Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет12/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Дамытушылығы:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: түйме, ілгек, ілмектер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата қиындылары, қайшы, ине, ілгек, ілмек, тойтармалы түймелер, қарындаш немесе бор.
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Білімдерін тексеру

Тігін құралдарына не жатады?

Тігіс түрлерін есімізге түсірейік?
ІІІ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі. Ілгек, ілмек,тойтармалы түймелерді киімнің немесе бұйымның екі бөлігін бір-біріне бекіту үшін қолданады. Оларды қадау үшін орналасатын орнын белгілеу қажет, себебі ілгек пен ілмек және тойтармалы түйменің үсті мен асты бір-біріне дәл түсуі тиіс. Ілгек, ілмектің көлемдері ұзын, орташа, қысқа және жуан-жіңішке болады. Сол сияқты тойтармалы түйменің де диаметрі үлкен-кіші, жуан-жіңішке болып келеді. Олар темірден, қазіргі кезде түрлі-түсті пластиктерден де жасалынады. ә)Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.


ІҮ. Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Бір түсті орташа қалыңдықтағы матадан ұзындығы 15 см, ені 10 см екі қиынды дайындап аламыз.

2. Мата қиындыларының жиегінен 4 см-ден қалдырып ілгек, ілмек тойтармалы түйме қадайтын орын белгілейміз.

3. Мата қиындысының біріне ілгек пен ілмекті қадаймыз. Екінші мата қиындысына тойтармалы түйменің үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігін тігеміз. Оларды ілгенде ілгек пен ілмек, тойтармалы түйме бір-біріне сәйкес келуі керек.


Ү. Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сендерге ұнады ма?


ҮІ. Бағалау.Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.


Күні: 26. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу. 680* 4, 6008*4 және 24032:4, 2432:4

Мақсаты:

Білімділігі: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды бөлуді орындауды үйрену Дамытушылығы: есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.

ІІІ.Жаңа сабақ

Математикалық диктант.



1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1 тапсырма бойынша жаңа көбейту тәсілінің алгаритмін қарастырады. Бөлуді көбейту арқылы тексереді.

608 6008

4 4


------- --------

2432 24032

№ 2. Көп таңбалы сандармен есептеу қалай жүргізілгенін түсіндір. Осы тәсілдің қысқаша жазылуына көңіл бөл.

– 2432 4 – 24032 4

24 608 – 24 60 0 8

– 3 – 0

0 0

– 32 3


32 0

0 ------------

32

32

-----------



0

№ 2(ә) жазбаша есепте және дұрыстығын тексер.

805*5=40254025:5=805

805кг*5=4025кг 4025кг:5=805кг

706*8=56485648 :8 =706

706л*8=5648л5648кг:8 =706кг

№3. Қалдықпен бөлуді орында және оны тексер.

4026:5=805 қ1 40028:5=8005 қ3



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есептерді түсіндіріп шығару:

№ 4. Есепті шығар.

8 м жібек – 932 тг Ш: 932 ∙ 8 + 1 758 ∙ 5 + 784 ∙ 7 = 21 734

5 м зерлі – 1 758тг ? төленді Ж: 21 734 тг төленді.

7 м атлас – 784 тг

№ 4. Есепті шығар.

Ш: 1 985км + ( 324км + 469км) = 2 778км Ж: барлығы 2 778км

№ 5. Топтық жұмыс.

І топ. Ш: 14 ∙ 7 = 98 Ж: барлығы 98 кг картоп

ІІ топ. Ш: 640 : 20 = 32 Ж: 20 қорап.

ІІІ топ. Ш: 168 : 8 = 21 Ж: 21 1 қораптың массасы.

Ү. Қорытындылау. № 7. Ауызша.

16 сағ 25мин 27 мин 16 сағ 52 мин 49 мин 17 сағ 41 мин.

№ 7. (ә) жұптық жұмыс.

5 ғ. = 500 ж 72 сағ. = 3 тәулік 5 ж. 8 ай = 68 ай. 9 тәул. 2 сағ = 218 сағ т.с.с.

Шығармашылық тапсырма.№ 8 өздік жұмыс.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 7. 81 - бет.

ҮІІ.Бағалау
Күні: 30. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. № 3.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай алу деңгейлерін

бақылау;



Дамытушылығы:әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы, арақатынас туралы

білімін, есептерді шығару кезінде пайдалана алу, теңдеуді

шешудағдыларын дамыту

Тәрбиелігі: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

Әдісі: өздік, есептеу, салыстыру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.
ІІІ. Бақылау жұмысы

І нұсқа.

1. Есепті шығар:

Бірінші бригада егістіктен 205кг қызанақ жинады және әрқайсысына 5килограмнан пакеттерге бөліп салды, ал екінші бригада 200кг қияр жинады және әрқайсысына 5килограмнан пакеттерге бөліп салды. Бірінші бригада екіншісіне қарағанда неше пакет артық дайындады?


Ш: 205 : 5-200: 5 = 1(п)

Ж: 1пакет артық дайындады.


2.Амалдарды орында.

900:3+6*(220-20):2= 900 21883+472  =22355

(257+383)*2+260=1540 234:9+206= 232
3.Өрнекте.

48000кг = 48 т 635000кг = 6350ц

73000кг = 73 т 5700кг = 57ц

1000000 кг =1000т 4т 20ц = 60ц


4. Разрядтық қосылғыштардың қосындысын сан түрінде жаз.

4000+500+3 =4503 1000000+20000+200 = 1020200

300000+20000+2000 =322000 70000 + 4000 + 300 = 74300
5.Ұзындығы 3см 3мм, ал ені 2см 2мм, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

а= 3см 3мм

в = 2см 2мм

S = 3см 3мм *2см 2мм= 7см26мм2

Р = (3см 3мм +2см 2мм) ∙ 2 = 11 см

ІІ нұсқа.

1. Есеп шығар.

Бірінші бригада егістіктен 350 кг сәбіз жинады және әрқайсысына 50 килограмнан қаптарға бөліп салды. Ал екінші бригада 540 кг қызылша жинады және әрқайсысына 60 килограмнан қаптарға бөліп салды. Екінші бригада біріншісіне қарағанда неше қап артық сәбіз дайындады?

Ш: 540 : 60 - 350 : 50 = 20(қ)

Ж: 20 қап артық дайындады.


2. Амалдарды орында.

700:100+4*(110-10) = 407 204 * 3+720: 9 =692

(824+16)*1+370=1210600 - 792:4 =402
3.Өрнекте.

54000кг = 54т 786000кг = 7860ц

93000кг = 93 т 6700кг = 67ц

2 000000 кг =2000т 7т 40ц = 110ц


4. Разрядтық қосылғыштардың қосындысын сан түрінде жаз.

3000+40+1 =3041 8 00000+30000+200 = 830200

50000+3000 +200 =532007000000 + 80000 + 3000 = 7083000
5.Ұзындығы 4см 5мм, ал ені 2см 2мм, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.

а= 4см 5мм

в = 2см 2мм

S = 4см 5мм *2см 2мм= 9см9мм2

Р = (4см 5мм +2см 2мм) ∙ 2 = 13 см4мм
ІҮ.Қорытындылау


Күні: 28. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Шыбын мен Көбелек. Сейітқұл Оспанов.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» атты мысалымен

таныстырып, баланың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы

түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

Дамытушылығы:өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып

сөйлеу, ойын қорыту, тұжырым жасай білу қабілетін дамыту.



Тәрбиелігі: Ешкімге зиян тигізбеуге,әрқашан сыйлы болуға тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Мысал-өлеңде не жайлы айтылған? Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? Парта Сапарға неге ренжіді? Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғардың?

2.Сапардың істегені дұрыс па? Біздің ортамызда осындай адамдар бар ма?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Шыбын жайлыне білесің? Көбелек туралы не білесің?


Сергіту сәті. «Көбелек» әнін айту.

(Көбелек, көбелек, көкке үшқан өрмелеп,

Сені ұстау тым қиын, айлакерсің керемет.

Шаршадым, шалдықтым, қуып сенің соңыңнан.

Ұстасамда шап беріп, шығып кеттің қолымнан...)
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» атты мысалын түсініп, жалғастырып, рөлге бөліп оқу.

2. Сөздік жұмыс.



Көз шырымын алу – ұйықтау.

Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы.

Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті.

Сұғанақ – ұры.

Сапалақ – шыбын қорығыш құрал.

Шылғи өтірік – мүлде өтірік.

3. Мысал не жайлы екен? Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды? Шыбын не деп мақтанды? Көбелек оған не деді? Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?


ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Мысалды рөлге бөліп, сахналау.

2. Әңгіменің соңғы абзацын оқып, қандай қорытынды пікір айтуға болады?



Ү. Қорытындылау.

Бүгін не жайлы өттік? Көбелек пен Шыбынға мінездеме беріп көр.

Қандай? Қандай?

сезімтал мақтаншақ

әдемі жұқсыз

ұстамды сұғанақ



ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 28 . 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділігі:жазбаша көбейту және бөлу (өтілген түрлері) кезіндегі амалдар тәсілін бекіту;

Дамытушылығы:қателерін анықтап, түзете алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Типі: пысықтау,қайталау сабағы.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 9-мысалдың (83-бет).

Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:




2

8

14

20

26

32

38

44

50

56

10

11

13

16

20

25

31

38

45

53

20

13

30

14

40

15

50

16

60

17

ІІІ. Жаңа сабақ:

№ 1. Есептерді шығар

Ш: 60сек : 2сек.*5 =150

Ж: 1минутта 150 бала .

№2. Ш: 1м 85см *2 = 3м70см

Ж: төрт жылда 3м 70см болды.

№3 Ш: 4: (18-16)=2 (м)

2*18=36 (м)

2*16=32 (м)

Ж: 36м,32м мата жұмсады.

№4. Бөлуді орында жіне оны көбейтумен тексер:

4004 : 7= 572 48016 : 8= 6002

5649 :7 = 807 90030: 3= 30010

№5. Амалдарды орында :

48т 57кг - 18т 869кг= 29т 188кг

48кг 57г - 18кг 869г =29кг 188г

№6. Теңдеуді шеш:

6 * х = 720

х= 720 : 6

х =120


6*120=720

№7. Әр сағат көрсетіп тұрған уақытты түрліше оқы.



ІҮ. Жаңа білімді бекіту. Шығармашылық тапсырма.№ 8.

Көпбұрыштардың периметрін өрнек түрінде жаз.



Ү. Қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 9,10. 84 - бет.

ҮІІ . Бағалау

Күні: 31. 10. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты:

Білімділігі: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғат байлығын бағалауға ,адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақ типі:Аралас сабақ.

Түрі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеріп,назарын сабаққа аудару.

Өтілген материалға шолу

Өткен тоқсанда қандай тақырыптармен таныстық?

Алғашқы адам, табиғат, пайдалы қазбалар жайында еске түсіру.

Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
ІІІ. Жаңа сабақ.


  1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар жайында өзіміз не білеміз?

Металл қорытылып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазба дейміз.

Ең көп тарағаны –тұз.Фосфорит,асбест, әктас, бор, мәрмәр, ұлутас та осы топқа жатады.

Сарамандық жұмыс.

Картадан кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды тауып, өндірілетін аймақтарымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу Құрылыс материалдарын жазу
Сергіту сәті.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды өздері ұстап , оның қандай пайдасы бар екенін айтып қорғайды.Сол туралы мақал , тақпақтар болса айтады.


V. Қорытындылау

-Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі:

Оқу, мазмұны. Дәптерге кенге жатпайтын пайдалы

қазбаларды теріп жазу.

VIІ.Бағалау.
Күні: 31. 10. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар тігу.Материалды дайындау.« Құс» панносын тігу

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету;

Дамытушылығы:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: әр түрлі паннолар.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме,

бау, желім, қайшы.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Білімдерін тексеру

1.Панно деген не?

2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.
ІІІ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

-Бүгін сендермен «Құс» панносын тігеміз. «Құс» панносын қолдан тігіп сыйға тартуға немесе ине шаншитын жастықша ретінде пайдалануға болады.


Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқу
ІҮ. Жаңа материалды бекіту кезеңі

ә) Практикалық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Құс панносының қалып үлгісін дайындау үшін қатырма қағазға құстың кеудесін қарындашпен сызып, қиып аламыз.

2. Екі қабатталған матаның бетіне қалып үлгіні қойып, бормен айналдыра сызамыз да, сызық бойынша қиямыз. Ішіне мақта немесе паролон салу үшін бір бөлігін тікпей қалдырып, қалған бөлігін теріс бетінен көктеп тігеміз. Содан соң оң бетіне аударып, кеудесін мақта не паролонмен толтырамыз. Тігілмеген бөлігін тігеміз.

3. Матадан құстың қанатын қиып алып, кеудесіне желімдейміз. Қызыл түсті матадан айдарын дайындап, құстың басына желімдейміз не тігеміз.

4.Ал қосымша бөлшектерін суреттегідей етіп жапсырамыз.

5. Көзіне түйме, ал кеудесіне іліп қою үшін бау тігеміз.


ІҮ.Қорытындылау. Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған

панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?


Ү. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
Күні: 02. 11. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар тігу.Материалды дайындау."Ат" ойыншығын тігу

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету;

Дамытушылығы:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: әр түрлі паннолар.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме,

бау, желім, қайшы.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Білімдерін тексеру

1.Панно деген не?

2. Тігістің түрлерін еске түсірейік.
ІІІ. Жаңа сабақ

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгін сендермен "Ат" ойыншығын тігеміз.

Ол үшін 1. Суретке қарап отырып, ат кеудесі мен оның ұсақ бөлшектерінің қалып үлгісін дайындаймыз.

2. Бір түсті қалың мата бетіне ат кеудесінің қалып үлгісін түйреп, бормен жан-жағын сызып, сызық бойынша қиямыз. Ал құйрығы, жалы мен қалған ұсақ бөлшектерінің пішінін басқа түсті матадан қиып аламыз.

3. Сонда кеудесіне екі бөлшек, ауыздығына екі бөлшектен төртеу, құйрығына екі бөлшек, жалына екі бөлшек, әшекейлеріне бірнеше бөлшек, тұяғына екі бөлшек, көз айналасындағы жұлдызшаға екі бөлшек мата керек.

4. Алдымен матаның теріс бетінен кеудесінің екі бөлшегін бір-біріне беттестіріп көктеп тігеміз. Ішіне мақта не синтепон толтыру үшін бір жағын тікпей қалдырамыз. Одан кейін тігілмеген жағынан оң бетіне айналдырамыз. Ішін мақта, синтепонмен толтырып, тігілмей қалған бөлігін тігеміз. Енді қосымша бөлшектерін тігеміз. Олар: жалы, құйрығы, көз айналасындағы жұлдызша, ауыздықтары, тұяғы мен әшекейлері. Қосымша бөлшектерін «Құс» панносын тіккендегідей әдіспен орындаймыз.

Сергіту сәті.

ІҮ. Бекіту кезеңі Панно қандай бөлшектерден тұрады? Өз қолыңмен жасаған панноңды кімге сыйлар едің? Құс панносына қандай тігіс қолдандың?
Ү. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

Күні: 02. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Менің үйренгенім.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың бір тоқсан бойы алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын

жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу,



Дамытушылығы:логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, елін, жерін сүюге баулу

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабаққтың типі: білім,білік, дағдыларын бекіту сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:тест материалы, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

"Адам қорыған көл" ертегісі бойынша білімдерін бағалау.



Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызда «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

Ү. Қайталау.

1. Жұптық жұмыс. (үлестірме карточкасы бойынша).

1. Халық ауыз әдебиетіне мыналар жатады: 1) ертегілер; 2) батырлар жыры; 3) аңыз; 4) бесік жыры; 5) жұмбақ - жаңылтпаш; 6) айтыс; 7) төрт түлік туралы жырлар; 8) мысалдар; 9) мақал-мәтелдер; 10) шешендік сөздер.

2. Анықтаманы аяқтап жаз: Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.

«Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған»



Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет