Сұрақтар мен тапсырмалар:
Шалғын деген не?
Шалғын өсімдіктерін ата.
Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі?
Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесіңдер?
Шалғында тіршілік ететін жануарларды ата.
Өзің тұратын өлкедегі шалғын қандай?
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
4 сынып
Дүниетану. Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Шалғынды қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың шалғын өсімдіктері мен жануарларының көп
түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін
қалыптастыру. Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру. Алған
түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір
алуға баулу.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Табиғат бөліктері:
Адам Өсімдік
Жануар
Базалық білім:
Шалғын өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі және оларды қорғау.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың шалғын өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін қалыптастыру.
Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру.
Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу
Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді тұтас оқу.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу
Шалғындар – еліміздің табиғи байлығы. Шалғынды неге табиғи байлық дейміз? Бұл туралы жоғарыда да айтылды, өзің де өмірден көріп жүрсің, білесің. Есіңе түсір, «шалғын – табиғи байлығымыз» деген тұжырымды жүйелеп дәлелде.
Шалғын неліктен қорғауды қажет етеді? Шөптекті өсімдіктер жаз ортасына қарай жаппай гүлдейді, пісіп – жетілген тұқымдарын шашады. Келесі жылы көктемде ол тұқымдардан өсімдіктер қайтадан көктеп, өсіп жетіледі. Жыл сайын шалғындағы тіршілік осылайша қайталанып отырады.
Адам шалғынды пайдаланбай тұра алмайды. Оған мал жаяды, пішен дайындайды.
Шалғында тіршілік ететін көптеген жануарлар өздеріне азық, паналайтын орын табады және өздері де өсімдіктерге пайдасын тигізеді. Мысалы, аралар, түкті аралар, көбелектер ұшып – қонып өсімдіктердің бірінен – біріне гүл тозаңдарын тасиды, оларды тозаңдандырады. Өсімдік тозаңданған соң ғана тұқым береді. Шұбалшындар қураған өсімдік қалдықтарын топырақ арасына тасып, оны қарашіріндіге байытады: топырақтағы олар салған қуыстарға ауа кіріп, өсімдік тамырларының жақсы өсуіне мүмкіндік береді. Сондықтан шалғын жануарларын – құстарды, араларды, шұбалшындарды, т.б. ерекше қорғауға алу керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Шалғын деген не?
Шалғын өсімдіктерін ата.
Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі?
Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің?
Шалғында тіршілік ететін жануарларды атап, олар мен шалғынның байланысын нақтылы мысалдар келтіріп түсіндір.
Өзің тұратын өлкеде шалғындар қандай жерлерде кездеседі?
Таяу маңдағы бір шалғынды бақылауға ал. Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргіз: Шалғынның көрінісі (түсі, орналасқан жері, алып жатқан аумағы), ең алғаш гүлдеген өсімдіктер (танымайтындарыңды мұғалімнен, басқа да білетін адамдардан сұра); көзге түскен жануарлар, оларды қай жерде, қандай әрекеті үстінде көрдің?
Бақылау нәтижесін, жыл мезгілдеріне (жазда, күзде) сәйкес жүйелеп, шалғында болатын өзгерістер туралы он сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыр.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
4 сынып
Дүниетану. Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дала өсімдіктері мен жануарларының көп
түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін
қалыптастыру. Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру. Алған
түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір
алуға баулу.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Табиғат бөліктері:
Адам Өсімдік
Жануар
Базалық білім:
Дала өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі және оларды қорғау.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың дала өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін қалыптастыру.
Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру.
Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу
Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді тұтас оқу.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу
Суырлардың қарауылшысы ін аузындағы төмпешікке шығып алады. Қаққан қазықтай қақшиып, артқы аяқтарымен тік тұрады. Бірнеше сағат бойы жан – жақты байқап күзетеді. Қауіпті сезгенде «әңгішік – әңгішік» деп шәңкілдеп, басқа суырларға «хабарлайды». Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді.
Кейбір індерге кіретін сыртқы ауыз маңынан ішінде шашылған құмалақтары бар кішкене шұқанақтарды көруге болады. Бұл шұқанақтар – борсықтың «әжетханасы», ін де борсықтікі. Осындай «әжетхана» маңынан ін көрсең, оның аузын мұқият қара. Іннің аузына өрмекшінің өрмек құрып тастағанын көресің
Қуаң далаға қандай жерлер жатады?
Өзің тұратын жерде қуаң дала бар болса, оның аумағы, орналасқан жері, жалпы түрі, бедері туралы әңгімеле.
Көктемдегі, жаз бен күздегі даланың көрінісі қандай болады? Онда өсетін шөптекті өсімдіктердің өзің білетін 2 – 3 түрін ата. Қандай бұталар бар?
1.Сол өсімдіктердің әр түрінен бір – бірден белгілеп алып, көктем, жаз, олардың тіршілігінде қандай өзгерістер болатынын бақыла. Мүмкіндік болса тұжырымдарын жинап, күзде сыныпта мұғалім мен оқушыларға көрсет.
2. Өзің бақылау жүргізген далада қандай жануарларды, қандай тіршілік әрекетіүстінде көрдің? Көргеніңді қысқаша дәптеріңе жазып жүр.
3. Жоғарыда келтірілген борсық іні ауызында өрмек жоқ болса, онда қандай қорытындыға келер едің?
4. Өз жеріңдегі дала өсімдігінің бір түрін алып бейімделу ерекшелігін зертте.
5. Өзің тұратын өлкедегі далалық жердің жаздағы немесе күздегі көрінісін әңгімеле
Достарыңызбен бөлісу: |