Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет11/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31


V. Қорытындылау.

-Жанғыш пайдалы қазбаға не жатады?

-Тас көмір қалай пайда болады?-Өңдеу арқылы қандай заттар алынады?Тас көмірді қайда пайдаланады? -Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?

-Газ кен орны мен мұнай –газ кен орнының айырмашылығы неде?

-Өндіріс орындары пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды жақтарын ойлап ,не істеу керек?
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұны.Дәптерге көмір түрлерін,көмір кен орнын

ашқан адамды, мұнайдан алынатын заттарды жазуға.



VIІ.Бағалау.

Күні: 21. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Мазмұндама . Мейрамгүл

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру,

оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;



Дамытушылығы:логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі

жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.



Тәрбиелігі:өзімшіл болмауға, бір- бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Түрі: жазбаша бақылау

Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарынпсихологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.



Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;



ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мейрамгүл

Мейрамгүл өзімшіл болды. Өзге балаларды ұнатпайтын. Мақтаншақ еді. Ешбір затын басқаларға бермейтін. Сондықтан олармен ойнамайтын.

Бір күні апасы оны балабақшаға апарды. Ондағы балалар бірге ойнайды. Ойыншықтар жеткілікті еді. Мейрамгүлдің ойыншықтарымен балалар ойнағысы келді, бірақ ол ешкімге бермеді. Балалар болса өз ойыншықтарымен ойнай берді. Балалар да Мейрамгүлді өз ойындарына қоспады. Ол жалғыз жүрді. Біраздан соң терезе алдына келіп отырды.

Кешке үйге келген соң, мамасына балабақшаны жамандады.

Келесі күні де жалғыз жүрді. Басқа балалар бір-бірімен ойнап мәз. Ал, Мейрамгүл көңілсіз. Балабақшада бала көп. Бірақ Мейрамгүлде серік жоқ. Еркелігін де, қиқарлығын да ешкім елемеді. Тіпті ол өз ойыншықтарын жек көре бастады. Ол ойыншығын жерге алып ұрды. Өйткені балалармен бірге ойнау жалғыз отырғаннан әлдеқайда қызық та көңілді еді.

(Д. Қасенов)



Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: өзімшіл болды; өз ойыншықтарымен ойнай берді: ойындарына қоспады; Еркелігін де, қиқарлығын да ешкім; әлдеқайда қызық та көңілді еді.

Мазмұндау жоспары:

Мейрамгүл қандай еді?Бақшадағы балалар Мейрамгүлмен неліктен бірге ойнамады?

Оған неге көңілсіз болды?

Мейрамгүл мінезі туралы өз пікіріңді жаз.



ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мейрамгүл сияқты бала біздің арамызда бар ма? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Күні: 21. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы

түйінді ойды ашуға жағдай жасау.



Дамытушылығы:Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелігі: Адамгершілікке,енбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Топтарға бөлініп, сайыс-сабақты өткізу. Санамақ айту жолымен топтың басшысын таңдайды. Үш қатардан топ басшысы шығып, ішіндегі топтың аты жазылған қағазды оқиды.

І топ – «Оқу» тобы

ІІ топ – «Жазу» тобы

ІІІ топ – «Өнер» тобы.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе . жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.



  1. Автор туралы қысқаша дерек.

Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т.б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.

  1. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.

  2. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.


Кім

Кімге айтты

Не деп

Неліктен






  1. Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.

ІҮ. Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.

А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.

Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.

Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам ...» тақырыбына эссе жазады.

«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.

Келді араға Шыбын

Жиып жатқан шырын,

Шақырды Шыбын қонаққа.

Ара келсе кешігіп,

Жатып қапты шешініп.

Қонақты дұрыс күтпепті,

Шыбынға ақыл жетпепті.

Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.

«Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:


  1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

  2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?

  3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

«Кім тапқыр?» тапсырмасы.

Мысал бойынша мақал-мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.



  1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

  2. Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.

  3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІ.Үйге тапсырма:оқу, кестені толтыру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 22. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 41-45-жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға бірыңғай мүше туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту ауызша сөйлеу тілін

дамыту;



Тәрбиелігі:адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру: 40-жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі:

1)сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс

Күн ретін жаздыртып, жаңа сабақты түсіндіру.



41-жаттығу арқылы іске асырылады:

- Кімдер құлаған жерді аршып жатыр? - Бейсен, Шымырбек, Қали

- Осы үш сөз де қай сөзбен байланысып тұр?

- Аршып жатыр деген баяндауышпен байланысып тұр.

- Кімдер дос? - Айша, Жанар, Сәуле. Осы ретпен барлық сөйлем талданып шығады.
42-жаттығу. жаңа ұғымды түсіндіруге арналған. Осы жаттығуды орындау арқылы оқушылар бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқаратынын және бәрі бір ғана мүшемен байланысатынын байқайды.
Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс:

43-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді табу

44-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелердің сөйлемде қандай мүше болып тұрғандығын айту. Бидайды қай мезгілде жинайды? Бидайдан біз не жасаймыз? Нан туралы қандай мақал білесің?
ІҮ. Сабақты қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ә) Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне не жатады ?

Ү. Үйге тапсырма: 45-жаттығу. Мұнда бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып теріп жазу керек. Содан соң олардың астын сызып, қай сөзбен байланысқанын көрсету керек.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 22. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу. 3456* 4, 14184 : 4

Мақсаты:

Білімділігі: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды бөлуді орындауды үйрену (бөліндіде бір немесе бірнеше разрядтың бірлігі болмаған жағдайдағы);

Дамытушылығы: есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.

ІІІ.Жаңа сабақ

Математикалық диктант. № 4.



1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1 тапсырма бойынша жаңа бөлу тәсілінің алгаритмін қарастырады. Бөлуді көбейту арқылы тексереді.

№ 2. Көп таңбалы сандармен есептеу қалай жүргізілгенін түсіндір. Осы тәсілдің қысқаша жазылуына көңіл бөл.

– 1 2 0 1 8 6 – 1 2 0 1 8 6

1 2 2 0 0 3 – 1 2 2 0 0 3

– 0 – 1 8

0 1 8

– 1 8 0


1 8

0

№ 2(ә) жазбаша есепте және дұрыстығын тексер.



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есептерді түсіндіріп шығару:

№ 3. Есепті шығар.

8 м жібек – 932 тг Ш: 932 ∙ 8 + 1 758 ∙ 5 + 784 ∙ 7 = 21 734

5 м зерлі – 1 758тг ? төленді Ж: 21 734 тг төленді.

7 м атлас – 784 тг

№ 4. Есепті шығар.

Ш: 1 985км + ( 324км + 469км) = 2 778км Ж: барлығы 2 778км

№ 5. Топтық жұмыс.

І топ. Ш: 14 ∙ 7 = 98 Ж: барлығы 98 кг картоп

ІІ топ. Ш: 640 : 20 = 32 Ж: 20 қорап.

ІІІ топ. Ш: 168 : 8 = 21 Ж: 21 1 қораптың массасы.

Ү. Қорытындылау. № 7. Ауызша.

16 сағ 25мин 27 мин 16 сағ 52 мин 49 мин 17 сағ 41 мин.

№ 7. (ә) жұптық жұмыс.

5 ғ. = 500 ж 72 сағ. = 3 тәулік 5 ж. 8 ай = 68 ай. 9 тәул. 2 сағ = 218 сағ т.с.с.

Шығармашылық тапсырма.№ 8 өздік жұмыс.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 6. 64 - бет.

ҮІІ.Бағалау

Күні: 23. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 46-53-жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана

жалғанатынынбайқату және олардың тыныс белгілерін таныту.



Дамытушылығы:дәлелді сөйлемін дамыту жаттығуларды орындау барысында сөздік

қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;



Тәрбиелігі:еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:45--жаттығуды тексеру. Ереже сұрау.

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Көркем жазуТт Тт Тт Тт Тт

Сөйлем мүшесіне талдау: Аспанды қою бұлт торлады.
Оқулықпен жұмыс:

46-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, бірыңғай мүшелерді табу және бірыңғай мүшелерге жалғанған қосымшаға назар аударуы керек.

47-жаттығу. Оқу, мазмұнын ашу жұмбақты оқып, ондағы бірыңғай мүшенің сөйлемде қандаймүше ретінде жұмсалғанын айту.
Сергіту жаттығуы
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

48-жаттығу. Сызба бойынша сөйлем құрау және дәптерге жазу.

49-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді табу және олардың бірыңғай

мүше екенін дәлелдеу.

50-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді тауып жазып олардың

арасына қандай жағдайда үтір қойлмайтынын байқау.


Ү. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма 51,53-жаттығу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Күні: 23. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан

мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне

сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

Дамытушылығы: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелігі: адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтың мысал –өлеңінде Шыбын Араға не деді? -Ара оған неге бірден келісе салмады?

-Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?

-Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қайсөздерінен байқауға болады?

-Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипатауың жайлы не айтар едің?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 класта қандай шығармасымен таныстық? («Кедей» өлеңі)

- Онда не жайлы еді? Кедей деп кімдерді атаған?

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе.Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893-1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс-қылығын әшкерелейді. Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс.Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі. Зиян – залал, зақым. Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
Сергіту сәті.
ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады?

Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады?

2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?
Ү. Қорытындылау.

Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.




Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің?

Арыстан (қандай?)

Тышқан (қандай?)










ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
ҮІІ. Бағалау.

Күні: 23. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу. 5700* 9, 51300 : 9

Мақсаты:

Білімділігі: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды бөлуді орындауды үйрену (бөліндіде бір немесе бірнеше разрядтың бірлігі болмаған жағдайдағы);

Дамытушылығы: есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.

ІІІ.Жаңа сабақ

Математикалық диктант. № 4.



1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1 тапсырма бойынша жаңа бөлу тәсілінің алгаритмін қарастырады. Бөлуді көбейту арқылы тексереді.

№ 2. Көп таңбалы сандармен есептеу қалай жүргізілгенін түсіндір. Осы тәсілдің қысқаша жазылуына көңіл бөл.

– 1 2 0 1 8 6 – 1 2 0 1 8 6

1 2 2 0 0 3 – 1 2 2 0 0 3

– 0 – 1 8

0 1 8

– 1 8 0


1 8

0

№ 2(ә) жазбаша есепте және дұрыстығын тексер.



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есептерді түсіндіріп шығару:

№ 3. Есепті шығар.

8 м жібек – 932 тг Ш: 932 ∙ 8 + 1 758 ∙ 5 + 784 ∙ 7 = 21 734

5 м зерлі – 1 758тг ? төленді Ж: 21 734 тг төленді.

7 м атлас – 784 тг

№ 4. Есепті шығар.

Ш: 1 985км + ( 324км + 469км) = 2 778км Ж: барлығы 2 778км

№ 5. Топтық жұмыс.

І топ. Ш: 14 ∙ 7 = 98 Ж: барлығы 98 кг картоп

ІІ топ. Ш: 640 : 20 = 32 Ж: 20 қорап.

ІІІ топ. Ш: 168 : 8 = 21 Ж: 21 1 қораптың массасы.

Ү. Қорытындылау. № 7. Ауызша.

16 сағ 25мин 27 мин 16 сағ 52 мин 49 мин 17 сағ 41 мин.

№ 7. (ә) жұптық жұмыс.

5 ғ. = 500 ж 72 сағ. = 3 тәулік 5 ж. 8 ай = 68 ай. 9 тәул. 2 сағ = 218 сағ т.с.с.

Шығармашылық тапсырма.№ 8 өздік жұмыс.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 6. 64 - бет.

ҮІІ.Бағалау

Күні: 26. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Араша. Қастек Баянбаев.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыны Қастек Баянбаевтің «Араша» атты мысалымен таныстыру, жеке

қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға

жағдай жасау.

Дамытушылығы: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып

сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс істеу, ойлау, іздену қабілетін дамыту.



Тәрбиелігі: Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: жаңа білімді үйрету сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ойын қорыту.

Көрнекілігі:суреттер, диафильм.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? Ары қарай не болады деп ойлайсың?

2.Үй тапсырмасын пысықтау:Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болады?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Адалдық, шыншылдық жайлы мақал-мәтелдер білесің бе? Жұмбақ шешу.
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мысал -өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу.

Міне балалар, қорыта келгенде :




Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды.

2.Өлең неліктен «Араша» деп аталған? Кейіпкерлерді ата. (Шыбын, Торғай, Мысық, Төбет ит, Құнан,Сары бала). Мәтіндегі әрбір кейіпкердің іс-әрекеті мен сөзіне қарап, оның қандай екенін анықтауға бола ма? Оны қалай дәлелдер едің? Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1.Өлеңді рөлге бөліп оқу. Егер саған біреу жала жапса, сен қандай сезімде болар едің? Сондай оқиға өз өміріңде кездесті ме? Диалог деген не екен?
Ү. Қорыту. Бүгін не өттік? 1. Өзіндік жұмыс. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыр.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 26. 10. 15

Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Ілгек, ілмек, тойтармалы түйме қадау.

Мақсаты :

Білімділігі:Оқушыларға ілгек, ілмек, тойтармалы түйме туралы түсінік бере отырып, олардың

бір-бірінен айырмашылығын, не үшін қолданатыны туралы айту, матаға қадап

үйрету.


Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет