Сабақтың тақырыбы: Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»



бет6/7
Дата23.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#127988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
990fgj

Өзін – өзі бағалау. Интерактивті тақтада берілген тапсырмалардын жауабы беріледі.

Гүлдер арқылы бағалау

Бағалау критерийлері:

– барлық тапсырма орындалған жағдайда

- 2 тапсырма орындаған жағдайда

- тек 1 тапсырма орындаған жағдайда

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

Жұптық жұмыс

(а) (i) Сутекті зертханада төмендегі қондырғы арқылы алуға болады. Сутекті алу үшін қажет реагенттерді болжаңыз.



(ii) а) (i) тапсырмасында анықтаған реагенттерді пайдаланып реакция теңдеуін жазыңыз. _____________________________________________________

b) (i) Сутегіні жинау барысында неліктен пробирканы төңкеріп ұстау қажет екенін түсіндіріңіз.

(ii) Пробирканың сутегі газына толғандығын қалай тексеруге болатынын түсіндіріңіз.

(с) (i) Р заты сұйылтылған тұз қышқылымен газ түзе әрекеттеседі. Бұл газ қатты, қара түсті Q затын қызыл түске айналдырып әрекеттеседі. Р және Q заттарын анықтаңыз.

(iі) (с) (i) тапсырмасындағы P және Q заттарымен реакция теңдеулерін жазыңыз.

1) Zn + НСl → ZnСl2 + Н2

2) СuО + Н2 → Сu + Н2О

(d) Суретке қарай отырып, сутекті не үшін қолданатынын жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

− зертханада сутегі газын алуға болатын реагенттерді анықтайды;

− анықталған реагенттермен реакция теңдеуін жазады;

− сутек газын жинау және анықтау әдісін жазады;

− Р және Q заттарын анықтайды;

− Р және Q заттары негізінде реакция теңдеулерін жазады;

− сутектің қолданылу саласын жазады.



Мұғалім мадағы.

«Бестармақ» әдісі бойынша сутек тақырыбын 11 сөзбен қорытындылау. Төмендегі үлгі бойынша:



  1. Бірінші жол зат есімнен тұрады

  2. Екінші жол 2 сын есімнен тұрады

  3. Үшінші жол 3 етістіктен тұрады

  4. Төртінші жол негізгі сөзді бағалайтын кез келген 4 сөз таптарынан тұрады

  5. Синонимді сөз алу керек.

Мысалы; Сутек

белсенді, иіссіз,

күркірейді, реакцияға түседі, ұшады

болашақта қол жетімді отын

газ

«Болашақта сутек газын қолданудың маңызы қандай?» тақырыбы бойынша өз ойларын топтастыру.



Дескриптор:

Сутек газын отын ретінде қолданудың тиімді жақтарын атап көрсетеді.



Маркер, плакаттар

видеоролик

стикер




Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет