Мақсаты: топтағы оқушылар өздері туралы қысқаша мәлімет береді және көршілері т.б басқалар туралы мәліметтерді тыңдай отырып,еске сақтау.
Ойын шарты: Барлық тыңдаушылар шеңберде тұрып, бір-бірімен танысады. Кезек-кезекпен бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Жауап беріп тұрған оқушы өзінің алдында өздерін таныстырған адамдар туралы айтып, содан кейін көршісі солай жалғастырады. Шеңбердегі адамдар бір-бірін мұқият тыңдау қажет.
ІІ. Жаңа сабақ Бүгінгі сабақ барысында біз №1 негізгі грамматикалық құрылыммен танысамыз. Сіздер сұрақ қою арқылы, сұраққа болымды және болымсыз түрде жауап беруге үйренесіздер. /деепричастие. көсемше/
№1 грамматикалық құрылым.