Бөлім: Әліппеге дейінгі кезең
|
|
Педагогтің аты- жөні:
|
Күні:06.09.2021ж
|
Сынып: 1 Д
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сөз
Жол бағытындағы ерекше белгілер
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін
нәтижелер
|
Білімділік: көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; сөз туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: салыстыру, ажырату, топтастыру, жалпылау дағдыларына үйренеді; байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: жол ережелерін және тазалықты сақтауға үйренеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Ойсергек. «Жол белгілері» тақырыбындағы шағын (1:47) бейнероликті көрсету.
|
Бұл бейнеролик оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы
білімдерін еске түсіреді.
|
|
https://youtu.be/BP- yASJRbq8
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер бүгін сөздің көмегінсіз шартты белгілер арқылы түсінуге болатынын білесіңдер.
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: Сөз.
(МК, Т) Тыңдалым-айтылым 1-тапсырмамен жұмыс
|
1. Оқушылар Дарынның мектепке баратын жол бағытындағы шартты белгілерге қарап, қандай нысан екенін тауып айтады.
|
Өте жақсы! Жарайсың! Мадақтау, жауаптарын толықтырту.
|
Оқулық
|
37
|
Дарынның жол бағытында кездескен шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.
Шартты белгілерге қарап, қандай нысан екенін тапқызу.
«Жол белгілері не үшін қажет?», «Шартты белгілерді оқуға бола ма?» сұрақтарына жауап алу.
Оқушыларға мектепке баратын жол бағытын суреттер мен белгілер арқылы жасату.
(МК, Ө) Жазылым
Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
заттарды сызықтар арқылы қосу;
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу.
|
Сөздің көмегінсіз шартты белгілер арқылы да түсінуге болатыны туралы мұғалімнің көмегімен қорытынды жасай алады.
Оқушылар мектепке баратын жол бағытын суреттер мен белгілер арқылы жасайды.
Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.
Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен заттарды сызықтар арқылы қосады.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызады.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |