Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері



бет36/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері
1.Сабақтың жоспары:
1. М.Қашқари еңбектері.
2. А.Иүгінеки еңбектері
3. Р.Хорезми еңбектері
4. С.Сарайи еңбектері
2.Сабақтың мақсаты: Ежелгі түркі заманынан бері шешендік өнердің дамуын түсіндіру.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Ежелгі түркі шешендерінің қатарында шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 620 – 555 жылдары өмір сүрген Анақарысты мақтанышпен айта аламыз. Платон шығармаларында Анақарыс туралы мынадай пікір келтірілген: «Анахарсис – аңызға айналған скиф, өзінің Грецияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңққа бөленді және Салонның ықпалымен өмірін философия ғылымына арнады». Скифтердің есімі тарихта тек әскери жобамен ғана қалған жоқ, ұлы даналардың Отаны ретінде де мәлім болды, - дейді Т.Жұртбаев. Бұл пікірдің шындығына атақты Геродот пен Страбонның философ, шешен Анақарысты «жеті ғұламаның бірі» деп мойындауының өзі де жеткілікті! Бір өкініштісі кезінде аты аңызға айналған ғұламаның өмірбаяны туралы деректердің сақталмағандығы. Геродоттың айтуынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы».
Анақарыс скифтерді билеген хан тұқымынан. Шешесі – грек қызы. Сөз өнерін жетік меңгеріп, билердің кеңесіне қатысып, шешендікті тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Біздің дәуірімізге дейін де ежелгі түркілерде билер кеңесі болғандығы жайлы Дьяконовтың дерегінен білуге болады: «Геродоттың жазуы бойынша, мидиялықтарда халық кеңесі болғандығын білеміз, сондай – ақ, ең ардақты ақсақалдар кеңесінің болғандығы да даусыз. Мұнда кеңестер мен мәжілістер «Авестадағы» «ханиаман» және «биаха», «биахман» деген сөздер арқылы белгілі», - дейді. «Ханиаман» мен «биаханның» түбірін «хан ием», «биеке» деген сөздерінен шығарып, Т.Жұртбаев хан кеңесі мен би кеңесі деп түсіндіреді. Олай болса тарихшылардың Анақарысты «билер кеңесіне қатысып, өзі де билік айтқан» деген сөздеріне сенуге болады. Анақарыс әскери өнерді де жетік білген, әскери қолбасшы болған. Ел іші бейбіт өмір кешіп немерелес бауыры Сабыл хандық құрған кезде дүниенің сырын білмек болып, жан-жағына үңіледі.
Әйгілі философтармен тарихшылардың шежіресі ғалымдардың еңбектерін оқып, білімін кеңейтеді. Скифтердің тұрмыс тіршілігіне өзгеріс енгізуді армандап, элладалықтардың мемлекеттік құрылымы мен заң арқылы басқару жүйесіне қызығып, білмек болады.
Осы мақсатпен «әлемнің жеті ғұламасының бірі» Солонды іздеп, скиф даласынан Афинаға аттанады. Геродоттың жазуынша, «элладалықтардың өнер – білімін үйреніп келу үшін, Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда көшпелілер көсемнің мұрагері жігіт шағында қол бастап, жаугершілік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Оның үстіне тақ мұрагерлерін әскери өнерге, шешендікке, тапқырлыққа жасынан баулыған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр – сырын жетік меңгерген. Анақарысты ұлы екі өнерге - әскери өнермен сөз өнеріне ұмтылуы тегін емес еді, өйткені бұл екі өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілікке қарсы әлеуметтік даму өрістеп, азат өмір сүруге, демократиялық қоғамның өрістеуіне қозғаушы күш болды.
Ерте заманда гректермен римдіктер де, көшпелі түркілерде әскери өнермен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданаған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеуге де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз мамандығы пайда болды. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега шеберлігі зор әсер етті.
Махмуд Қашқари, Әл-Баласағұни шығармаларындағы шешендік сөздер
Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт Әл-Қашқари. Ол Жүсіптің тұстасы, замандасы өкінішке орай күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. В.В.Бортольд, С.Е.Малов, А.Б. Хамидов, И.В.Стеблева оның атақты шығармасы»Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) 1072 жыл немесе 1078 жыл жазылған деп жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бірақ неге екені белгісіз өте жас кезінен бастап туған мекенінен шығындап шығып, түркілер уалаятын аралап кетеді. И.В.Стеблева «Махмұт саяси жазадан қашқандықтан түркілер елін паналап жүрген дегенді айтады. Бұл ретте ол қазақ ауыз әдебиетіндегі өз елінде отандас бір батырды өлтіріп, қазақ даласына қашып кеткен.
Махмұт Қашқари саман әулетінен Орта Азияны тартып алған бектің де аты Хамир Тегін екендігін көрсеткен. Осындай пайымдаулардың бәрі автордың оғыз тайпаларының бірінен шығуы мүмкін екендігіне меңзейді» - дейді. Әмір Наджибтің мұндай бұлтартпас уәжін жоққа шығару, оған күмән келтіруге болмайтын секілді. Сондықтан да Махмұт Қашқари тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз, қыпшақ тайпаларынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанда мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті.
Махмұт өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған. Көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейінен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Оның да себебі бар. Белгілі Шығыстанушы, профессор Анас Халидов Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат, ат-түркін» құрастыру кезінде Исхақ Әл-Фарабидің «Диуани Әл-адабын» басшылыққа алғаны өзіне үлгі еткені жайлы айтады. Оны ол нақтылы мысалдармен дәлелдей алған. А.Хамидов әуелі екі еңбектің құрылыс, құрылымы да бірдей екендігіне көңіл аударады. Махмұттың түрік пен тайпасы мен Талас, Баласағұн өңіріндегі қазіргі Шу шаһары жайлы айтқан деректері оқушылар үшін қызық болғандықтан, оны үзіп жармай түгел келтірді.
Қашқаридың ХІ ғ 70 жылдары жазған бұл шығармасы Ү-ҮІІ ғасырға жататын «Күл Тегін», «Тоны көк», байланысты қайталайды.
Күні бүгінге дейін біз Баласағұн қаласынан шыққан «Құдатғу біліктің» авторы атақты Жүсіп хас-хаджиб Баласағұниді ғана білуші едік.
Баласағұни «Сырдарияның арғы жағында Қашқарға жақын» екендігін тілге тиек етсе профессор Уахит Шолекенов «Ұлы Жібек жолының үстіндегі отырықшы мәдениетінің, ірі орталықтарының бірі Баласағұн қаласы осы күні Ақтөбе деп аталатын орын деп жазады. Ғалымның өз аты - Әбу Абу Алла Мухаммад, әкесінің ныспысы – Мұса Баласағұни –оның Баласағұн қаласында туылғандығын білдіреді.
Халқымыздың тарихына үңілсек ХІ ғасыр басында Қазақстан жерінде Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі құрылғанын, қалалар мен қоныстар қайта жаңғырып, рухани өсіп, сауда саттық артқанын байланыс арқылы көреміз.
Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер білімге қажырлы еңбек пен зор талаптылық қана жеткізетінін ескерген. Ол өзінің ақыл кеңестерінде Абай Құнанбаевқа ұқсас түйіндер айтқан.
Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас.
Еңбекпен барлық қажетің табылар,
Еңбексіз ер қызықтан да жалығар.
Біліммен адам толығар,
Білімі оны зор қылар.
Ақылмен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылмен ғана ер - әділет үшін құрбандыққа шалынар.
Өмірдің қасиетті парызы адамның адамға жақсылық жасауы деп ескертеді.

Өмір жолы көрген түспен тең,


Ғажайып, бірақ ұзақ емес.
Өмір қымбат болса да өлшеулі,
Жақсылық жаса қайырымды бол.
Ұлыққа да, құлға да өлім болар қақ.
Түбінде бәрімізге тағдыр ортақ.
Құмарлық, махаббат, сұлулық, туралы ойларында да толып жатқан ұқсастықтар бар.
Әркім де білер бұл дүниеде,
Сүйген жардың мінсіз боларын.
* * *
Ғашықтың көзі көр болар
Көрмейтін өзге дүниені
* * *
Ашулы адамды ақылдан айырады,
Ашу үстіндегі мейірімді адамның өзі зұлым.
Зұлым адам ұзақ өмір сүре алмас,
Өзінің зұлымдығы оны жұтар .
Зұлым адам бақытты да, қуанышты да білмес,
Тек мейірманды адам ғана дегенге жетер.
Жастық шақ өмірдің ең жақсы өрнегі,
Шындық пен мейірімділік болсын көргені.
Жастықты мәңгі бермеген,
Ақылсыз ер өтерін оның білмеген.
Махмұт Қашқари ІІ ғасырдағы түркі ғалымы. «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылды.
«Құтты білік» дастаны 85 тараудан тұрады, негізінен төрт салада тәлімдік мақсаттар орындалады.
Ақын ұлттық әдепке әсіресе тіл әдептілігіне көңіл аударған.
Тіліңді бақ, басың аман болады
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет