Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет6/65
Дата03.10.2024
өлшемі174,84 Kb.
#205618
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
түзету қмж.инклюз

Пәні: Түзету- дамыту №7
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Қағаз бетіндегі қеңістік. Қағазбен жұмыс жасау.
Мақсаты: 1.Балаларды қағаздың түрлерімен таныстыру.
2.Қағазбен жұмыс жасау іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
3.Тік төртбұрышты пішіндерден әр түрлі ойыншықтар жасатып ой-қиялын дамыту, еңбекке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, үлгі суреттер. Картон және жазу жазатын жұқа қағаздар т.б.
Әдіс-тәсілдері: қағазбен жұмыс істеу: бүктеу, қию, желімдеу, қағазды теңестіру, көлемі, пішініне сәйкес тең етіп қию жолдарын түсіндіру. Үлгілерді талдау.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу. Сурет бойынша әңгімелету. Ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.
Сабақтың барысы: Мұғалім балаға түрлі-түсті қағаздарды таныстыра отырып, қағаздың әр түрін көрсетіп, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеуге болады) тоқталады. Мысалы: түрлі-түсті қағаздар, жұқа қағаздар оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Жазу жазатын, сурет салатын қағаз, фольга, т.б. Ал картон қағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді.
Мұғалім: "Мына түрлі-түсті қағаздарды қарашы, түстерін айтып бер", — деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк, т.б.). Пішінін сұрайды (тік төртбұрыш). Бір парақты ортасынан бүктеп үлкен-кіші көлемдерін салыстырады. Осындай тік төртбұрыштардан түрлі ойыншықтар жасап үйренеді. Үлгіге талдау жасап, әліппе-дәптердегі суреттерге назар аударады. Ойыншықты жасау үшін: парақ қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп ортасынан қос бүктейміз;
— үлкен тік төртбұрышымыз кіші тік төртбұрыш болды.
— оны ортасынан тағы қабаттап бүктейміз, бүктеу сызығын қолымен сипап сындырсақ, одан да кіші тік төртбұрыш болады;
— енді осы тік төртбұрышты сызық бойымен қиып аламыз, енді екі тең тік төртбұрыш болды;
— осы тік төртбұрыштан қоян немесе мысық жасауға болды;
— Қоянның құлағы, көздері қандай? Мысықтан ерекшелігін атап айту (Қоянның құлағы ұзын, көзі үлкен, т.б. Мысықтың көзі қысық, құлағы үшбұрышты). (Математикалық ұғымдармен байланыстыру).
— қағаз түстерін, дене бөліктерін бала өзі таңдап алған қағаз түсінен қиып жасайды;
— түсті қағазды қос бүктеп алып, ақ жағына — қоянның құлағы, аяғы, оны қию жолдары көрсетіледі, көзін, тұмсығын фломастермен жасату;
— үлгіге қарай отырып, дене бөліктерін орналастырып, желімдеу ұсынылады;
— балаға көмек көрсетіліп, бағыт беріледі;
— жұмысты аяқтай бастағанда өзі жасаған ойыншықтары туралы білетін өлең, тақпақ немесе жұмбақтарын айтып беруді сұрайды;
—өзі жасаған жұмыстарын бірлесіп талдау жасайды, жақсы жұмыстар мадақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет