Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет64/64
Дата19.09.2022
өлшемі158,05 Kb.
#149998
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
туз
Эссе 2
Пәні: Түзету- дамыту №43
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Құрастыру. (Үй құрастыру.)
Мақсаты:
1.Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажетті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету.
2. Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізу барысын түсіндіру, көрсету. Әңгімелеу.
Сабақтың барысы : Мұғалім алдын-ала балаға қала, ауыл суреттерін көрсетіп үй ді салу,бөлмелер жайлы әңгімелеседі. Өз үйі неше қабатты, олардың ерекшелігі жайында айтып береді. Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасайды. Тәрбиеші үйдің әрбір бөліктерін мұқият қарауға үйретіп, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлан деп тапсырма береді. Бір немесе екі қабатты үйлер құрастыруға болады. Олардың ерекшелігі айтылады. Подъездерін, балкондарын қалай орналастыруға болатынын түсіндіріп, көрсетеді. Баланың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Баладан берілген тапсырманы орындау барысын, ретін тиянақтап сұраған соң құрылысты тұрғызуға кіріседі. Бала үйді өзіндегі құрылыс материалдарына сәйкес әр түрлі тұрғызуы мүмкін. Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаға жеке нүсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында баланың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын тұрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, өздігінен шығармашылықпен не қосты — бәрі ескеріледі.
Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, бала өзінің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады.Сабақты қортындылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет