Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет13/65
Дата03.10.2024
өлшемі174,84 Kb.
#205618
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
түзету қмж.инклюз

Пәні: Түзету- дамыту №15
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: «Кім қалай дауыстайды?»
Мақсаты:

  1. Оқушыға жануардың қалай дауыстайтының үйрету.

  2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.
- Қандай жануарлардың дауыстарын білесің?
-Ерекше дауыстайтын жануарды ата.(түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі ,есек.т.б)
3.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Үй жануарлары суреті көрсетіледі.. Бала әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
«Төлдер айтысы» ертегісімен баланы таныстыру.
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?
4Сергіту сәті: Айналайын торпақ,
бола берме қорқақ
, Айналайын қозым,
малда жуас бозым.
Айналайын ботам,
қандай күлте жотаң
, Жалт-жұлт етіп лаң,
жағалайсың бұл аң.
(Қимылмен көрсетеді).
5.Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,


Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)


Қорытынды:

- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?


- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
- Малдарды қалай шақырады?

Пәні: Түзету- дамыту №16
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Орнын тап
Мақсаты:
1.Оқушыға сөздерге сөйлем құрай білуге үйреті
2.Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, ізденпаздылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет