 93-бет (Сөзжұмбақты шешу)
VІ. Бағалау.
Күні: 09 . 12. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Нөлдерге аяқталатын сандармен көбейту және бөлу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту,бөлу тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбилелеу;
Түріі: аралас сабақ
Типі:жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық
Көрнекілігі:кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 7,8-мысалдардың орындалуын тексеру.
2.Жан-жақты білім тексеру.
7200 : 60 6900 : 3 4500 : 9 т.с.с.
Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
№1.
70 ∙ 90 = 7онд. *(9*10)=(7онд. * 9) *10 = 630онд.= 6300
6300 : 90 = 63жүзд. :9):10 = 7жүзд. :10= 70
№ 2.
Түсіндіре отырып орында:
Жазба мен есептеу тәсілін түсіндіру.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту кезінде ,нөлдерді есепке алмай ,алдымен көбейтуді орындайды,содан кейін жауабына екі көбейткіште неше нөл болса, сонша нөлді жазады.
80 ∙ 60=4800 4800: 60=80 900*40 =
№3. а) 25*16 =25*10*6
ә) 400:16=400:10*6
№4.25*24=25*(4*6)=
600:24=600:(6*4)=
№5 .Қалдықпен бөлуді орында және тексер
ІV. Білімді бекіту.
№7.Есепті шығар
№9 Жасырынған санды тап.
V. Сабақты қортындылау.
-Бүгін нені білдік? -Нені үйрендік?
VI. Үйге тапсырма беру. №8,9-мысал. 125-бет
VI.Бағалау.
Күні: 10. 12. 15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Бақылау диктанты. Құстар біздің досымыз .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге,
сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу,
Дамытушылығы:танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту,
Тәрбиелігі:адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамас бұрын есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық:
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлем қандай әріптен басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтаға жазады.
Құстар біздің досымыз
Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады. Далада бозторғай сайрайды. Бақта қараторғай ән салады. Қарлығаштар үй төңірегінде ұшып-қонып жүреді.Олар бізге қандай пайда келтіреді? Міне, мұны біреу білсе, біреу білмейді. Құрттар бау-бақшаға зиян келтіреді. Қоңыздар ағаштардағы жапырақтарын жейді. Құстар бақшаларды, бақтарды зиянды құрттардан қорғайды.Құстардың адамдар үшін, табиғат үшін пайдасы көп.
Қыстыгүні далада құстарға тамақ жоқ. Олар ашығады. Қыстыгүні құстарға жем беру керек. (62)
Тапсырма.
1.Үшінші сөйлемді сейлем мүшелеріне талда.
2.Құстар сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3.көп, зиянды сөздеріне мағынасы қарама- қарсы сөздер жаз
ІҮ.Оқушыларды бағалау. Жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Күні: 10 . 12. 15
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу . 46х20, 920:20
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту,бөлу тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылығы:Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбилелеу;
Түріі: аралас сабақ
Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық
Достарыңызбен бөлісу: |