Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі
|
Бастапқы білім:
|
Затесімнің тәуелденуі 44-46 жаттығу.
|
Сабақ барысы
|
жоспарлан
ған кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
Сабақтың ортасы
35 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:білім алушыларды түгендеу.Оқу құралдарын алып шығу.
«Ыстық лебіз».
Оқушылар қолдарына үлестіріп берген гүлдің гүлшелеріне тілек сөздер жазып, бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.
3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқып, ат қою.
47-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Сызбада берілген мәтін атауларын оқиды. Мәтіннің мазмұнын қай атау бейнелей алатынынын анықтайды. Себебін түсіндіріп, дәлелдейді.
Берілген тапсырмаларды оқып, мәтіннен не туралы білуге болатынын анықтайды.
|
айтылым
айтылым
оқылым
оқулық
|
|
3.3.4.1 (МК; Ө; Қ) Сұрақтарға жауап жазу. Тәуелденген сөздерді табу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
«Ою», «өрнек» сөздерін тәуелдеп жазады. Жазған жұмысынан тәуелденген сөздерді тауып, сұрақ қояды. Олардың қай жақта екенін айтып, дәлелдейді. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған
жұмысты өзара бағалайды.
3.2.6.1 (Т; Қ) Мәтін бөліктерінің атауларын толықтыру. Оқыған мәтінінің түрін анықтау.
48-жаттығу. Жоғарыдағы мәтін бөліктерінің атауын толықтырады. Мәтінді мазмұндап айтады. Жоғарыда оқыған, мазмұнын айтқан мәтінінің түрін анықтап, дәлелдейді.
3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Тәуелденген сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту,жазу.
49-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады.
Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады. Жұмбақтың шешуі: ешкі.
|
жазылым
дәптер
айтылым
жұптық жұмыс
айтылым
айтылым
жазылым
|
1 минут
|
Сергіту сәті
|
|
|
3.4.2.2 (Т; Ө; Қ) Тиісті әріптерді қойып, сөздерді оқу. Шыққан сөздерді тәуелдеп жазу.
Шығармашылық үзіліс.
50-жаттығу. Тапсырманы түсініп оқиды. Оқушылардың назары тоқыма торға аударылады. Тиісті әріп түрлерін қойып, ши тоқуда
қолданылған ағаш атауларын оқиды. Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп жазады.
|
оқылым
жазылым
дәптермен жұмыс
|
Сабақтың соңы
1 минут
|
(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.
|
Кері байланыс
|
1 минут
|
Үйге тапсырма 51-жаттығу. 33 – бет (бағыт – бағдар беру)
|
Күнделік
|
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау: Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен
негізгі ойды анықтайды;
Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау,
түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады
Тәуелдік жалғауларының қолдана алады
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|