Пәні: Түзету- дамыту №22
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Жаңа жылға сыйлығым.Қар ханшайымының әдемі өрнектері.
Сабақтың мақсаты: Бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту. Жіптердің көмегімен белгілі бір бейнені бере білу дағдыларын қалыптастыру. Түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: жіптер, көк түсті гуашь бояу ақ қағаз, әліппе - дәптер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға өлең оқиды. "Суретші қыс". К.Нүсіпов.
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық
Аунап таза ақ қарға.
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір шаңын,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан;
Сурет салып тастады.
Балалардың көңілін терезедегі аяз өрнектеріне аудару, шығарманың мазмұнымен байланыстыра отырып түсіндіру Осындай суреттерді Қар ханшайымы да салғанын айтады. Бүгін біз сиқыршыға айналамыз да осындай әдемі өрнектерді сиқырлы жіптердің көмегімен өзіміз де саламыз. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді:
- алдымен жіпті бояуға тұтас батырып алу шүберекпен артық бояуды сүрту;
- жіптің бір ұшын ұстап, екінші ұшын қағаздың бетіне түсіру қағазды жабу;
- қолмен қағаздың үстінен сипап шығу үстіндегі қағазды алу; Аязды өрнектерге ұқсайтын Қар ханшасының суреттері пайда болады.
Балалардың оз беттерінше жұмыстары.
Жұмыстарының ішінен ең сәтті шыққан жұмыстарды таңдап алады. Балалар жұмыстарын талдау
Түзету- дамыту №25
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: «Алдар көсе» ертегісі. Алдар Көсе мен бай баласы.
Мақсаты: 1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі-аңызбен таныстыру. Мәтінді
түсіне,мәнерлеп оқуды үйрету.
2.Өздігінен жұмыс жасай білуге машықтандыру.
3.Оқушыларды әділ болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:Алдар Көсе суреті
Достарыңызбен бөлісу: |