Сабақтың тақырыбы: Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,66 Mb.
#26982
түріСабақ
  1   2   3
2015-2016 оқу жылы

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 5 сынып

1



Бөлімі: Өнер туындыларын қабыдау

Сабақтың тақырыбы: Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу

Мақсаты:а) білімділік: Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Кіріспеде, бейнелеу өнері сабағының тиімділігі туралы айтылады.

Бейнелеу өнерінің бастауы мен тарихы туралы түсіндіру.

б) дамытушылық: Логикалық ойлау есте сақтау, шығармашылық қабілетін дамыту.

в) тәрбиелік: Эстетикалыққа, шыдамдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,әдебиет.

Көрнекілік: Слайд, суреттер.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, танысу сабағы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа дайындығын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

А) Қайшымен, желіммен жұмыс кезінде ТҚЕ сақтау керектігін ескерту.

В) Бояулармен жұмыс кезінде ТҚЕ сақтау туралы айту.


ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе.

Қолыңдағы «Бейнелеу өнері» оқулығы сенің өнер жолындағы талпыныс, ізленісіңе жол көрсетеді. Әдеттегі нәрседен әсемдік таба білуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілетіңді дамытып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолына жетелейді.



Сурет тарихы – бұл адам тарихы және оның қоршаған ортаны тануына, өзін-өзі толығымен танып білуіне, эстетикалық тәрбие алуына,сонымен қатар ұрпақтан–ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Көне дәуір кезеңдеріңде адам баласы қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын топыраққа,балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі.Сол арқылы табиғаттың сұлулығын ұқты, жан-жануарлардың әрекетін, мінез-құлқын зерттеді. Жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер бірі- Камбаралье үңгіріндегі мамонтың бейнесі. 1-сурет

Сонымен қатар археолог Марселино саутуоланың Альтамира үңгірінен тапқан ертегі өнер жауһарларын жатқызуға болады.Осы үңгірлерде салынған хайуанат суреттері бұдан 40 мың жыл бұрын салынған екен,қазіргі заманға жеткен ең көне сурет болып табылады.


« Өнер дегеніміз – көркем образ арқылы ойлау».

В. Белинский



Өнердің бастауы;

1) Жартастарда салынған суреттер.



2) Үңгір қабырғаларында салынған суреттер


Жартас бетіне салынған Бұғылар. Үңгірлердегі кескіндеме

күн басты адам бейнесі Ласко үңгірі. Франция.


Үңгір қабырғалары мен жартастарға салынған суреттер -петроглифтер деп аталды.

Петроглиф – «грек. petro – тас, грек. poliphe – қашалған» деген сөзі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет