мұғалімнің көмегімен асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.
өз бетінше тағамның ағзадағы жүру жолын зерттеп,айтып береді.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Зертте. Оқушылар зерттеу жұмысы барысында:«Тағам неліктен біздің ағзамызда осынша ұзақ жол жүреді?» деген сұрақтың жауабын таба алады. Зерттеу жұмысын орындау үшін сыныпты шағын топтарға бөліңіз. Барлық топқа ресурстарда аталған
құралдарды таратыңыз. Оқушыларға асқорыту мүшелерінің табиғи шынайы көлемдегі үлгісін жасау керектігін айтыңыз. Әрбір асқорыту мүшесіне ондағы асты қорытуға жұмсалатын уақытты көрсетіп, циферблатпен белгілейді. Әр топ асқорыту үдерісін
мысалмен бейнелеп көрсету үшін азық-түлік түрін өздері таңдайды.