(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Суреттегілерді атау және олардың дыбыс сызбасын «оқу».
Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.
Сызба, оқулық
«Суретші», «ұлу», «бұзау», «тауық», «бояу» сөздеріне дыбыстық талдау жасау. «У у» дыбысының дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау.
Сөзді буынға бөліп, «У» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтау.
Сөйлемді сөз сызбасының көмегімен толықтырып «оқу».
Мақтау
Оқулық
(МК, Ұ, Ө) Жазылым
81
Арала, аула, Лаура
Лаула, алау, лаула
Алаула, алау, алаула.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден жаңылтпаш құрастыру, дәптерге көшіріп жазу.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
Оқушылар орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден жаңылтпашты дұрыс құрастырады.
Жаңылтпашты дәптерге көшіріп жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».
Мақтау, қолдау
Жазу дәптері
Сабақтың соңы (7 мин)
Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру.
деңгей:
Бос ұяшықтарға әріпті қой. Сөз құра.
деңгей:
Бір және екі буынды сөздерді анықта.
деңгей:
Сөздерді қолданып, сөйлем құра.
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды:
деңгейдегі оқушылар бос ұяшықтарға әріпті қояды. Сөз құрайды: ара, ар, ару, ауа, ал, ала, ала, ау,алау.
деңгейдегі оқушылар бір және екі буынды сөздерді анықтайды.
деңгейдегі оқушылар ара, ар, ару, ауа, ал, ала, ала, ау, алау сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
Оқулық
Рефлексия
Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.
Рефлексия тақтайшасы
82
Бекітемін оіо:
Бөлім: Әліппе кезеңі
Педагогтің аты-жөні:Батырханова С
Күні:23.09.2021ж
Сынып: 1«Д»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Н дыбысы және әрпі
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату. «Сыйлық» ойыны арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сыйлық жасайды. Кезекпен пантомимо арқылы сыйлағысы келген затты бейнелеп,
оң жағындағы парталасына сыйлайды. Ал парталасы оның сыйлығын табуы қажет.
Сабақтың ортасы (26мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Н» дыбысының айтылу
ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Қолдау
Суреттер, оқулық
Сызба
83
«Н н» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Н н» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
Анасы дастарқанға не қойды?
– Анасы дастарқанға нан қойды.
Алан нанға не жағып жеді?
Алан нанға май жағып жеді.
Не ішті?
Сүт ішті.
Анасына таңғы ас үшін не айтты?
– Анасына таңғы ас үшін рақмет айтты.
ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрату: «Анасы дастарқанға нан қойды. Алан нанға май жағып жеді. Сүт ішті. Анасына таңғы ас үшін рақмет айтты».
Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.
Қажетті сөйлемді (Анасы дастарқанға нан қойды.) бөліп алып, оны сөздерге (анасы, дастарқанға, нан, қойды) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «нан» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Анасы дастарқанға нан қойды. Алан нанға май жағып жеді. Сүт ішті. Анасына таңғы ас үшін рақмет айтты».
Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.
«Анасы дастарқанға нан қойды» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтайды.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «нан» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде бір дауысты болғандықтан, бұл сөз бір буынды екендігін анықтайды.
«Нан» сөзіндегі «н» дыбысын «нан-н-н» деп, біраз созып айту арқылы анық естиді.
«Н» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысады.
Қарындаштардан «н» әрпін жасайды.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қарындаштар Сызба, оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
84
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Н» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Н» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Қарындаштардан «н» әрпін жасау.
«Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.