Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет19/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

Ү. Қорытындылау. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай қайта реттеп жазып шық.

  1. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала. (4)

  2. Қасымның әжесінен айырылуы. (1)

  3. Тау ішіндегі қорқыныш. (3)

  4. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. (2)

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 04 . 12. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. 15-20 жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға сөз жән оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып білім

беру.Мағынасына қарай бөлінетін сөзтүрлерімен таныстыру.



Дамытушылығы:сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.14-жаттығудың орындалуын тексеру.

2. Сөз және оның мағынасы жайлы білімдерін бағалау.

Мақсат қою кезеңі:

1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау .


ІІІ. Жаңа сабақ :

а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Аа Аа Аа Аа әрпін жаздырту.

15-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып, қарама- қарсы сөздерді табу.

тәтті, ащы

16-жаттығу. 1.Мақалдарды оқып, жатқа жазу.

2. Мағынасы қарама- қарсы сөздердің астын сыз.
Сергіту сәті

17-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама- қарсы сөздерді тап.

мейірімді - қатыгез сұйық -қою

жуас - асау қашық - жақын

қымбат - арзан


18-жаттығу. Тек мағынасы қарама- қарсы сөздер жұбын теріп жаз. Неліктен кейбір сөз жұптары мағынасы қарама- қарсы сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.

Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдей білуге үйрен.


19-жаттығу.Сызық бағытымен бір әріпті қалдыра отырып оқып, жаңылтпаш құрастыр. Үтір мен нүктелердің орнында бір әріп бар депесептеукерек.
ІҮ. Қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.


Ү. Үйге тапсырма: 20-жаттығу.
ҮІ. Оқушыларды бағалау

Күні: 04 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: 10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейту және бөлу.

Мақсаты:

Білімділігі:10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейтудің тәсілдерімен таныстыру;

Дамытушылығы:қозғалысқа берілген жай есептерді шешу, жазбаша есептеу дағдыларын

жетілдіру.



Тәрбиелігі:еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Жаңа сабақ:

№1. 2*10=20 23*10 = 230

2*100 =2000 23*100=2300

2*1000=2000 23*1000=23000


20: 10 =2 230 : 10 = 23

200 : 100 = 2 2300 : 100 = 23

2000 : 1000 = 2 23000 : 1000 = 23

№2. а) Қандай сандарды 10- ға қалдықсыз бөлуге болады? 100-ге ше? 1000-ға ше?

ә) 98 санын 10-ға қалдықсыз бөлуге болмайды.

б) 987 санын 100-ге қалдықсыз бөлуге бола ма?

987: 100 = 9(қ.87)

№3. 3780 :10= 378 3700 :100 =37 3000:1000 = 3

4870: 10= 487 4800 :100 = 48 4000 : 1000= 4

№4. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

48 : 10= 4(қ. 8) 438: 10 =43 (қ. 8)

76 : 10 = 7 (қ. 6) 765 : 10 =76 (қ. 5)

№5. Әрбір бөлінгіште бөліндінің мәнін білдіретін цифрлардың астын сыз.
№7. Есеп құрастыр және шығар.

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

?

Бірдей


?

4

240км

5 сағат

?











ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау: 8-мысалды орындау
ІҮ. Қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма: №9-мысал. 118 - бет.

ҮІ. Бағалау
Күні: 04. 12. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ауа және ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

Максаты:

Білімділігі: Ауа, ауа райы, ауа құрамы, ауа қабығы жайындағы білімдерін толықтырып

түсіндіру.



Дамытушылығы: Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын

дамыту.


Тәрбиелігі:Өзара достыққа ,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.Суды қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,Арал мен Балқаш туралы жұмыстарын үш қатар бойынша қорғау.(3 оқушы.)

2.Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су қалай ластанады?

-Ластанған судың ағзаға әсері қандай болады?

- Арал мен Балқаш неге тартылып кетті деп ойлайсың?

Ішуге жарамды су қанша пайызды құрап еді?

Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Ауа. Ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Ауа туралы не білетін едік? Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?

Ауа көлемі қандай жағдайларға байланысты өзгереді?

Ауаның құрамы болады. Ол үш түрлі газдардың қоспасы. Газдың иісі де, түсі де болмайды, себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі ,иісі болмайды.

Ауадағы ең көп газ –азот,ол ауаның үштен екі бөлігін құрайды. 78 пайызы азот, 21 пайызы оттегі, 1 пайызы ғана көмірқышқыл газы .Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз.

Ауа қабығына келетін болсақ, Жер шарын ауа тегіс қоршап, қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз км жетеді. Осыған қарағанда біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа қабығы бінеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп,жауын-шашын жауады.Екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Ал үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Ауа қабаты –Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып немесе суынып кетуден сақтайды «Аққан жұлдыздар » мен метеориттер туралы айтып өту.



Оқулықпен жұмыс.

Дауыстап тізбектей оқыту.



Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Ауа құрамындағы газ атауларын жазу.

Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

Сыныпты екі топқа бөліп ,бір-біріне сұрақ беру.

«Ауа құрамы» және «Ауа қабаты»

V. Қорытындылау.Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?

Оттегі неге бітіп қалмайды?

Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?

Ауа қабаты бізге қажет пе? Ауасыз қабатты қалай зерттейді?

-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді? -Ауа қандай болады?

-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?



VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 46-48- беттерді оқу, мазмұны.

VIІ. Бағалау.

Күні: 05. 12. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Табиғаттағы табиғи материалдар туралы түсініктер. Материалдардың

түрлері. Материалдарды дайындау.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын

бұйымдар, оларды кептіру жолдарын ұғындыру, сабаннан панно жасауды үйрету. Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелігі:Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.

Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.
Сергіту сәті.

IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.

Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.


ІV.Қорытындылау.

Панно сендерге ұнады ма? Неліктен сабанды табиғи материал түріне жатқызамыз?


V.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Күні: 07 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Мұхтар туралы. Жас Мұхтар. Ахмет Әуезов.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны Мұхтар Әуезовтің жастық шақтағы өмірімен таныстыра отырып, оқып,

байланыстырып сөйлеуін.



Дамытушылығы: шығармашылық ой-өрісі мен сөздік қорларын кеңейту;

Тәрбиелігі:адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгіме қалай басталады? Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім? Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген? Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? Сенің көз алдыңа нелер елестеді?

2. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің? Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе .

Мұхтар Әуезов туралы Ахмет Әуезовтың естелігінен:

Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі-өнеге алды.

Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қарасөзін үйрете бастады.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтіннің негізгі ойын табу, кейіпкерлерін атау. Мұхтар Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді? Абайдың қарасөзі бойынша естіген нәрсені ұмытпас үшін не істеу керек? Кітаптан тауып оқы. Дәптермен жұмыс.


  1. Сызбаны дәптеріңе жазып ал.

1 – ші мұқият тыңдау
Есте сақтау жолдары

2 – ші ынтамен ұғу

3 – ші бірнеше рет қайталау

4 – ші басқа ойдан қашық болу



  1. Дәптерге Мұхтарлар тыңдаған жырлардың атын жаз.

«Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан» эпостық жырлар, «Алпамыс», «Қобыланды» жырлары.

ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған? (Қоңыр қозы).

Мұхтардың атасының аты кім? (атасы Әуез, әжесі Дінәсіл).

Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берді?

(«Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан» эпостық жырлар, «Алпамыс», «Қобыланды» жырларын, «Күн астындағы Күнікей қыз» атты қиял-ғажайып ертегісін).

Ү. Қорытындылау. Мұхтар Әуезов туралы деректерді ізде (2 – 3 кластардағы оқулықтар мен кітапханадан қара) және оларды мына сызба бойынша жаз.


Мұхтар Әуезов кім?

Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім?


ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма.

ҮІІ.Бағалау.

Күні: 07 . 12.2015 ж.

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Сабаннан жасалған панно.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар оларды кептіру жолдарын ұғындыру,сабаннан панно жасауды үйрету.

Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақ типі: жаңа білімді бекіту кезеңі

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі:әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар.

Қажетті материалдар мен құралдар: кептірілген сабан.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

II.Жаңа сабақ.

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады. Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебана, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды.Қандай да бір бұйым жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет.Ол үшін қолданатын материалды тазалап, кептіріп алады. Кептіру жолдары әр түрлі. Мысалы «икебана» жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап, іліп қояды.Сабаннан бұйым құрастыру үшін оның ұзындығын бірдей етіп кесіп алып, панно жасауға болады.Сондай-ақ әр түрлі дән, жаңғақ, бүрлермен жануарларды, құстарды, көбелектерді,т.б.бейнелеп, ерекше композиция құрастыра аламыз. Бүгін сендермен сабаннан панно жасап үйренеміз.


Сергіту сәті

IІІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей,тізбектей оқыту.

2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

«Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз.Сурет үстіне калька қағазын қойып, суретті айналдыра сызып көшірмесін калька бетіне түсіреміз. Дайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз.Суретті сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң, желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып, екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.

ІV.Қорытындылау.

Панно сендерге ұнады ма?

Неліктен сабанды табиғи материал түріне жатқызамыз?

V.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып.

Күні: 07 . 12. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу

Білімділігі:Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру;
Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін

арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру;


Тәрбиелігі:Оқушыларды шапшандыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, мақсатына

жетуге ұмтылдыру, Отан-сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімдіүйрету сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, тест, жеке жұмыс, көрнекілік,

топтық жұмыс


Сабақтың көрнекілігі:санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері жазылған плакат, тест

тапсырмалары, аққаланың қиындылары, логикалық есептер,

дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, математика сабағына назарларын аудару, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. № 9-мысал тексеріліп оқушыларға тиісті бағаларын қою.


2. Өткен сабақты қорытындылау: Өткен сабақтың тақырыбы. Санды көбейтіндіге көбейту тәсілдері. Осы тақырыпқа байланысты көбейтудің үш заңын немесе қасиетін білуіміз керек.
1. Көбейтудің ауыстырымдылық заңы: а в = в а
2. Көбейтудің терімділік заңы: (а в) = а (в с)
3. Көбейтудің үлестірімділік заңы: (а+в) = а в + с в
Жаңа сабақтың мақсатын қою:
Сабағымыздың тақырыбы «Санды көбейтіндіге бөлу». Сәйкес қалдықпен бөлуді пысықтаймыз. Ойлау қабілетімізді дамыту барысында логикалық есептер шағарамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндірмесі:

12 : (2 3) өрнегінің мәнін әртүрлі тәсілмен есептеп шығару жолдарымен таныстыру


Ұзындығы 12 см кесіндіні (2 3) бөлікке әртүрлі тәсілмен бөліп, бір бөліктің ұзындығы неше сантиметр болатынын есептеп табамыз.
Бірінші тәсіл: 12 : (2* 3) = 12 : 2 : 3 = 6: 3 = 2 (см)
Демек, санды алдымен бірінші көбейткіш-ке бөліп, содан кейін санды оған бөлдік.

Екінші тәсіл:

12: (2*3) =12:6 = 2(см)


Сонымен 12 : (2 3) өрнегінің мәнін әртүрлі тәсілмен есептеп шығардық. Екі жағдайда да бірдей нәтиже алдық.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.
Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс. Үш топқа бөлініп оқулықтағы берілген есптерді жарыс ұйымдастыру арқылы шығарамыз.

№2. Әр түрлі тәсілмен есептеп шығару.


№ 3, № 4 тақтада орындалады. Бұл жаттығулар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсуге арналған.

Сергіту сәті

№ 6 жаттығудың шешуі:


432 :9 = 48 км/сағ
432 : 6 = 72 км/сағ
72-48 = 24 км/сағ арттырылуға тиіс
Жауабы: 24 км/сағ арттырылуға тиіс
№ 7 жаттығудың шешуі:
28-23 = 5 қап картоп артық жиналған
250 : 5 = 50 кг бір қаптағы картоп
28 50 = 1400 кг бірінші алқаптан жиналған картоп
23 50 = 1150 кг екінші алқаптан жиналған картоп
Жауабы: бірінші алқаптан жиналған картоп 1400 кг, екінші алқаптан жиналған картоп 1150 кг.
ІV.Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Ойын «Аққала» Аққаланың хаты оқылып ішіндегі логикалық есептер шығарылады. Аққала еріп кетпеу үшін жылдам-жылдам шығаруға тырысады. Аққаланың тапсырмаларында қалдықпен бөлу тапсырмалары да бар.


V. Қорытындылау.. Не білеміз? Не білуіміз керек? Не білдік? Сұрақтарына жауап алынады.
VI. Үйге тапсырма беріледі. № 8, № 9, 122 бет Тапсырма түсіндіріліп, күнделіктеріне жазылады.
ІХ. Бағалау.

Күні: 08 . 12.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Жиб-Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица» әңгімесі бойынша қазақтың

әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру.



Дамытушылығы: күрес түрі жайлы мәлімет беру; дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге

баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.



Тәрбиелігі: Қазақ палуандарының жеңістерін үлгі ете отырып салауатты өмір салтына

тәрбиелеу



Түрі:аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. «Түркістан» өлеңін жатқа сұрау, «Өткен күн» өлеңнің басында қандай өзен-көлдердің аты аталады?(Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу). Бұл өзен-көлдер қай жерлерде? Ауыл жайлауға көшкенде қандай өзгеріс болады екен?

2. Пысықтау:

Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қай жерде орналасқан?

Ақын өлеңде «Тұран» деген сөзді қолданады. Тұранда ертеде кімдер туып-өскен екен?

(Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі).

Түрік еліне кімдер жатады деп ойлайсың? (түрік,қазақ, қырғыз, ...).

Тұранда хандық құрған кім? (Қасым хан). Абылай хан қай жерге жерленген? (Түркістанда).



Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай-талай атақты палуандармен белдескен. Алтыны, күмісі бар – барлығы 48 медаль алған. Қажымұқанның палуандығын танытатын бір дерекпен белгілі жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың әңгімесі арқылы танысасыңдар.


Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет