Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат Сабақтың жалпы мақсаты



бет8/18
Дата22.01.2017
өлшемі3,5 Mb.
#7574
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ыдыс жасау

Сабақтың жалпы мақсаты



қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету,
Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Дамытушылық : мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер



Ыдыстың суреттері , ермексаз, тақтайша рқ- жауап , түсіндіру .




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қағазға бейнені сызып, үйлестіріу тапсырмасын орындайды, келесі сабақта бояумен, жұмыс жалғасады.


Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша құмырысқаны мүсіндеуді аяқтау .

Қызығушылықты ояту



Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?


Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік.
Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
1) Қол сүртетін орамал әкелу.
2) Партаға төсеніш төсеу.
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.
- Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін:
Қазан қайнап тұрса,
Ақыл сайрап тұрады.
Ыдысын көріп – асын іш.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер.

Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар.


Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған.
Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады.

Ал, енді балалар, сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік.


Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)
Төбесінен бу шығады,
Аузынан су шығады. (Самаурын)
Танауы шуылдап тұр. (Шәйнек)
Тым үлкен беті өзге денесінен,
Бір түсіп, бір шығады кемесінен.
Ішіне уыс-уыс ас толтырып,
Сүңгиді ыстыққа да денесімен (Ожау-шөміш)
Ең үлкен қазанның бетіне не сыймайды? (Өзінің қақпағы)
- Балалар, енді өзіміз дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.
- Ең алдымен дастарханға не қойылады?
- Дұрыс айтсағдар, ең алдымен, дастарханға нан қойылады. Ал енді өз беттеріңмен дастархан мәзірін жасаңдар. Дастарханға қандай ыдыстар қажет? Шәугім, шәйнек, нан салғыш, нан тағамдарын, жеті шелпек бауырсақ, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал енді тағы дастарханға не қоюға болады? Жеміс жидектерді жасайық: алма, алмұрт, жүзім.

Ой толғаныс

Жоспары: 1. Қатынас ыдыс дегеніміз не?
2. Тегі бірдей сұйықтың қысымы мен биіктігі.
3. Тегі әр түрлі сұйықтың қысымымен биіктігі.
4. Биіктік пен тығыздық арасындағы байланыс.
1. Өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шайнектің шүмегін салыстырып қарасақ олардың деңгейі бірдей биіктікте тұрады. Ал ол шайнекке су құятын болсақ, құйылған судың деңгейі де бірдей деңгейде болады. Күнделікті өзіміз қолданып жүрген шайнек қарапайым қатынас ыдысқа мысал бола алады. Мұндай ыдыс пішіні әр түрлі болуы мүмкін.
Өзара резеңке түтікпен жалғасқан ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз.
Мысалы: Шайнек, құмған, лейка т. б.

Үйге тапсырма беру.

Ермексаздан ыдыс жасау жұмысын аяқтап келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет