Тербеліс жиілігі 16 Гц –тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды
Жиілігі 20000 Гц- тен жоғары толқындар -ультрадыбыстар
Тербеліс жиілігі 16 Гц-төмен дыбыс толқындарды –инфрадыбыс деп аталады теңізде медуза,су шаяны қабылдайды
Дыбыс ауада толқын түрінде таралады
Алақанымызды аузымызға жақындатып,қандай да дауысты дыбысты айтайық.Сол кезде дыбысымыз алақанымызға әсер етеді
Ауасы жоқ кеңістікте дыбыс тарала алмайды
Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы
Орта
Дыбыс жылдамдығы, м/с,
Ауа
330
Су
1480
Болат
4380
Мыс
3800
Темір
5850
Шыны
5600
Сутек
1280
Каучук
50
Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған?
Камертон көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады
Камертонды таяқшамен қаттырақ ұрсақ амплитудасы үлкен тербеліс тудырады
Дыбыстың сипаттамалары 1.Дыбыстың қаттылығы 2.Тонның биіктігі 3. Тембр 4.Шу
Дыбыстың қаттылығы- дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Өлшем бірлігі- Децибел (Дб)
Жапырақтың сыбдыры-10Дб
1847-1922 жылдары өмір
сүрген,телефонды
ойлап тапқан американдық өнертапқыш
А.Бельдің құрметіне
Ұшақтың көтерілуі-120 Дб
Құлақтың ауыртпалықты сезінуі-130Дб
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндері, дБ
Дыбыс көзі
Дыбыс қаттылығы, дБ
Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі
130
Ұшақтың көтерілуі
120
Дискотекадағы музыка
110-120
5-7м қашықтықтағы автомобиль сигналы
100
Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы
80
Көше шуы
70-80
3м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы
70
Тас жолдағы автомобиль қозғалысы
50-60
Әңгіме-сұхбат
40
Тұрғын үйлердегі шу нормасы
20-30
Жапырақтың сыбдыры
10
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Адам
дауысының
тон биіктігі
бойынша
диапазоны
80-150Гц
бас
диапазан
110-149Гц
баритон
130-520Гц
тенор
260-1050Гц
дискант
1400Гц
колора
туралық
сопрано
Кішірек камертонның тербеліс жиілігі көп болады
Дыбыстың тағы бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша оның тембірі
Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындар туғызады.
Күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады.
Негізгі тонға обертондар немесе гармоникалар деп аталатын жиіліктер бірге жүреді.
Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол – оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Тембр-әр аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы
V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру
5.1. Тест жұмысы, 5 минут
Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
Тест жұмысының жауаптары
р/с
жауаптары
1
А
2
А
3
С
4
Б
5
Д
6
А
7
С
5.2. Есептер шығару, 8 минут 26 – жаттығу № 2, 3
2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.