Сабақтың тақырыбы: «Табиғат қандай тамаша»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.
б) тәрбиелік: табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақтың түрі :аралас
Сабақтыңәдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар: табиғат көрінісі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, «Сызықтық және кеңістіктік перспектива» кестесі, бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық (авторы Д. Ж. Бердібеков).
Сабақ барысы:
. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын қайталау.Сұрақ-жауап
3.Жаңа сабақ . Табиғат қандай тамаша.
Пейзаж дегеніміз не?
Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықтан «пейзаж» ұғымының анықтамасын тауып, түсіндіру.
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.
Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев “Менің Отаным” 1959 ж.
Ә. Қастеев “Биік таудағы мұз айдыны” 1955 ж.
Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж
Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың «Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзажы - марина (И. Айвазовскийдің «Теңіздегі түнгі дауыл» картинасы) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.
Сәулет пейзажы (А. Остроумова-Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзажда (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
Өзіндік жұмыс.
Тапсырма: Елестету немесе қиялдау арқылы өз ойыңдағы көріністің суретін сал. Табиғаттың буырқанған, қозғалыстағы кейпін немесе тыныш, бірқалыпты күйін беруге тырыс.
Қорытынды сұрақтар:
“Пейзаж” сөзінің мағынасы қандай?
Пейзаж түрлерін атаңдаршы.
Қандай суретші шығармаларын білесіңдер?
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау Пейзаж дегеніміз не?
.
Бейнелеу өнері Күні:
Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы
санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекі құралдар: табиғат суреттері
Сабақтың түрі:Аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өтілген тақырыптарды қайталау.
3.Жаңа сабақ. Табиғат аясында сурет салу.
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Кескіндеме – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» – француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.
Сабақты қорытындылау:
Табиғат аясында сурет салу , табиғат туралы әңгімелеу.
Оқушыларды бағалау, жұмыстарын салыстыра отырып.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – суда жақсы еритін бояу
Гуашь – суға езілетін қою бояу.
III. Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1.Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал – мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.
1. Үй тапсырмасы бойынша “Ғарышкер болу арманым” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.
2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.
Акварель тобы:
Абстракты өнер Суға жақсы еритін бояу
Автопортрет Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер
Акварель Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Аппликация Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ баяу
Басқұр Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жұмыс Матаға бояумен салынған сурет
Батик Кеуделік мүсін
Бюст Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Витраж Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Вернисаж Ортағасырлық Еуропа өнері
Гобелен Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика Сурет салып тоқылған кілем
Гуашь тобы:
Гохуа - Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана - Кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет
Иллюстрация жібек матаға бояумен орындалған қытай живописі
Классика ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым
Коллаж Озық үлгідегі өнер
Кубизм Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
Маринист Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс
Мозаика Көркем шығарманың бір бөлігі
Фрагмент Әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
Монументтік живопись Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Миниатюра Үлкен көлемді көркем безендіруде орындалған шығарма
Лувр Өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма
3.Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты – жөнін табу тапсырылады.
4. Жұмбақтар сайысы.
I. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
Айдалада ақ шатыр
Ішінде қызыл көзді шал жатыр
(Аспан ,күн батуы)
Қара суда суат жоқ
Қалың тауда бұтақ жоқ
(Көз бен кірпік)
Қос ішекке қонақтаған қаланы
Қара тұлпар алға сүйреп барады
(Поезд)
Қызыл сиырды байлап салдым
Көк сиырды айдап салдым
(От, түтін)
Үстіндегі көйлегі түрлі – түсті не демек
Қызықтырар көргенді мұның атын не демек
(Көбелек)
5. Мақал – мәтел. Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.
Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.
Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.
Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.
Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді.
Сабыр түбі сары алтын.
6. Өлеңдерге, ертегілерге иллюстрация жасау.
Топтық жұмыс. Берілген өлеңге тез арада нобайлар салу.
Жаз
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Абай Құнанбаев
7. “Достық әзіл” сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп, ұтымды жауап береді.
8. Қорытынды:
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.
«Сиқырлы қылқалам»үйірмесінің сабақ жоспары. Сынып а,ә күні:10-13.09
Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме өнерімен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Кескіндем өнерімен танысып, табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін, жерін, туған өлкесінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Кескіндеме өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау, тапқырлық, шапшаңдық қабілеттіліктерін дамыту.
Көрнекі - құралдар: Иллюстрациялар, репродукциялар, оқулық, слайд презентациялар, аудио дыбыстар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Алған білімді практикамен ұштастыра білу сабағы.
Сабақ әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.
II. Өткен оқу жылындағы тақырыптарды қайталау.
III. Жаңа сабақ .Кескіндеме өнерімен танысу.Кескіндеме –бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі.Суретшілер алуан түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді.Кескіндеме шығармалары өміәрдің таңғажайып сырларын, өзімізді қоршаған әлемге дұрыс қарап, оның мәнін түсінуге көмектеседі.Белгілі бір заттың бетіне (кенеп,ағаш, қағаз т.б) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеме түрлері
-Акварель кескіндемесі-акварель су бояқтармен салынған суреттер.
-Майлы бояу кескіндемесі.
-Гуашь кескіндемесі-гуашь су бояқтарямен салынған суреттер.
Өзіндік жұмысы: оқушылар табиғат көрінісін бейнелеу. Акварель бояуы арқылы бояу түстерін дұрыс қолдануға үйрету.
Әр оқушы өз ойын қағазға түсіреді.
Сабақты қорытындылау: Кескіндеме өнері дегеніміз не?
Кескіндеме түрлеріне нелер жатады?
Оқушылар жұмысын бағалау, жұмыстарына талдау жасау.
Үйге тапсырма : акварель,гуашь бояуларын әкелу.
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – суда жақсы еритін бояу
Гуашь – суға езілетін қою бояу.
III. Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1.Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал – мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.
1. Үй тапсырмасы бойынша “Ғарышкер болу арманым” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.
2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.
Акварель тобы:
Абстракты өнер Суға жақсы еритін бояу
Автопортрет Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер
Акварель Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Аппликация Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ баяу
Басқұр Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жұмыс Матаға бояумен салынған сурет
Батик Кеуделік мүсін
Бюст Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Витраж Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Вернисаж Ортағасырлық Еуропа өнері
Гобелен Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика Сурет салып тоқылған кілем
Гуашь тобы:
Гохуа - Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана - Кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет
Иллюстрация жібек матаға бояумен орындалған қытай живописі
Классика ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым
Коллаж Озық үлгідегі өнер
Кубизм Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
Маринист Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс
Мозаика Көркем шығарманың бір бөлігі
Фрагмент Әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
Монументтік живопись Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Миниатюра Үлкен көлемді көркем безендіруде орындалған шығарма
Лувр Өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма
3.Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты – жөнін табу тапсырылады.
4. Жұмбақтар сайысы.
I. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
Айдалада ақ шатыр
Ішінде қызыл көзді шал жатыр
(Аспан ,күн батуы)
Қара суда суат жоқ
Қалың тауда бұтақ жоқ
(Көз бен кірпік)
Қос ішекке қонақтаған қаланы
Қара тұлпар алға сүйреп барады
(Поезд)
Қызыл сиырды байлап салдым
Көк сиырды айдап салдым
(От, түтін)
Үстіндегі көйлегі түрлі – түсті не демек
Қызықтырар көргенді мұның атын не демек
(Көбелек)
5. Мақал – мәтел. Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,
Ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің.
Ағын су арнасын табады,
Ақ адам орнын табады.
Қасапшыға мал қайғы
Қара ешкіге жан қайғы.
Ана көңілі қызында,
Қыздың көзі қызылда.
Күн сіркіресе,
Көк дүркірейді.
Сабыр түбі сары алтын.
6. Өлеңдерге, ертегілерге иллюстрация жасау.
Топтық жұмыс. Берілген өлеңге тез арада нобайлар салу.
Жаз
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Абай Құнанбаев
7. “Достық әзіл” сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп, ұтымды жауап береді.
8. Қорытынды:
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |